Сызбада көріністерді орналастыру

Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп
Тайсарин Рүстем Орынбасарұлы

Сабақтың тақырыбы: Сызбада көріністерді орналастыру
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Негізгі көріністердің орындалу амал-тәсілдерін жан-жақты қарастыру. Көріністер туралы оқушыларға толыққанды мағлұмат беру. Практикада орындау.
ә) Дамытушылық: Елестете отырып көру қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелілік:
Оқушыларды ұқыптылыққа, таза орындауға, жауапкершілікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Сызу пәніне қажетті құрал-жабдықтар.

Сабақтың  түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгеру

Әдіс-тәсілдері: Сызбанұсқалар арқылы түсіндіру
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Жаңа білімді бекіту.
  5. Тапсырмаларды орындау.
  6. Сабақты қорытындылау.
  7. Үйге тапсырма.
  8. Бағалау.
  9. Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпқа кіріп оқушылармен сәлемдесу. Сыныпта, сабақта  жоқ  оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

 

  1. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Көріністер мен оларды салу жолдарын тексеру. Үй тапсырмасын тексеріп бағалау. Қатемен жұмыс.

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Көріністер және оларды салуды біз меңгердік. Осы секілді енді көріністі жан-жақты салуды қалай атаймыз?

Біздің бүгінгі жаңа сабағымыз «негізгі көріністер» заттың фронталь жазықтықтағы проекциясының кескінін «негізгі көрініс»-  деп атайды.Сызбадағы кескіндер нәрсені іші қуыс кубтың жақтарына тік бұрыштап проекциялау нәтижесінде алынады. Нәрсе кубтың ішінде орналастырылған деп қарастырылады. Сондықтан кубтың жақтары үлкен болуы керек. Нәрсе кубтың жағы мен бақылаушының аралығында орналасқан болып есептеледі.

 

 

 

 

Сол кубтың қабырғаларына байланысты болып көріністер проекцияланады. Сол кубтың әр қабырғасына түскен проекциялар «негізгі көріністер» болып саналады. Кубтың алты қабырғасы болатындықтан, біздегі негізгі көріністер саны да алтау болмақ.

 

  1. Жаңа сабақты бекіту.
  • Негізгі көріністерге проекциялаудың қандай қатысы бар?
  • Негізгі көріністер нешеу болады, неше бағытқа бөлінеді?
  • Біз сызбада осы көріністердің нешеуін қолданамыз?

 

 

  1. Сабақты қорытындылау мақсатында тапсырмаларды орындау:

 

 

 

  1. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру

                  

 

 

  1. Үйге тапсырма:

91-суретте көрсетілген нәрсенің көріністерін нұсқамаларды пайдаланбай, проекциялық байланыста сызу.

Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master