«Желбіре, Жеңіс жалауы» мерекелік іс-шара

IMG_6191   «Желбіре,  Жеңіс жалауы» мерекелік іс-шара

Ұлы Жеңіске -70 жыл толу қарсаныңда №1 орта мектебіңде  «Желбіре,  Жеңіс жалауы» атты мерекелік іс-шара өтті. Кешке  Ұлы Отан соғысының ардагері Маджар Павел Денисович,  тыл ардагері Каримова Галина Шафиковна , Ауған соғысының ардагері Бұхарбаев Бекен Сламғалиұлы қатысып,  сұрапыл соғыс кезінде бастан кешкен оқиғалары жайында әңгіме өрбітті. Бүгінгі жеңіс күні –адамзат аңсап күткен күн.  1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал, 9 мамыр күні бұрын-соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді. Бүгін сол Ұлы Жеңіске қарумен, қаhармандығмен ат салысқан майдангерлер салтанатты кешіміздің құрметті қонағы болуда.  Бүгінгі мерекеге мектебіміздің дарынды, талантты оқушылары өздерінің өнер жолдарын арнайды. Тәрбиелік іс-шара, оқу – тәрбие ісінің орынбасары Бакеева Салтанат Каманқызының басқаруымен және   8 г сыныбы мен сынып жетекшісі Абдрахманова Алмагул Хамаридденқызының жауапкершілігімен өткізілді. Мерекелік іс-шарада соғыстың басталуы сахналық қойылым, бейне роликтер, ардагерлер ерлігінен слайдтар көрсетілді. Кешке сондай-ақ, мектебіміздің аға тәлімгері Бұзауова Алау, музыка пәні мұғалімі Ерімбетова Жазира, сонымен қатар, 2в, 6в, 8г, 3 сынып оқушылары атсалысты.

Мереке соңында, мектеп басшысы Досанов Абдрахман Мұханбетжанұлы сөз сөйлеп, ардагерлерге ерен еліктері жайында жылы лебізін білдіріп, сыйлықтармен марапаттады.

Осындай іс-шаралар, өскелең ұрпақтың шығармашылық іскерліктерін қалыптастыруға,  Отан сүйгіштікке, адамгершілікке негізделген, адамдық қасиеті жоғары патриот тәрбиелеуге, ой-өрістерін кеңейтуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыруға, оқушыларды ізденімпаздық, жан-жақтылық дағдыларын қалыптастыруға жетелейді деген ойдамын. Мен, ата-ана ретінде Абдрахманова Алмагул мұғалімнің жетекшілігімен өткізілген , осындай тәрбиелік мәні бар бірнеше іс-шаралардың  куәгерімін. Алдағы уақытта да, Алмагул мұғалімге шығармашылық табыс, мол бақыт, оқушыларының және ата-аналарының жылы ықыласына бөлене беруіне тілектеспіз.

Жазған: Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

№1 орта мектебінің 8 «Г» сынып ата-аналары

Leave a Comment