Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру әлеуметтік қызметін қалыптастыру сапалы білім кепілі.

 

Алматы облысы

Балқаш ауданы

Топар орта мектебі  МДШО

Мектеп директоры  Жекебазарова Айнур Ынтыққызы

 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру  әлеуметтік қызметін қалыптастыру сапалы білім кепілі.

 

Елбасының тапсырмасы бо­йын­­ша  оқу­шы­лардың функционалдық са­уат­­тылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлт­тық іс-қимыл  жоспар қабылданды. Бұл – Елбасының білім са­ла­сын жаңарту туралы бас­тама­ларын іске асырудағы  ма­ңызды тетіктердің бірі.

Аталған тетіктер Елбасы­ның Қазақстан халқына Жол­дауында, жаңа Мемлекеттік бағ­дарламада, «Жалпыға ортақ Ең­бек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында ай­рық­ша мән беріліп айтылған.Дү­ние­жүзілік экономикалық фо­­рум­­да жарияланған әлем ел­­дерінің бәсекеге қабі­летті рейтингідегі соңғы нә­ти­же­лер­ден байқауға болады.

Әлемдік білім берудің нә­ти­желілігіне қарағанда Қазақ­стан бірден 21 орынға жо­ғары көтерілген. Мұндай өсу еш елде бір жылда болған емес. Демек,  біздің еліміздің Білім және ғылым саласындағы осындай жетістіктеге жетуіміз ұстаздарымыздың өл­­­шеу­­­сіз қа­жы­мас еңбегінің  нәтижесі деп білеміз.Ел Президенті білім са­ла­сына үнемі көңіл бөліп, қамқорлық жасап келеді.  Әсіре­се, соңғы екі жылда болып жат­қан білім саласын жаңарту ісіне назары айрықша болғаны белгілі. Елбасы бастамасымен  өмірге келген «Функционалдық сауаттылық бойынша Ұлттық жоспардың» маңызы ерекше. Оның негізгі мақсаты – оқу­шылардың білімдерін өмір­де тиімді қолдануға үйрету. Со­нымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбе­гейлі өзгертудің негізі болып табылады.

Осы мақ­сатқа қол жет­кізу арқылы Қазақстан оқыту деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер тобына қосылады. «Функция»- сөзі латынның «functio» сөзінен шыққан, қазақша «орындау», «атқару» деген мағынаны білдіреді.

Адам табиғаттың туындысы, ол туындының жеке тұлға ретінде қалыптасуы санасына, қоршаған ортадағы тіршілікпен қатынаста бола  отырып, оны тани білуіне, дүниетанымының дамуына байланысты өрбиді.Баланың психологиялық  қасиеттерінің қалыптасуында оқу-тәрбие үрдісі шешуші рөл атқарады. Жас жеткіншек жеке адам болып қалыптасуы кезінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасап, орта тәрбиесі арқылы белгілі бір мазмұнға ие болады.

«Әлемде  екі қиын іс бар, ол мемлекет басқару және бала тәрбиесі»деген аталы сөз бар, сондай-ақ теориялық мәселелерге сүйенсек , баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады, біріншісі-биологиялық фактор, екіншісі-әлеуметтік орта және үшіншісі-тәрбие дейді.

Бала   тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Осы тұрғыдан алып қарағанда  мектепте де ұрпақ тәрбиесі, келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі өте маңызды, әрі жауапты іс ретінде қаралып, үлкен жауапкершілікті міндеттейді.

Тәрбиеге ең алдымен оның маңыздылығын түсіне  алатындай сапалы көзқарас қажет десек, ол тал бесіктен басталып, мектепте жалғасын табатын, сонымен қатар ,қоғамның барлық саласымен байланыста жүзеге асырылатын қиын да күрделі үрдіс.

 

Мектеп

 

 

қоғам

 

қосымша  білім беру
отбасы

   

 

 

 

 

Функциналдық сауаттылықты дамытуда

-Ғылыми –зерттеушілік жағынан  қамтамасыз ету (мектепті басқару жүйесі,ғылыми-зерттеушілік,сараптамалық -талдамалар, оқушылар мен ата-аналардың рөлін диогностикалау);

— Білім беру мазмұнын жаңарту (мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары функционалдық сауаттылық пен құзыреттілік тәсіліне бағытталған білім беру мазмұнын қамтамасыз ету, оқу жоспары бойынша вариативтілігін,коммуникативті дағдыларын қалыптастырудағы білім алудағы дербестік, ақпарат пен технологияны пайдалана білу, іскерлік пен сыни тұрғыда ойлауды жүзеге асыру;

— Оқу әдістемелік қамтамасыз ету (қазіргі заманғы технологиялар мен ұстанымдарды педагогтердің практикасына енгізіп, жүзеге асыру, мектеп оқушыларын оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ақпараттандыру мен пайдалану деңгейін арттыру )

-Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі(білім нәтижелерін тәуелсіз мониторингтік зерттеулер жүргізу, сыни тұрғыдан бағалау, білім алушылардың өзін-өзі бағалау жүйесі енгізу.)

— Мектептергі  қосымша білім беру жүйесі ,материалдық –техниалық база(мектепті заман талабына сай жабдықтармен жабдықталу,балаларға көркем-эстетикалық,ғылыми-техникалық, экология-биологиялық,туристік-өлкетанушылық,оқу-сауықтыру қосымша білім беру   санын арттыру  және  бағыттар бойынша  білім беру)  осы бағыттары бойынша  құрылып, жүзеге асыру;

Ұлттық жоспардағы  функционалдық сауаттылықты дамытудың  негізгі бағыттарын жүзеге асыруда:

Бірінші– оқы­ту методологиясы мен маз­мұ­нын түбегейлі жаңарту.Ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту керек.(Елбасы Жолдауынан)

Әлемдік тәжірибе не­­гі­зінде елімізде мемлекеттік білім стан­дар­тын жасауға кірісті.   Сондай-ақ, білім мазмұнын да жаңа міндеттерге сәйкес педагогтарды даяр­лау мен біліктілігін арттыру бойынша Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің жанынан ашылған педагогикалық шеберлік орталығында үш айлық курстан , «E-learning» жүйесі бойынша біліктілікті арттыру  курсынан өту жоспарланып,мұғалімдер біліктілігін арттыруда. Оқытудың жаңа технологияларын енгі­зу,  оқу және жазу арқылы дамыта оқыту мен сыни тұрғыда ойлау технологияларының бағдарламаларын іске асыру мұғалімдерді  қайта даярлау маңызы зор . Барлық білім жү­йе­сі­не «Кембридж университетімен» бірлесіп әзірленген оқу бағ­дарламалары, жоспарлар мен әдістемелер енгізу. Елбасы Жолдауда  «Бізге оқыту әдістемелерін жаңарту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек» делінген

Бар­лық оқулықтарға талдау жа­салынуда, бағдарламада бел­гі­лен­ген,  жеке тұлғаға бағытталған оқы­туды қамтамасыз ете­тін жаңа форматтағы оқу­лықтар­­ды әзірлеу қажет.

Екінші бағыт  оқу нә­ти­же­ле­рін бағалау жүйесін жа­ңар­ту. Яғни, функционалдық сауат­тылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бо­йынша оқу жетістіктерін ба­ға­­лаудың жаңа тәсілдерін бір­тін­деп мектеп өміріне енгізу. Қазіргі біз қолданып отыр­ған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға бо­ла­тыны нақты анықталмаған.  Білім саласындағы ең өзекті мә­селенің бірі– функциональдық сауаттылықты дамытуда оқу­шы­лардың жетістіктерін мо­ни­то­рингтеу мен кешенді ба­ға­лау. Оларда ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі.

Ұлттық жүйеден – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бі­рың­ғай тестілеу мәселесі.  2012- 2015 жылдада PISA,  TIMSS және PIRLS сияқты ха­лықаралық зерттеулер өтеді.

Функциональдық сауат­ты­лықты дамытудың үшінші  бағыты  – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың бел­сенді қатысуы. Осы әдістеменің негізінде мектепте ата-аналарға арналған «Отбасы –тәрбие бастауы» семинары және тренингтер,сауалнамалар алынады. Педагогикалық білім жүйесінде отбасылық тәрбиенің озық тәжірибесін тарату, әкелер мен аналарды мектептің, сыныптың тәрбиелік қызметіне тарту жұмыстары бойынша  «Мектеп пен отбасы бірлігі, болашақ ұрпақ тірлігі» атты апталық өткізілді.Білім беруді жаңғырту қазіргі кездегі оқу-тәрбие процесін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын , заңды құрметтеуін қалыптастыруына бағыттайды.Бұл құндылықтар қазіргі тәрбие жұмысының негізі. Өз бойымызда және балаларымыздың бойында Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. (Жолдаудан) «Жаңа Қазақстандық патриотизм» тақырыбында мектепте онкүндік  өткізілді..

.Төртінші бағыт – қосым­ша білім беру жүйесін да­мы­ту. Ұлттық жоспарда оқушы­лар сарайы, музыка мектеп­­тері, жас техниктер мен на­туралис­тер  жұмыс­­­та­рын түбегейлі өзгер­­ту қа­рас­­­тырылған. Еліміз тари­хын­­да алғаш рет аталған ұйым­­дардың материалдық-тех­­ни­калық базасы жа­ңар­ты­ла­тын болады. Мектепте ғылыми-техникалық, экология-биологиялық, көркем-эстетикалық, туристік-өлкетанушылық, оқу –сауықтандыру бойынша қосымша білім беру қарастырылған.Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулуда  биология пәнінің мұғалімі Г.Такибаева оқушысы А.Комунарова  «Экологиялық аймақтар», қазақ тілі пәнінен А. Башанова «Тастағы жазулардың ерекшеліктері» , ағылшын тілі пәнінен Д.Кертай ғылми жұмыстар жазып қорғады.Оқу-сауықтыру бойынша Көкшетау қаласындағы «Бурабай» оқу-сауықтыру орталығына  Тоқтасын Ақкербез барды. Текелідегі «Эдельвес» сауықтыру орталығында 6 оқушы демалды. Мектептің материалдық-техникалық базасы жылдан жылға жақсаруда,спорттық құрал –жабдықтармен,компьютермен  қамтамасыз етілді.. Балаларға арналған танымдық журналдарына жазылу, мекпете «ziyatker»ғ ылыми-танымдық сайт құру,.оқушыларды телебағдарламаларға қатыстыру сияқты жұмыстар  жоспарланған.

Осылардың бәрі –  тұлғаның кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына мүмкіндік береді.  Оқушылардың бойын­да шығармашылық жә­не ин­новациялық қыз­мет­ке деген  қажеттілікті қа­лып­тастыруға ықпал етеді.

Жалпы  айтқанда Ұлттық  жос­­пар­ды іске асыру оқушы­­лардың бойында фун­к­цио­нал­­­дық сауаттылықты қалып­­­тастыруды қамтамасыз ете­ді. Бұл – шығармашылық пен ин­новацияға деген қы­зы­ғу­шы­лықты арттырады. Елі­міз­дің Президенті Н.Назар­баев ерекше көңіл бөліп отыр­ған  білім мен еңбек қызметін меңгеруге жаңа мотивацияны тудырады.  Осылайша, әлемдік тренд пен білімге сәйкес келетін мектептің жаңа моделінің  негіздерінің бірі қа­лып­тасатын болады.          Адам табиғаттың туындысы, ол туындының жеке тұлға ретінде қалыптасуы санасына, қоршаған ортадағы тіршілікпен қатынаста бола  отырып, оны тани білуіне, дүниетанымының дамуына байланысты өрбиді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баланың психологиялық  қасиеттерінің қалыптасуында оқу-тәрбие үрдісі шешуші рөл атқарады. Жас жеткіншек жеке адам болып қалыптасуы кезінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасап, орта тәрбиесі арқылы белгілі бір мазмұнға ие болады.

«Әлемде  екі қиын іс бар, ол мемлекет басқару және бала тәрбиесі»деген аталы сөз бар, сондай-ақ теориялық мәселелерге сүйенсек , баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады, біріншісі-биологиялық фактор, екіншісі-әлеуметтік орта және үшіншісі-тәрбие» дейді.

Бала   тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Осы тұрғыдан алып қарағанда  мектепте де ұрпақ тәрбиесі, келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі өте маңызды, әрі жауапты іс ретінде қаралып, үлкен жауапкершілікті міндеттейді.

Тәрбиеге ең алдымен оның маңыздылығын түсіне  алатындай сапалы көзқарас қажет десек, ол тал бесіктен басталып, мектепте жалғасын табатын, сонымен қатар ,қоғамның барлық саласымен байланыста жүзеге асырылатын қиын да күрделі үрдіс.

Осы  үрдісті  жүзеге  асыру барысында ең  алдымен  мектепте берілетін тәрбие ауданда мына сызба негізінде  жүргізілуде.

 

Мектеп

 

 

 

 

 

 

Жалпы  білім беретін  мектептегі тәрбиемен қатар қосымша білім беру арқылы да баланың жеке тұлғалық әлеуетін қалыптастыру және дамыту жұмыстары жүзеге асырылады.

Қосымша  білім беру мекемелерінде  тұлғаның қызығушылығын, қабілетін сондай-ақ, шығармашылық әлеуетін ескеруде негізгі білім беру сапасы жақсарады. Мұнымен қоса қосымша білім беретін мектеппен тығыз байланыста болу арқылы бірін-бірі толықтырып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жас ұрпақ тәрбиесіндегі халқымыздың бағы бір ерекше қасиеті- отбасындағы әр баланың өз бойындағы жеке қабілеттерін байқап, сол  қасиеттерін әрі  қарай  дамытып,  шыңдаған .Мәселен, ақылды, ойлы, сөз ұғатын болса, ел адамы етуді көздеп, жақсыларға  қосқан, ән-күйге бейім  болса сал-серілерге, ал қолынан іс келетін  болса, қолөнер шеберлеріне қосқан. Тәрбиенің  бұл  түрінің  жасөспірімнің  болашақ  өмір жолын дұрыс таңдауына  зор ықпалы бар екенін қазіргі ата-аналар  да ескере  отырып

ата-аналармен  ынтымақтастықта  жұмыс  жасауы  тәрбиені  табысты  етері сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаға тәрбие беруде ата- ана  тәрбиесінің орны бөлек  екендігін баса айта отырып, «Отан отбасынан басталады», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Баланы- бастан» деген  аталы сөздеріміздің  мән- мағынасын былайша түсіндіруімізге болады, ата- ана ақпарат бере отырып, тәрбиелі дамытады, қалыптастырады, тұрмыстық жағдайын жасайды, қорғайды, суықтырады, бақылайды және де сынып жетекшісімен байланыс жасайды.

«Ел  болам десең, бесігіңді түзе» деген М.Әуезовтің аталы сөзі ең алдымен ата-ана, ұстаз және қоғамға арнап айтылғандай.Ертеңгі  ел болашағы білім ошағында  қалыптасады десекте, сапалы білім мен саналы тәрбиеге қосымша бағыт-бағдар, қоғамдық ықпалдың қажеттігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Өйткені күн өткен сайын жас ұрпақтың талғамы өзгеріп, қоғаммен  бірге ілгері дамып келеді. Осыған сәйкес жасөспірім талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас келетін тәрбие жүйесін құру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәдениет сарайы

 

 

Ақсақалдар  алқасы

 

Аудандық  әр сала бойынша басқару ұйымдары (ауыл шаруашылық ,қаржы, денсаулық ,білім)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік  ұйымдардың бірі аудан әкімшілігімен бірлесе отырып оқушылардың отбасылық әлеуметтік  жағдайлары есепке  алынған. Ішкі істер органдары қызметкерлері де түрлі тақырыптармен мектеппен тығыз байланыста.

Мәдениет үйімен  бірлесіп өткізілген облыстық «Мөлдір бұлақ»  отбасылық байқауын жанданған жұмыстың бір ғана мысалы ретінде айтуымызға болады. Бұл байқауда  Желтораңғы ауылының  Бейсекбаевтар отбасы қатысып, бағалы сыйлықпен марапатталды.

Аудандық жастар ұйымы «Болашақ жастар қолында», «Жарқын болашақ» тақырыптарындағы  акция, форумдарын бірлесіп өткізуде.

Қазіргі таңда жастарымыздың имандылық жолына қарай бет бұруы қуантарлық жайт. Ендеше  бұл орайда аудан орталықтарында, ауылдық жерлерде мешіттердің ашылуы, оларда имандылық сабақтарының өткізілуі басты себеп.

Мектептердің  тәрбие жұмысының дұрыс жүруіне ақсақалдар алқасы, әжелер алқасы бейресми ұйымдарының әсері де өте мол.  Көпті көрген көнекөз қарияларымыз бен ақжаулықты аналарымыз мектепте өткізілетін кездесулерге, дөңгелек үстелдерге қатысып білген, түйгендерін ортаға салады.

Ата- аналар «Ашық есік» күндерінде  оқушылардың сабақтары мен тәрбие сағаттарына қатысады.

Жастарға  тәрбие  бере жүріп өзімізді де  тәрбиелейміз, тәрбиеленеміз. Жүріс-тұрысымыз, киген киіміміз, мінез-құлқымыз, сөйлеген сөзімізге дейін- бәрі тәрбие берерліктей болу керек. Барлық  үлгі өнеге  өзіміздің болмысымыздан табылуы тиіс. Жастарға үлкендердің  құрғақ сөзінен гөрі нақты іс-әрекеті үлкен әсер ететіні сөзсіз.

Сондықтан, ұрпақ тәрбиесіндегі әлеуметтік орталар (институттар) ынтымақтастығын көп қырлы және табысты ету бүгінгі  күннің өзекті мәселесі.

Ал, енді  көнеден келе жатқан «Қыран-түлегіне  қайтпас қанат сыйлайды,  ұстаз-шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды»,-деген даналық сөзіндей, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншылықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан тұлғаны қалыптастыруда  Елбасының биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» жолдауын басты ұрандай ұстансақ  артық болмас, өйткені болашақ тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиесі мектеп, ата-ана мен қоғамның  басты  міндеті.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *