Сызық. Тон. Түс.

Гулсайра Бесбаева

Пән: Бейнелеу өнері 5 сынып. Күні:
Тақырыбы: Сызық. Тон. Түс. 
Мақсаты:  Бейнелеу   өнерінің еркшеліктері сызық түрлерімен тон және түс арасындағы байланыстардың орындалу шарттарымен тансытыру, суреттеп салу арқылы үйрету.
Күтілетін нәтиже:   Сызық түрлері:

  1. тік сызықтар.
  2. көлденең сызықтар

3.оң көлбеу сызықтар

  1. сол көлбеу сызықтар
  2. кереге көз сызықтар
  3. доға сызықтар

7.кереге доға сызықтар

8.шеңбер сызықтардың қолану әдістерін меңгереді.

Керекті жабдықтар: Оқулық, нұсқаулық, ресурс, парақтары,жұмыс дәптері, маркер, сурет альбомы, түрлі-түсті бояулар

 

Сабақ кезеңдері                           Мұғалім әрекеті    Оқушы әрекеті
Кіріспе  Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық. «Шынжыр» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.3 минут. Оқушыларды топқа бөлу.

1-топ: «А», 2-топ: «В»,  3-топ:  (С)

Топтағы оқушыларға бағалау парағы беріледі.Үй тапсырмасы: «Кестені толтыру» әдісімен тексеремін.

Мұғаліммен амандасады.Шеңберге түрады.Мұғалімнің әрекетін кезекпен- кезек қайталау арқылы бірлескен жаттығу әрекетін жасайды.
Тұсаукесер  Негізгі түстер -қызыл, сары, көк. Оларды басқа түстер алу үшін  бір-бірімен араластыруға болады, бірақ басқа түстерді араластырып, бұл түстерді алу мүмкін емес.Қосымша түстер– негізгі үш түсті араластыру арқылы алынатын түстер.Сары мен көк түсті араластырғанда, жасыл түс шығады.Сары мен қызылды араластырып, қызылсары, қызыл мен көк түсті араластырып, күлгін түс алуға болады.

Қарама –қарсы түстер– түстер шеңберінде бір-біріне қарама –қарсы орналасқан түстер- қарама қарсы түстер деп аталады.Мыс: жасыл-қызыл, сары-күлгін, көгілдір-қызылсары.

Реңк– түстің қанықтығы мен ашықтығы. Ашық түстерді бояуды көбірек сумен араластырып немесе ақ бояу қоса отырыпалады, ал күңгірт түстерді қара бояу қосу арқылы алуға болады.

Сөздікпен жұмыс жүргізіледі. 7-10 мин.

Топтастыру әдісін  жүргізеді. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.

 

 

 

Аталған сөздерді суреттен көрсету арқылы, өз ойларын дәлелдейді.

Негізгі бөлім 

 

 

 

 

 

Бағалау

 Топтық тапсырма беріледі.Негізгі түстерді қолдану арқылы

«Қазақтың дастарханы» тақырыбына сурет салу

Әр топ өз алдына бірдей тақырыпта орындайды

Бірін-бірі бағалайды .

Кейін критерий арқылы  бағалайды:

Мұғалім әр топты  критерийлермен бағалайды:

Критерий « Сурет жұмысының орындалу техникасы»

Дескриптор Ұпайы
 Суретте тақырып ашылған, бояу үйлесімділігі сақталған 3
 Суреттегі қажеттіліктер орындалған. 2
 Суреттегі қажеттіліктерді  айқындай алды. 1
Түс үйлесімділігін сақтайды.Топта талқылау арқылы ортақ жобаның сызбасын дайындап, пікірлерін білдіреді.
Қорытынды   Бастапқы бағамен критерий арқылы бағалау арасындағы айырмашылықты дәлелдемелермен түсіндіреді.Берілген жұмыстың тақырыбын ашып суреттеу арқылы қорғайды. Оқушылар тапсырманы орындау арқылы, ортақ пікір білдіреді.Топтан бір оқушы қорғайды.
Үйге тапсырма 

 

 

 

1.Жапсырмалау әдісімен «Жемістер» тақырыбына сурет құрастыру.2.Нобайлар салып келу

  1. Спектр тақырыбына түрлі түсті қағаздан

жапсырма құрастыру.

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.Рефлексия.

(Чемодан,жәшік,

ет тартқыш)

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master