Бұлт

Аннотация

Оқушы, Тыныштықбай Нұрай «Аспандағы ерекше бұлттар» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізді. Бұл тақырыпты зерттеу барысында өз мүмкінділігінше біршама жұмыстар жасады. Бұлттар  туралы зерттеулер, ізденістер жүргізу арқылы  білді.         №201 орта мектептің 3 «В» сынып оқушысы Тыныштықбай Нұрай дың іздену жұмысына «Аспандағы ерекше бұлттар»  тақырыбы өте қызықты өтті.

Жоспары

Кіріспе:

Аспандағы ерекше бұлттар

Негізгі бөлім:

  1. Аспан әлемін ерекшелігімен таңқалдырған әртүрлі бейнедегі бұлттар.
  2. Бұлттардың түрлері және олардың пайда болуы.

 

Қорытынды:

Мақсаты:

 

 

Мен бұл жұмысты алған себебім, бір күні аспанға қарап отырып, бұлттардың ерекшелігін байқадым. Сол ерекше бұлттарды әр күн сайын қарап бақылау менің әдетіме айналды. Күн айын аспандағы бұлттар әртүрлі бейнеде, құдды сурет сияқты көрінеді. Сол ерекше бейнедегі бұлттарды достарыма таныстырып, көпшілікке насихаттау.

Танымдық қызығушылығымды арттыру,  шығармашылық қабілет пен ақыл – ойымды дамытуға ұмтылдыру.

 

Кіріспе.

Бұлттар көшіп – тарады,

Құшағында  аспанның,

Қар бұрқырап барады,

Тонын  киіп ақпанның.

Терезеге жабысып,

Сырғып түскен ұлпадай

Ой шашырап тарады,

Кілтін ашып, қақпаның.

Жақын келіп жаныма,

Алыс кетті бәрі де,

Өрімдей қыз, жігіт
– ой, Ақ сақалды кәрі де.

Түйгендерім байлауын,

Шешпей кетіп ұзады,

Алай – түлей түтеген

Қыстың еріп – әніне.

Қайрылмайды кеткендер,

Сүйген қыздар секілді,

Тұнжыраған уақытта,

Желдей ұлып – өкірді.

Кете алмаймын – Олармен

Тұрмын қарап бәріне,

Найза байлап намысқа.

 

Бұлттар тропосферадағы су тамшылары немесе мұз кристалдарының көрiнетiн жиынтығы. Олар атмосферада жер бетiнен көтерiлетiн жылы ауаның жоғарыға қарай жылжуына орай өте жоғары ұсталынып тұрады. Егер бұлттар 1-2 км. Биiктiкте түзiлсе, яғни жер бетiне өте жақын орналасса, олар су тамшыларынан тұрады. Ауа температурасы төмен, 7-10 км биiктiкте болса, бұлттар мұз кристалдарынан тұрады.

  Атмосферада тұрақсыз, жер бетiне түсетiн су тамшылары немесе мұз кристалдары жауын-шашын деп аталады. Олар сұйық (жаңбыр, үсiк), қатты (қар, мұзды жаңбыр, бұршақ, қар түйiршiктерi) немесе аралас түрде болады. Ол ауа температурасына байланысты. Кейбiр жауын-шашындар бұлттардан (жаңбыр, қар), ал кейбiреулерi ауадан жаууы мүмкiн (шық, қырау).

    Жер бетi ауаға қарағанда қатты суыса шық пен қырау түзiледi. Ол жер бетiмен жанасып, ауадағы су буы конденсацияланып, шық пен қырау түзiледi.Жаңбыр – бұлттардан түсетiн су тамшылары. Белгiлi жағдайда су тамшылары бұлттарда бiрiгiп, оны үлкейтiп, ауырлатып, атмосферадағы ауа ағынымен ұсталынып тұра алмай, жер бетiне түседi. Қыста бұлттардан қар түйiршiктерi түседi.

Аспандағы бұлттардың әр-түрлі суретті қалыптастыруы мүмкін бе??? Мұндай ерекше құбылыстар қазіргі кезде көп байқала бастады.Анықтап қарасаңыз бәрі де байқалады. Атап айтар болсам:

  1. Кейптаундағы Арыстан басы қайғы-қасiретке ұшатын тәрелке.
    Австралия аумағының Северндердiң үстiнде БҰО(НЛО) бiлдiрген.
    3.  Ноттингемнiң үстiнде ерiн.
    4.  Теннис добын лақтырайын деп жатқан адам.
    5.  Ирландиядағы Бласкеттiң Аралдарының үстiнде бұлттардағы балық.
    6.  Морокканың үстіндегі Акулалар.
    7.  Калифорния қаласындағы Дельфин.
    8.  Мельбурннiң үстiнде жебе, Австралия.
    9.  Компьютердың тышқаны, Жаңа Зеландия.
    10. Ақ қоян
    11. Ит
    12. Аллахтың ескертуі

Бұлттарға анықтама берер болсам ол — атмосферада қалқыған өте ұсақ су буы тамшыларының және мұз кристалдарының жиынтық жүйесі. Ол жер бетінен  2 — 18 км-ге дейінгі биіктікте атмосфераның төмен бөлігінде (тропосфера) құралады. Бұлттар ауа құрамындағы су буының қоюлануы нәтижесінде пайда болады. Бұлттарды құрайтын су түйіршіктерінің және мұз кристалдарының көлемі ұлғайып, олар бұлттардан бөлініп,  атмосферадан  жауын-шашын түрінде (жаңбырқарұлпабұршақ т.б.) жер бетіне түседі. Бұлтты құрайтын тамшылар өте ұсақ, диаметрі бірнеше мкм-ден 200 мкм-ге дейін болады. Бұлттағы сұйық судың құрамы тым аз, Бұлт ауасының 1 м 3-не шаққанда 1 г-ның бірнеше жүздік бөлігінен бірнеше г-ға дейін ғана жетеді. Бұлт ауа массасының ағыны әсерінен қозғалады (ауады). Олар биіктігіне қарай негізгі 4 түрге ажыратылады: жоғары ярустағы (қоңыржай ендіктерде 6 км-ден жоғарыда), ортаңғы ярустағы (6 км-ден 2 км-ге дейін), төменгі ярустағы (2 км-ден төмен) және вертикаль бағытта пайда болатын (асты төмен яруста, үсті жоғары немесе ортаңғы ярустарда) Бұлттар. Олар халықараралық классификацияға сәйкес шарбы (Сі), шарбы-будақты (Сс), шарбы-қабатты (Сs), биік будақты (Ас), биік қабатты (Аs), қабатты-жауынды (Ns), қабатты (St), қабатты-будақты (), будақты (Сu), будақты-жауынды (Сb) болып бөлінеді. Бұлттардың шығу тегін сыртқы пішіні мен ішкі құрылым ерекшеліктері бойынша, сондай-ақ, мөлдірлік көрсеткіші бойынша анықтауға болады. Жоғарғы ярустың шекаралары полярлық ендіктерде 3 — 8 км, қоңыржай ендікте 5 — 13 км, тропикалық ендікте 6 — 18 км аралығында. Тропосферада байқалатын әр түрлі текті Бұлттардан басқа 20 — 30 км және 70 — 80 км биіктікте маржан тәріздес және күміс тәріздес Бұлттар кездеседі. Маржантәріздес Бұлттар сирек кездеседі және тек Солтүстік Еуропа мен Аляскада, күн көкжиектен бірнеше градус жоғары тұрған кезде ғана байқалады. Күміс тәріздес Бұлттар өте жұқа, жұлдыздардың жарығын да әлсіретпейді, олар мезосфераның төменгі бөлігінде 75 — 90 км биіктікте 50 — 250 м/с жылдамдықпен ығысады. Мұндай Бұлттар жанартаулық немесе ғарыштық тозаңнан пайда болған деп болжанады.

Бұлттардың төмендегідей негізгі типтері болады:

  1. шарбы бұлттар— 10 км биіктікте кездеседі, жекелеген жұқа және сирек бұлттар, түрі ақ, шарбы немесе қауырсын тәріздес
  2. будақ бұлттар— 1-2 км биіктікте пайда болады, негізі жайпақ горизонтальды және басы күмбездер не кертпештер тәрізді жеке қалың бұлттар
  3. қатпарлы бұлттар— 1 км-ден аз биіктікте пайда болады, бір беткей бұлтты тұман құрады
  4. найзағайлы немесе будақ-жаңбыр бұлттары — негізі 1-4 км және басы 3-тен 5 км-ге дейін биіктікте болады, тау немесе мұнара тәрізді оте қалық бұлт массалары
  5. жаңбыр бұлттары, немесе қарабұлт 2,5 км биіктікте, түрі — шеттері ыдыраған формасыз массалар тәрізді; олардан ұзақ ақ жауын немесе қар жауады. Осы негізгі бұлттар типтерінің арасында ауыспалы, қатпарлы-будақ, қазбауыр-қатпарлы бұлттар және тағы басқа түрлері бар.

 

 

 

 

Eртегі

Аспанда үлкен түнерген қара бұлт қалқып жүзеді. Асықпай, маңғаздана жылжиды. Жолында кездесетін кішкене бұлттар айналшықтап, алыстай алмай қалса болды, өзіне қосып алады. Сөйтіп, бұрынғыдан да үлкейе түседі.

Осылайша жолында өзі сияқты алып, бұлт кездескенше жайымен қалқи береді. Кенет өзі сияқты алып та көріне қалды.

– Әй, сен сабалақ, аққарын! – деп айқайлады бірінші бұлт. – Кет, жолымнан! Әйтпесе, жұтып жіберемін!

– Сен бе? Мені жұтатын, сұр ботқа! Кет әрі! – деп екінші бұлт айқайлады.

– Ә, солай ма? Тұра тұр! – деп бірінші бұлт келіп, екіншінің бүйірінен теуіп қалды.

– Сенің төбелескің келді ме? – деп екінші бұлт айқайлағанда, ашудан түтігіп кетті.

Кішкене бұлттар бұларға алыстан қарады. Бұл екеуінің шайқасының ақыры не боларын күтті.

«Алыптар» сүзісе түйісіп, бір-бірін соққан кезде көздерінен от шашты. Күн күркіреп, найзағай жарқ-жұрқ етті. Кішкене бұлт қорыққаннан жалт бұрылды.

– Міне, найзағай! Қандай күшті күркіреу! Қазір нөсер болады, – деп шулады олар.

Шынында да, жарқылдаған найзағайдан кейін «алыптардың» көз жасы төгілді. Жауыннан адамдар жан-жаққа тығылып, қолшатырларын ашып, судан қорғанды.

Ал «алыптардың» көз жасы тоқтар емес.

– Қараңдар! Олар еріді! – деп кішкене бұлттар сыбырласады. – Қазір олардан ештеңе қалмайды.

Бір кезде жел тұрып, бұларды жан-жаққа қуып әкетті. Енді олар кішкене ғана болып қалды. Көз жастары кеуіп, жан-жағына қарағанда, олар өздерінің кіп-кішкене болып қалғанын көрді. Ол күні аспанда қалқыған мұндай ұсақ бұлттар көп-ақ еді.

 

Ұсыныс

Аспандағы ерекше бұлттарды зерттей келе мен

мынадай ұсыныс айтқым келеді:

 Бұлттар туралы ертегілер көбірек шықса

және мектеп оқулығына енсе

 Пайдаланған әдебиет

  1. Қазақ Энциклопедиясы II том
  2. Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
  3. Интернет беттерінен.
  4. Дүниетану оқулығы 3 класс

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master