Пирамида

Жамбыл облысы
Кала: Сарысу ауданы, Жанатас каласы
Абдирова Хатира Аманбаевна

Сабақтың тақырыбы:           Пирамида

Сабақтың мақсаты:   Пирамида анықтамасын беру, нәрселерден

Білімділік мақсаты:   пирамиданы көре білуге көз жеткізу.

 

Дамытушылық:          Ойлау, есте сақтау, теориялық білімін практикада

қолдана білу және білім- білік дағдыларын

қалыптастыру.

 

Тәрбиелік:                     Эстетикалық тәрбие беру, адамгершілікке,

ұқыптылыққа, жылдамдыққа, мәдениеттілікке

тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі:             Жаңа сабақты оқыту

Сабақтың әдісі:             Сұрақ – жауап, түсіндірмелі, практикалық.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта

Сабақтың жоспары:      1. Ұйымдастыру

  1.   Үй тапсырмасын тексеру
  2.    Жаңа сабақ
  3.     Жаңа сабақты бекіту
  4.      Есеп шығару
  5.      Үйге тапсырма
  6.        Қорытындылау.

 

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Білімгерлердің сабаққа даярлығын, құрал- жабдықтарының болуын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Ой қозғау» бөлімі бойынша сұрақтарға жауап беру.

  1. Призма сыз, белгіле.
  2. 2. Қандай көпжақ призма деп аталады?
  3. Призманың табандарын көрсетіп жаз.
  4. Призманың бүйір қырларын көрсет.
  5. Призманың дигоналы дегеніміз не?
  6. Призманың биіктігі қалай аталады?
  7. Қандай көпжақ тік және көлбеу призма деп аталады?

 

 

ІІІ. Дұрыс жауабын тауып, сөйлемді аяқта

 

1. Призманың табандары 1. табандар мен бүйір бетінен құралады
2. Сәйкес төбелерді қосатын кесінділер 2. тең
3. Көпжақ 3. параллелограм
4. Призманың беті 4. көпбұрыштар
5. Призманың бүйір беті 5. призманың бүйір қырлары
6. Тік призманың жақтары 6. беті саны шектеулі жазық көпбұрыштардан құралатын дене
7. 7. тік төртбұрыштар
8. 8. параллель жазықтықта жатады

 

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.

Пирамида дегеніміз жазық көпбұрыштан – пирамиданың табанынан, табан жазықтығында жатпайтын нүктеден – пирамиданың төбесінен және пирамиданың төбесін табанының нүктелерімен қосатын барлық кесінділерден құралған көпжақ .  

Аталған көпбұрыш пирамиданың табаны,

ал ортақ төбесі бар үшбұрыштар бүйір жақтары,

бүйір жақтарының бірігуі бүйір беті, бүйір

жақтарының ортақ қабырғалары бүйір қыр-

лары, барлық бүйір қырларының ортақ

төбесі пирамиданың төбесі деп аталады.

АВСДЕ бесбұрышы – пирамиданың табаны, 

АРВ, ВРС, …, ЕРА үшбұрыштары – бүйір жақтары,

РА, РВ, …, РЕ-бүйір қырлары және Р төбесі көрсетілген.

Пирамиданы белгілегенде төбесін бірінші жазады.

Табанының төбелер санына байланысты пирамида үшбұрышты, төртбұрышты және т.с.с болып бөлінеді.

Пирамида төбесінен оның табан жазықтығына түсірілген РО перпендикулярын пирамиданың биіктігі дейді.        

Егер табаны дұрыс көпбұрыш болып төбесінің

проекциясы табанының центріне дәл түссе, онда

пирамида дұрыс пирамида деп аталады.

РАВСD… N  дұрыс n бұрышты пирамида

болсын. Онда анықтама бойынша оның табаны

АВСD … N  дұрыс n бұрыш, ал пирамиданың

Р төбесінің проекциясы табанының центрі

О нүктесіне дәл келеді.

Дұрыс пирамиданың бүйір жағының пирамида  төбесінен түсірілген биіктігі

пирамиданың  апофемасы деп аталады. Мысалы,  РК – дұрыс пирамиданың апофемасы.

Пирамиданың төбесі арқылы өтіп, табанымен қиылысатын жазықтармен қималары үшбұрыштар болып келеді. Бүйір қыры мен табанының диагоналы арқылы өтетін қиманы пирамиданың диагональдық қимасы деп атайды.

Мысалы, DPВ үшбұрышы – диагональдық қима.

 

Қиық пирамида деп пирамиданың табаны мен табан жазықтығына  параллель қима жазықтық  арасындағы бөлігі аталады.

Қиық пирамиданың табандарының қабырғалары қос – қостан параллель, сондықтан оның бүйір жақтары трапециялар болып табылады.

         Бір табанының кез келген нүктесінен екінші табан жазықтығына түсірілген перпендикуляр қиық пирамиданың биіктігі деп аталады.

 

Дұрыс қиық пирамида деп дұрыс пирамиданың табаны мен табан жазықтығына параллель қима  жазықтық арасындағы бөлігі аталады.

         Бүйір жағының биіктігі дұрыс қиық пирамиданың апофемасы деп аталады.

 

 

  1. Есептер шығару.

№ 1 есеп

Пирамиданың табаны – тік төртбұрыш, оның қабырғалары 6 см және 8 см. Оның әрбір қыры 13 см-ге тең. Пирамиданың биіктігін есептеп шығарыңдар.

Берілгені:  – пирамида.

6 см                Шешуі:  үшбұрышынан

8 см                 (см)

13 см                 OS үшбұрышынан

Т/к  SO-?

SO

Жауабы: 12 см

 

 

№2 есеп

Төртбұрышты дұрыс пирамиданың биіктігі 7 см, ал табанының қабырғасы 8 см. Бүйір қырын табыңдар.

 

 

 

 

 

 

        

 

VІ. Жаңа сабақты бекіту.

 

                                           Призма мен пирамиданың

ортақ қасиеттерін

салыстыр

 

                                         Призма                        Пирамида

 

 

VІІ. Білімгерлерді бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: Пирамида. №42 есеп

 

Leave a Comment