Кесіндіге тиісті және тиісті емес нүктелер

ОҚО,Созақ ауданы,Сүгір Әліұлы атындағы орта мектептің мұғалімі Набат Молдабекова

Cабақтың тақырыбы: Кесіндіге тиісті және тиісті емес нүктелер

Сабақтың мақсаты:

1.Кесіндіге тиісті және тиісті емес туралы пікір қалыптастыру.  Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері туралы білім – білік дағдыларын кеңейту. Фигураның ауданын периметрін, көлемін табуды еске түсіріп, білімдерін тиянақтау.Үш таңбалы санға көбейту және бөлу дағдыларын нығайту.  Әртүрлі есептер шығару түрлерін жетілдіру.

  1. Есеп шығару барысында оқушылардың міндетті және шығармашылық ойлау қабілеттері, іскерлік білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту.
  2. Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа және мәдениеттілікке баулу.

Ұлы Отан соғысы туралы шолу жасай отыра тарихымызды  оқып-үйренуге, қастерлеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: графопроектор, видеороликтер, слайдтар, суреттер.

Сабақтың түрі:  жаңа білімді игерту, кіріктірілген шолу сабақ (Ұлы Жеңістің 70 жылдығына), ақпаратты технология.

Сабақтың әдіс- тәсілі: сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндіру, шығармашылық және топтық  жұмыс.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүние тану, ән- әуез, орыс тілі.

  Сабақты ұйымдастыру формасы  Мұғалімнің  іс-әрекеті  Оқушының іс-әрекеті

 

 

І

Ұйымдастыру формасы  а)Оқушыларды түгендеу,сабаққа әзірлеу.ә) «Тілек» жаттығуын ұйымдастыра отырып, сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.

        Психологиялық дайындық.

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман!

Бәріміз алақанымыздан жылу сезіндік,енді  бірімізге біріміз жылы лебіз тілейік.

Бүгінгі  сабағымыз  Ұлы Отан соғысындағы қаза тапқан Қазақстандық батырларымыздың рухына арналатындықтан,сынып оқушыларын «1,9,4,5» санын таңдап алу арқылы төрт топқа бөлемін.

Кіріспе айтамын.

  «Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандық батырлар» бейнеролигі көрсетіледі.

б)Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар бір-бірлеріне сәттіліктер тілейді.

1-топ-ақылды болайық.

2-топ-тату болайық.

3-топ-білімді болайық.

4-топ-дарынды болайық.

 

 

1 саны – «Бауыржан»

9 саны – «Мәншүк»

4 саны – «Төлеген»

5 саны – «Әлия» болып орын ауысып отырады.

 

Топ басшысы сайланады.

ІІ Тірек білімдерін жетілдіру 

 

Ойшақыру

Ауызша есептеулер.  Слайд.№1.Есептемей-ақ, бөліндінің мәнінде неше цифр болатынын анықтау.

Бөлінгіш 10 395 2 112 845 386 7552
Бөлгіш 27 44 32 236
Бөліндінің мәніндегі цифрлар саны
Оқушылар ойланып жауаптарын айтады.
ІІІ Жаңа сабақ  Мағынаны тану.Слайдтар.  Кесіндіге тиісті және тиісті емес нүктелер туралы пікір қалыптастыру.

С               I

  • H D

а)Берілген фигураларды қандай топтарға бөлуге болады?

 

Нүктелерді қандай топтарға бөлуге болады?

ә) АВ,ОК, СД кесінділерімен тиісті барлық нүктелерді жазып шық

б) ОМ кесіндісіне тиісті емес нүктелерді жазу

.             •F

S           T              M          •N        •G

 

Слайд.  «Ж а с  қазақ» әнінің  шығу  тарихын айтып өтемін. Видеоролик көрсетіледі.

 

№3.  а) Ұзындығы – 7 2 м м

Е н і  одан – 17 мм  қысқа?

P – ?

S -?

72 – 17 =  55 мм

P – 72*2 + 55 * 2 = 254 мм

S – 72 * 55 = 3960 мм

ә) 4 бөлікке бөледі. Төртбұрыштар.

 

 
№4. Топтық жұмыстар.

2 574 ∙ 512 =  1 317 888                  3 671 ∙ 235  =  862 685                          35 721 : 63 =  567                                                    281 820 : 385 = 732 4 488 : 264  =  732                            20 834:22 = 947        4 206 ∙ 214  = 900084                       25 954 :  683 =  38

№5.

Кесте  б о й ы н ш а  ө р н е к те  р   қ ұ р а с т ы р ы п ж а з у.    ә)

Қосылғыш 1 254*31 12 428 : 26 855 : 285 25 899
Қосылғыш 25 250 25 108 11 *265 90 052-680

 

№6. Топтық жұмыстар.

І-ІІ Топқа. а) Ақауы бар су шүмегінен ең аз тамшылағанның өзінде бір тәулік ішінде 150 л ауыз суын жоғалтамыз. 672 сағ ішінде неше литр су пайдаланылмай, ысырап болады?

1тәул- 150л су

6720 сағ – ? л су

1тәул-24 сағ

(672:24)* 150 =  4200 л су

ІІІ-ІV топқа.

ә) Қоршаған ортаға16 автокөлік тәулігіне 320 кг улы газ шығарады.Егер автокөліктердің әрқайсысы бірдей мөлшерде газ шығаратын болса, онда 53 автокөлік тәулігіне неше килограмм улы газ шығарады?

16 автокөлік – 320 кг газ

1 авто.-?

53 автокөлік-?

(320:16)*53 = 1060 кг улы газ. = 1 т 60 кг

 

 

 

Оқушылардың жауаптары

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өз топтарымен  біріге отырып жұмыс жасайды.

 

 

 

 

Жеке және топтық жұмыстар жүргізеді.

ІV Сергіту сәті Математикалық фокус.Бір сан ойла,оған 6-ны қос, қосындыдан 2-ні азайт және одан ойластырған санды азайт, нәтижесіне 1-ді қос.

5 шықты ма?

Оқушылардың жауаптары
V Ойтолғаныс Постер.    «Топтың атын қорғау»Осы кезде «День Победы» әні қосылып тұрады. Әр топ өз атын қорғайды.
 

ТексеруБағалау

Үйге тапсырма

Рефлексия

 

Оқушылардың  тапсырмаларын тексеріп, талдау.Жұлдызшалар  арқылы бағалау

№7  және №8 тапсырма (түсіндіремін)

Оқушыларға стикерлер тарату.

 

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.Оқушылар өз пікірлерін жазады.

Leave a Comment