Геометриялық денелер және олардың проекциялары

АҚСАЙ ҚАЛАСЫ №6 ЖОББМ»

Сызу пәні мұғалімі: А.И.Беркенова

Математика пәні мұғалімі: А.К.Тулеуова 

Сабақтың тақырыбы: «Геометриялық денелер және олардың проекциялары»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Геометриялық денелерді өзіне тән ерекшеліктерін ажырата отырып, геометриялық пішінін талдай білуге  үйрету.

Тәрбиелік: Оқушының ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыра отырып, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыға политехникалық білім берумен қатар шығармашылық қабілетті, өз ойын тиянақты жеткізуге дамыту, өздік білім алуға ұмтылдыру.

Сабақ түрі: Геометрия пәнімен кіріктірілген сабақ.

        Құрал жабдықтары: формат А4, сызба құралдары;

        Пәнаралық байланыс: геометрия, сурет, информатика,  технология.

        Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, сызба макеттері, тест сұрақтары, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Сыныпты 3 топқа бөлу.

ІІ.Өткен тақырыптарға шолу.

№3-12 слайд. Берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту.

№13-18 слайд. Геометриялық фигуралар.

Геометрия пәнінен таныс геометриялық фигураларды еске түсіру, анықтама бер.

№19-22 слайд. Жаңа сабаққа кіріспе.

Сендер геометриялық денелердің кескіндерін көріп тұрсыңдар. Олардың әрқайсысының пішінінде  өзіне тән белгілер бар. Сол белгілері бойынша біз цилиндрді конустан, ал конусты пирамидадан ажыратамыз. Осы денелердің көпшілігі сіздерге таныс. Мысалы, «куб» дегенде көз алдымызға оның пішінін ойша елестете аламыз. «Шар» десек, тағы да біздің санамызда белгілі бір дененің бейнесі елестейді.

Өзімізді қоршаған айналадағы нәрселерге зер салып қарасақ, олардың пішіндері геометриялық денелер немесе олардың біріккен түрлері болуы мүмкін.

Затты ойша геометриялық денелердің құрамдас бөліктеріне мүшелеп бөлуді  геометриялық пішінді талдау деп атайды.

Мағынаны тану.  ЖИГСО әдісі. Сыныпты геометриялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөліп аламын.

Мәтінмен жұмыс. Әр топқа берілген геометриялық денелер туралы мәліметтермен танысады.

Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға топқа берілген мәтінді жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті келесі топ оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.

№ 23 слайд. Электрондық оқулықтан геометриялық денелер мен олардың проекцияларын тұрғызуға байланысты мәліметпен танысу.

ІV. Ой толғаныс. № 24 слайд. Қорытындылау.

  1. №25 слайд. Өзіндік жұмыс

Жетіспейтін көріністі тұрғызу.

1- топ –а;  2- топ –в; 3- топ –с;

VІ. Бағалау.

Сабаққа қатысқан оқушылар бағаланады.

VІІ. Үйге берілген тапсырма түсіндіріледі. 

Геометриялық денелер тақырыбын оқу. Келесі сабаққа А4 форматы қағазын, қайшы, желім алып келу ескертіледі.

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master