Дені саудың – жаны сау

Қарағанды облысы
Шахтинск қаласы
Танабаев Сакен Нуркешевич
Сабақтың тақырыбы: Дені саудың – жаны сау

Cабақтың тақырыбы: Дені саудың – жаны сау

Сабақтың мақсаты: білімділік: өткен материалдарын  қайталай отырып, біріккен сөздерді дұрыс қолдануға үйрету; дамытушылық:  сұрақ-жауап  бойынша еркін сөйлетіп, өткен материалдарды қайталап, оларды айтқызып тіл дамыту,  ойлау қабілеттерін меңгеру; тәрбиелік: сыйлық туралы әңгімелеп айту,  мәтін арқылы адамгершілікке, сауаттыққа баулу.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Кім кезекші? Бүгінгі күн туралы әңгімелеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

Сөздерді жатқа сұрау.

 

ұлттық – национальный

ептілік – ловкость

жылдамдық – скорость

күшті – сильный

баулиды – прививает

мықты – сильный

қатысады – учавствует


3 – тапсырма. Сөздік кітабыңды пайдаланып, мәтінді қазақ тіліне аудар.

АУДАРЫСПАК

Борьба на лошадях – одна из самых напряженных и зрелищных национальных казахских игр. Побеждает тот из всадников, кто сможет побороть своего противника и стащить его с коня. В этом состязании джигитам требуется проявить не только исключительную физическую силу и волю к победе, но и ловкость, умение удержаться в седле в самых сложных ситуациях.

 

ІІІ. Жаңа сабақ:

Сөздік

Не істеп жатыр – что делает                   таныс – знакомый

1 – тапсырма. Сурет бойынша  «Дені саудың – жаны сау» тақырыбына әңгіме құра.

2 – тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. Гимнаст, футболшы, жүзуші.

 

  1. 1 – суреттегі кім?
  2. Ол не істеп жатыр?
  3. Ол не үшін тартылады?
  4. 2 – суреттегі кім?
  5. Ол не істеп жүр?
  6. Футболды не үшін ойнайды?
  7. 3 – суреттегі кім?
  8. Ол не істеп жүр?
  9. Ол не үшін жүзіп жүр?
  10. Спорт денсаулыққа пайдалы ма?
  11. Спортпен шұғылданбайтын таныстарың бар ма?
  12. Олардың денсаулығы қандай?
  13. Спортпен шұғылданатын таныстарың бар ма?
  14. Олардың денсаулықтары қандай?

 

 

3 – тапсырма. Берген жауаптарыңдағы сөйлемдерден етістіктерді теріп жазып, оларды райларға ажырат.

 

жүзу, тартылу, шұғылдану.

Үлгі:  Ашық рай                 Бұйрық  рай          Шартты рай            Қалау рай

Жарысады                   жарыс                  жарысса            жарысқым келеді

Жарысты

Жарысып жүр

 

Бекіту:  – Дені саудың – жаны сау туралы жалпы сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту?

  • Етістіктің райлары туралы не білдің? Не білгің келеді? Жасалу жолдары. Мысалы  арқылы бекіту.

 

Үйге тапсырма: Шақыру, келу етістіктерді райларда жазу.

Ашық рай Қалау рай Шартты рай Бұйрық рай
жекеше
Мен жүрдім Менің жүргім келеді Мен жүрсем Мен жүрейін
Сен жүрдің Сенің жүргің келеді Сен жүрсең Сен жүр
Сіз жүрдіңіз Сіздің жүргіңіз келеді Сіз жүрсеңіз Сіз жүріңіз
Ол жүрді Оның жүргісі келеді Ол жүрсе Ол жүрсін
Көпше
Біз жүрдік Біздің жүргіміз келеді Біз жүрсеміз Біз жүрейік
Сендер жүрдіңдер Сендердің жүргілерің келеді Сендер жүрсеңдер Сендер жүріңдер
Сіздер жүрдіңіздер Сіздердің жүргілеріңіз келеді Сіздер жүрсеңіздер Сіздер жүріңіздер
Олар жүрді Олардың жүргілері келеді Олар жүрсе Олар жүрсін

 

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master