«Әлеуметтік желілер мен блогтұғырларды тиімді қолдану» атты онлайн-курс

«Әлеуметтік желілер мен блогтұғырларды тиімді қолдану» атты онлайн-курс

Корпоративтік блог BlogTIME CORP: «Әлеуметтік желілер мен блогтұғырларды тиімді қолдану» атты онлайн-курс
КУРСТЫҢ АТЫ: «Әлеуметтік желілер мен блогтұғырларды тиімді қолдану»
КУРСТЫҢ МИССИЯСЫ: “Әлеуметтік желілер мен блогтұғырларды сауатты қолданатын орта қалыптастыру және қосымша жұмыспен қамтамасыз ету”.
КУРСТЫҢ КӨРІНІСІ: Курс Blogtime.kz блогтұғырында онлайн түрде өтеді.
КУРСТЫҢ ПОЗИЦИЯСЫ: Қазақстанда әлеуметтік желілер мен блогтұғырды онлайн үйретушілердің альма-матеріне айналу.

КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ:
— Интернет пайдаланушыларға әлеуметтік желіні, блогтұғырды тиімді қолдануды үйрету
— Кәсіби біліктілікті арттыруда әлеуметтік желінің, блогтұғырдың маңыздылығын түсіндіру
— Әлеуметтік желіде уақытты бекер құртпаудың жолдарын көрсету
— Әлеуметтік желідегі пайдаланушының және жеке ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
— Әлеуметтік желіні, блогтұғырды сауатты қолдану арқылы табыс көзіне айналдыру

КУРС КІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН:
— Студенттерге
— Мұғалімдерге
— Журналисттерге
— Маркетологтарға
— Кәсіпкерлерге
— Блогерлерге

КУРСТЫҢ УАҚЫТЫ: 100 адам тіркелген күннен бастап, 10 күн жалғасады.
Сабақ күнделікті сағат 20:00-де сайтқа шығарылады. Үй жұмыстар келесі күні 18:00-ге дейін қабылданады.

КУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ: 100 адам

КУРСТЫҢ ӨТУ ПРОЦЕСІ:
1. Курсқа қатысу үшін Blogtime.kz сайтына тіркеліп, хабарландырудың астына сұраныс қалдыруы керек.
2. Курс онлайн түрде BlogTime блогтұғырында өтеді.
3. Жалпы 10 сабақ, күніне 1 сабақтан болады. Әр сабақ сайын теориялық және практикалық тапсырмалар беріліп тұрады. Тапсырмалардың орындалуына байланысты бағалар қойылып, рейтинг шығарылады.

Корпоративтік блог BlogTIME CORP: «Әлеуметтік желілер мен блогтұғырларды тиімді қолдану» атты онлайн-курс
КУРСТЫ ҮЙРЕТЕТІН ТРЕНЕРЛЕР:
Нұрлан Жанай – 2013 жылғы Фейсбуктағы ашық сауалнама нәтижесінде Қазақстандағы №1 блогер атанған. Қазақша Уикипедияда үздік мақала авторы және әкімші болған. Әлеуметтік желілерде 50-ден астам компаниялардың, жобалардың және іс-шаралардың жарнамасын жасап, халықпен байланысын нығайтқан.
Асхат Садырбай – Республикалық арналарда рейтингі жоғары тележобалардың авторы, продюсері, редакторы, жүргізушісі болған. Twitter (42 000) және Instagram (90 000) әлеуметтік желілерінде ең көп оқырманы бар қазақстандық журналист.
Данияр Тәжімбет – BlogTime блогтұғырының әкімшісі және үздік блогері. Қазақша Уикипедияның әкімшісі және 100-ден астам мақаланың авторы. BusinessNews.kz сайтында 100-ден астам инфографика жасаған.

КУРСТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ:

1. Фотоға дұрыс түсіру және өңдеу

1. Қалай фотоға дұрыс түсіру керек?
2. Портрет түсіру
3. Пейзаж түсіру
4. Стандартты емес жағдайда түсіру
5. Қозғалыстағы нысанды түсіру
6. Макро фото түсіру
7. Бөлме ішінде түсіру
8. Түнде түсіру
9. Селфи жасау
10. Мінсіз фото түсірудің тәсілдері
11. Фото түрлі бағдарламалармен өңдеу жолдары
12. Әлеуметтік желілерде өңдеу

2. Инфографика туралы түсінік және оны жасау жолдары

1. Инфографика деген не?
2. Қалай жасауға болады?
3. Инфографика түрлері
4. Информация қабылдау заңдылықтары
5. Композиция және түрлі түстер
6. Диаграмма мен гистограмма
7. Шрифт пен пиктограмма
8. Инфографика жасауға арналған онлайн қызмет түрлері

3. Блог, блогосфера және блогерлер жайлы түсінік

1. Блог дегеніміз не? Блогтың шығу тарихы туралы
2. Блогер дегеніміз кім? Әлемдегі атақты блогерлер
3. Блог жазу нұсқаулығы: техникалық, мазмұндық
4. Блог жазудың стандарттары
5. Қандай тақырыптарда жазуға болады?
6. Блог жазудың қаржылық және басқа да пайдалары
7. Қазақ блогерлері жайлы
8. Қазақ блогосферасының бүгінгі хал-жағдайы

4. Instagram әлеуметтік желісі жайлы түсінік, оның ерекшеліктері

1. Instagram әлеуметтік желісі жайлы түсінік
2. Instagram әлеуметтік желісіне тіркелу
3. Instagram-ның функциялары
4. Instagram-да суретті өңдейтін қосымшалар
5. Instagram-дағы қазақстандықтардың образы
6. Instagram-да хештегпен жұмыс істеу
7. Instagram-да оқырман жинау және танымал болу
8. Instagram-да қауіпсіздік шаралары

5. YouTube видеохостингімен жұмыс істеу және видео монтаждау

1.YouTube сайтына тіркелу
2. Видео салу
3. Видеоға атау мен таңбалар қою
4. Аннотация мен түсініктемелер
5. Плейлисттер мен бөлімдер
6. YouTube-та қалай видео монтаждауға болады?
7. Тақырыптық видеолар
8. Брендинг жасау
9. Канал трейлері
10. Оқырмандар тарту
11. Тақырыптық каналдардың даму стратегиясы
12. Табыс табу жолдары

6. Twitter әлеуметтік желісі жайлы түсінік, оның ерекшеліктері

1. Twitter әлеуметтік желісі жайлы түсінік
2. Twitter әлеуметтік желісіне тіркелу
3. Twitter-дің функциялары
4. Twitter-де рейтинг, статистика жасайтын сервистер
5. Twitter-дағы қазақстандықтардың образы
6. Twitter-де хештегпен жұмыс істеу
7. Twitter-де оқырман жинау және танымал болу
8. Twitter-дегі қауіпсіздік шаралары

7. Корпоративтік блог ашу және жазу

1. Корпоративтік блогтың мақсаты
2. Корпоративтік блогты жүргізу
3. Өнімнің немесе компанияның блогы
4. Корпоративтік блогты дамыту жолдары

8. Вконтакте әлеуметтік желісінде аккаунт, топ, парақша ашу және жүргізу

1. ВКонтакте әлеуметтік желісі жайлы түсінік
2. ВКонтактеде аккаунт ашу және оны жүргізу
3. ВКонтактеде топ ашу және оны жүргізу
4. ВКонтактеде парақша ашу және оны жүргізу
5. Аккаунт, парақша және топтың ерекшеліктері
6. ВКонтактедегі коммьюнити-менеджмент
7. ВКонтактеде оқырман жинау және танымал болу
8. ВКонтактеде қауіпсіздік шаралары

9. Facebook әлеуметтік желісінде аккаунт, топ, парақша ашу және жүргізу

1. Facebook әлеуметтік желісі жайлы түсінік
2. Facebook аккаунт ашу және оны жүргізу
3. Facebook топ ашу және оны жүргізу
4. Facebook парақша ашу және оны жүргізу
5. Аккаунт, парақша және топтың ерекшеліктері
6. Facebook-тегі коммьюнити-менеджмент
7. Facebook-та оқырман жинау және танымал болу
8. Facebook-тағы қауіпсіздік шаралары

10. Практикалық тапсырмалар мен жаттығулар

КУРСТЫҢ СЕРТИФИКАТЫ: Курсты бітірген соң, 2 түрлі сертификат беріледі.
1) Курсқа қатысқандығы туралы сертификат. Бағасы – 5000 теңге.
2) Курсты сәтті бітіріп, маман болғандығы жайлы сертификат. Бағасы – 20 000 теңге. Маман болған сертификатпен қосымша жұмысқа аламыз.

Осу курсқа қатысқысы келетіндер мына сілмеден өтіп Blogtime.kz сайтында тіркеле алады.

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master