Кешегіден бүгінім қандай?

bЖантаев  Берлікбай   Әбішұлы        

 Жамбыл облысы Шу ауданы

Т. Рысқұлов  атындағы орта мектеп
Кешегіден  бүгінім  қандай?

 

Адамда  жақсы  қасиеттер   болмаса, оған  атақ та,

байлық та,  бақ та  қонбайды.

Жүсіп  Баласағұни

ХХІ-ғасыр  – білімді  ұрпақтың  жаңашылдардың  ғасыры.  Қарап  отырсақ,  жылдап,  айлап  емес,  күн   санап  жаңарулар  мен  жаңа  туындылар  жарық  көріп  жатқанына  куә  болып  отырмыз.  Ендеше  өзім  сияқты  білім  ошағын  басқарып  отырған, біздің тренеріміздің сүйікті сөздері бойынша, «мүйізі  қарағайдай»  әріптестеріме  жаңашылдыққа  жаны  құмар  болғаны  дұрыс  тәрізді.

Ескі  дәстүрлі  кезеңнің  сара  жолында  «өгіз  аяңмен», «шабан  үйрек» болып  жолдан  шықсаң  адасатындай  күй  кештік.  Адаспайтын  жол – жаңару, түбегейлі  өзгеруге  апаратын  жол.

Білімімізді  жетілдіретін, біліктілікті  көтеретін бұл  оқу  курсы  мені  бірінші  күннен  селт  еткізді. Олай  дейтінім,  көп   жылдық  мұғалімдік  тәжірбиемде  талай  білімін  жетілдіру  курстарында  оқыдым. Дәл  осындай  қыруар  қаржы  бөліп, Батыстың  ең  үздік  үлгісімен  заманауи  озық  алдыңғы  қатарлы  технологияларымен  оқытуы   маған  қатты  әсер   етті,  ой  салды, елең  еткізді.

Таразылай  келе  ой  түйгенім,  осының  бәрі,  біріншіден,  еліміздің  егемендігінің  арқасы  шығар, екіншіден,  экономикамыздың  жетістігі  болар,  үшіншіден,  жоғарыда  елін  ойлаған  азаматтардың  бар   екендігі: олардың  батысқа  бет  бұруды  жөн  деп  тапқанында  шығар.

Абай  атамыз  «Сен де  бір   кірпіш. Дүниеге  кетігін  тап та,  бар –  қалан!» демекші,  әлем  өзгеріп  жатса,  маған  неге  өзгермеске?  Тіпті күні кеше  ноутбуктің  түймесін  басып,  киносын  көре  алмай  жүруші  едім, бүгінде  біраз  тетіктерін  үйреніп, үлкен  өзгеріске  ұшырағандаймын.    Ия,  өзгергенім   байқалады, енді  осы  шабытпен  барып  ұжымымды  өзгертсем,  үлкен  өзгеріс    болар  еді  деп  ойлаймын.

Қорыта  келе  кешегі  күніммен  бүгінгімді   салыстырып,  өзгергеннің  үстіне  өзгере  берсем  деймін. Оған  да,  әрине,  қасиет  керек  болар.

Осы педогогикалық шеберлік орталығынан кәсіби біліктілігін арттырып шыққан әрбір мектеп басшысы ертең өз ұжымдарына оралып , қаншама жанның ойына қозғау салып,жүрегіне жол табады.

Ия,әрбір басшы өзі ғана өзгермей бүкіл оқушыларын, ата-аналарында жаңашылдыққа бастап өзгертіп жатса, онда нұр үстіне нұр болған болар еді.

 

Leave a Comment