Қазақстан Республикасы судьялардың конституциялық құқықтық мәртебесі.

Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен политехникалық колледжі
Серикбаева Рахат Айдарбаевна
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы судьялардың конституциялық құқықтық мәртебесі.

Сабақтың тақырыбы:  Қазақстан Республикасы судьялардың конституциялық құқықтық мәртебесі.

 

Сабақтың мақсаты: білімділігі: Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету,Заң

алдындағы жауапкершілікті арттыру,ұйымшылдық пен

тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу,саяси

сауаттылыққа баулу;Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге

үйрету;

                                     дамытушылығы: Оқушылардың ойлау,тыңдау,өз ойларын еркін

жеткізе алу мәдениетін дамыту,шығармашылық қабілеттерін

шыңдау;

 тәрбиелігі: Оқушылар бойында демократиялық көз-қарас

 қалыптастыру;құқықтық нормативтік актілерді орындай,құрметтей

білуге үйрету,адамгершілікке,елжандылыққа,құқықтық

сауаттылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпалар, ҚР Конституциясы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ(сайыс )

Сабақтың барысы:

 

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Студенттер екі топқа бөлінеді:

1топ: «Әділет»

2топ:«Ақиқат»

 

а) Үй жұмысы: «Қазақстан Республикасының сот жүйесі»

ә) «Кім жылдам?»

І топ сұрақтары:

  1. Сот билігі кімнің атынан жүзеге асырылады? (Республика)
  2. ҚР сот жүйесін қандай соттар құрайды? (Жоғары сот және жергелікті соттар облыстық және оларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық) соттар құрайды)
  3. Сот жүйесінің буындары? (Жоғары сот және жергелікті соттар)
  4. Аудандық соттар нелерден тұрады? (Төрағалардан және аудандық соттардан)
  5. Жоғарғы сот нелерден тұрады? (Төрағадан және алқа төрағасынан және тұрақты судьялардан)

6.Жоғарғы сот төрағасын кім сайлайды?   (Президент ұсынушы сенат)

7.Сот жүйесінің ең жоғары буыны? (ҚР Жоғарғы соты)

 

ІІ топ сұрақтары:

1.Жоғары сот судьяларының жалпы санын кім белгілейді? (ҚР Президенті)

  1. Жоғары соттың органдары? (Қадағалау алқасы, Азаматтар істері жөніндегі алқа, Соттың жалпы отырысы)
  2. Қандай соттар құруға жол берілмейді? (Төтенше және арнаулы сот)
  3. Жоғары соттың жанынан қандай орган құрылады? (Ғылыми конституциялық кеңес және басқа орган )
  4. Сот жүйесімен судьялардың мәртебесі тұрған заң қашан қабылданды? (2000 жылы 25 желтоқсан)

6.Сот төрелігін кім жүзеге асырады?  (Сот)

  1. ҚР сот жүйесінің қандай соттар құрайды? (Жоғарғы және жергілікті сот )

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ Қазақстан Республикасы судьялардың конституциялық құқықтық мәртебесі бойынша.

а) «Ойға шақыру».

 

ә) Жаңа сабақ түсіндіру.

Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi.Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен судьяға сот төрелiгiн жүзеге асыру жөнiндегi өкiлеттiктер берiледi, ол өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайды және сот билiгiн жүргiзушi болып табылады.Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгiленедi.

Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен мiндеттердi жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртiбiн сақтау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгiзуге болмайды.

Судьялар қызметке Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады және тұрақты негiзде өкiлеттiктерге ие болады.Судьяның өкiлеттiгi тек қана осы Конституциялық заңда көзделген негiздер мен тәртiп бойынша тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкiн.

Судьяның тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады.

Судьялар сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.

Ешкiмнiң сот төрелiгiн жүзеге асыру iсiне араласуға және судья мен алқа заседателiне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады.

Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот iстерiнiң мәнi жөнiнде қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес. Кеңесу бөлмесiнiң құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етiлуге тиiс.

Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi.

 

Судьяның тәуелсiздiгi:

1) сот төрелiгiн жүзеге асырудың заңда көзделген рәсiмiмен;

2) судьяның сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне араласқаны үшiн, сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандық үшiн заңда жауаптылық белгiлеумен;

3) судьяға ешкiмнiң тиiспеуiмен;

4) Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген судьяны қызметке сайлау, тағайындау, судьяның өкiлеттiгiн тоқтату және тоқтата тұру тәртiбiмен, судьяның орнынан түсу құқығымен;

5) судьяларға мемлекет есебiнен олардың мәртебесiне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтiк қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым салу арқылы қамтамасыз етiледi.

Судьялар, олардың отбасы мүшелерi мен мүлкi мемлекеттiң қорғауында болады.

Егер судьядан тиiстi өтiнiш түссе, iшкi iстер органдары судья мен оның отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн, оларға тиесiлi мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге уақтылы және түпкiлiктi шаралар қабылдауға мiндеттi.

Судьяға және оның мүлкiне кәсiптiк қызметiне байланысты келтiрiлген зиян республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен өтеледi.

Судьяны, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiнсiз, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында белгiленген жағдайда, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келiсiмiнсiз оны қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьяға тиiспеушiлiк оның жеке басына, меншiгiне, ол тұратын тұрғын үй және қызметтiк үй-жайларға, ол пайдаланатын жеке және қызметтiк көлiк құралдарына, оған тиесiлi құжаттарға, багажына және өзге де мүлiктерiне тиiспеушiлiктi қамтиды.

Судьяға қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ғана қозғай алады. Судьяға қатысты арнайы жедел-iздестiру iс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

Судьяға Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiппен куәлiк берiледi.

Судья:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға, судьяның антына адал болуға;

2) сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi өзiнiң конституциялық мiндетiн орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын сақтауға және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына, әдiлдiгiне, объективтiлiгi мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға;

3) сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне және сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметке заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұруға;

4) судьялар кеңесiнiң құпиясын сақтауға мiндеттi.

Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.

Судьялар партияларға, кәсiптiк одақтарға кiре алмайды, қандай да бiр саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуiне болмайды.

  1. Аудандық соттың судьясы болып:

жиырма бес жасқа толған;

жоғары заң бiлiмi бар, еңбек жолы мiнсiз және заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар;

Әдiлет бiлiктiлiк алқасында немесе мамандандырылған магистратурада бiлiктiлiк емтиханын тапсырған;

медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқтығын растаған;

сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пiкiрiн алған Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкiн. Мамандандырылған магистратураны оқып бiтiрген адамдарға тағылымдамадан өту талап етiлмейдi.

  1. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде он жыл жұмыс стажы бар, оның iшiнде, әдетте, кемiнде бес жыл судья болған азамат облыстық соттың судьясы бола алады.
  2. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде он бес жыл жұмыс стажы бар, оның iшiнде, әдетте, кемiнде он жыл судья болған азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.
  3. Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарты мен тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеде айқындалады.

Судья лауазымына кандидаттың судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқтығын растау үшiн оған медициналық куәландыру жүргiзiледi. Судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiретiн аурулардың тiзбесi жергiлiктi соттарды ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның бiрлескен нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

Судья қызметiне кандидаттарға тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, қай нәсiлге және ұлтқа жататындығына, жынысына, саяси көзқарасына, дiни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан тең құқық қамтамасыз етiледi.

  1. Аудандық соттың судьясы қызметiнiң бос орнына кандидат iрiктеудi осы Конституциялық заңның 29-бабының 1-тармағының талаптарына сай келетiн адамдар, сондай-ақ судья қызметiнiң бос орнына орналасуға өтiнiш берген, қызмет iстеп жүрген судьялардың арасынан конкурстық негiзде Әдiлет бiлiктiлiк алқасы жүзеге асырады.

Аудандық сот төрағасы лауазымының бос орнына кандидатураларды Жоғарғы Сот Төрағасы тиiстi облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын ескере отырып енгiзген ұсыныс бойынша Әдiлет бiлiктiлiк алқасы қарайды.

Әдiлет бiлiктiлiк алқасы аудандық сот төрағасы немесе судьясы қызметiнiң бос орнына кандидатты Әдiлет министрiне ұсынады, ол заңда белгiленген тәртiппен оны қызметке тағайындау үшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады.

  1. Облыстық сот судьясы қызметiне кандидат iрiктеудi бос қызмет орнында жұмыс iстеуге өтiнiш берген және осы Конституциялық заңның 29-бабының 2-тармағының талаптарына сай келетiн адамдар арасынан конкурстық негiзде Жоғары Сот Кеңесi жүзеге асырады.

Жоғары Сот Кеңесi конкурстың қорытындысы бойынша облыстық соттың судьясы қызметiнiң бос орнына кандидатты қызметке тағайындау үшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады.

  1. Облыстық сот төрағасы және оның алқасының төрағасы қызметiнiң бос орнына кандидатураны Жоғарғы Сот Төрағасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын ескере отырып енгiзген ұсыныс бойынша Жоғары Сот Кеңесi қарайды.

Жоғары Сот Кеңесi облыстық сот төрағасы және оның алқасының төрағасы қызметiнiң бос орнына кандидатты қызметке тағайындау үшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады.

  1. Жоғарғы Сот алқасының төрағасы және судьясы қызметiнiң бос орнына кандидатураны Жоғарғы Соттың Төрағасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын ескере отырып енгiзген ұсыныс бойынша Жоғары Сот Кеңесi қарайды.

Жоғарғы Сот Төрағасы қызметiне кандидатураны Жоғары Сот Кеңесi қарайды.

Жоғары Сот Кеңесi Жоғарғы Соттың Төрағасы, алқа төрағасы және судьясы қызметiнiң бос орнына кандидатураны Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына ұсынуы үшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.

  1. Облыстық соттың судьясын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
  2. Аудандық соттың судьясын Әдiлет министрiнiң Әдiлет бiлiктiлiк алқасының кепiлдемесiне негiзделген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
  3. Жоғарғы Соттың Төрағасы мен осы соттың алқаларының төрағаларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуы бойынша тиiстi қызметтерге бес жыл мерзiмге Сенат сайлайды.
  4. Облыстық соттардың төрағалары мен алқаларының төрағаларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге тағайындайды.
  5. Аудандық соттардың төрағаларын Әдiлет бiлiктiлiк алқасының кепiлдемесiне негiзделген Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге тағайындайды.
  6. Жоғарғы Соттың Төрағасы мен алқаларының төрағалары, облыстық соттың төрағасы мен алқаларының төрағалары, аудандық соттың төрағасы өкiлеттiк мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн, егер олар бұрынғы қызметтерiне немесе басқа соттағы осындай қызметке тиiсiнше қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған болса, тиiстi соттың судьясы өкiлеттiгiн жүзеге асыруды жалғастырады.

Тиiстi сотта судьялардың бос орны болмаған жағдайда осындай лауазымға қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған төраға мен алқа төрағасы олардың келiсiмiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған соттың судьясы лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.

  1. Сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде осы соттың судьялары олардың келiсiмiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған соттың судьясы лауазымына тағайындауға конкурссыз ұсынылуы мүмкiн.

Судья лауазымына алғаш рет сайланған немесе тағайындалған адам мынадай мазмұнда ант бередi:

“Өз мiндеттерiмдi адал және абыройлы атқаруға, сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретiндегi борышым мiндеттегендей бейтарап және әдiл болуға салтанатты түрде ант етемiн”.

  1. Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары мен судьялары Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының отырысында ант бередi.
  2. Облыстық соттардың төрағалары Жоғарғы Соттың жалпы отырысында ант бередi.
  3. Облыстық соттар алқаларының төрағалары мен судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары тиiстi облыстық соттардың жалпы отырысында ант бередi.

. Судьяның өкiлеттiгi, егер:

1) судья Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе мәслихатының депутаттығына кандидат болып тiркелсе;

2) судья заңды күшiне енген сот шешiмiмен хабарсыз кеткен деп танылса;

3) судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берiлсе;

3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша судья өкiлеттiктерiн тоқтату қажеттiгi туралы судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмi болса;

4) басқа жұмысқа ауысса, тоқтатыла тұрады.

  1. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұруды:

Жоғарғы Соттың Төрағасына қатысты – Қазақстан Республикасының Президентi;

Республиканың қалған барлық судьяларына қатысты – Жоғарғы Сот Төрағасы жүзеге асырады.

  1. Егер судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға негiз болған мән-жай жойылса, судьяның өкiлеттiгi қалпына келтiрiледi.

. Судьяның өкiлеттiгi мынадай негiздерде:

1) судья орнынан түскенде;

1-1) судья өз тiлегi бойынша қызметiнен босағанда;

2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсiптiк мiндеттерiн одан әрi атқаруға кедергi болатын денсаулық жағдайы бойынша;

3) судьяны iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенде;

4) осы судьяға қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енгенде;

5) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда;

6) судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмi заңды күшiне енген жағдайда;

7) судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және ол басқа жұмысқа ауысқан жағдайда;

8) соттың таратылуына немесе өкiлеттiк мерзiмiнiң өтуiне байланысты, егер судья басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келiсiмiн бермесе;

9) Сот жюриiнiң қорытындысы бойынша;

10) зейнеткерлiк жасқа толғанда тоқтатылады.

  1. Судьяның өкiлеттiгi судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының судьяны тәртiптiк терiс қылықтар жасағаны немесе осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетiлген талаптарды орындамағаны үшiн қызметiнен босату қажеттiгi туралы шешiмiне байланысты тоқтатылуы мүмкiн.
  2. Сот төрағасының не алқа төрағасының өкiлеттiктерi олар осы Конституциялық заңның 9, 14, 15, 20, 21 және 28-баптарында көрсетiлген талаптарды орындамаған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
  3. Судьяны қызметтен босату туралы шешiм:

1) Жоғарғы Соттың Төрағасы, алқа төрағалары мен судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуы бойынша – Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысымен;

2) облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттың төрағасы мен судьясына қатысты – Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен қабылданады.

  1. Судьяны қызметiнен босату сонымен бiр мезгiлде тиiстi соттың төрағасы немесе алқа төрағасы өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына әкеп соғады.

Тиiстi соттың төрағасын немесе алқа төрағасын өкiлеттiк мерзiмiнiң өтуiне байланысты қызметтен босату оларды осы соттың судьясы қызметiнен босатуға әкеп соқпайды.

  1. Осы баптың 1-тармағының 3)-7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда, судьялық қызметтен босатуға және судьяның өкiлеттiгiн тоқтатуға Жоғары Сот Кеңесiнiң немесе Әдiлет бiлiктiлiк алқасының ұсыныстары талап етiлмейдi

 

. Еңбек жолы мiнсiз және кемiнде он бес жыл судьялық жұмыс стажы бар судьяның өзiнiң судья атағын, судьялар қоғамдастығында болуын, жеке басына тиiспеушiлiк кепiлдiгiн және осы Конституциялық заңда көзделген өзге де материалдық және әлеуметтiк кепiлдiктерiн сақтай отырып, судьялық өкiлеттiктерiн тоқтатуының ерекше нысаны орнынан түсу деп танылады.

Судьяны орнынан түсу нысанында қызметiнен босату осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 1-1), 2), 8) және 10) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша жүзеге асырылады.

  1. Судья орнынан түскен кезде судьялық жұмыс стажы жиырма және одан да көп жыл болса, жиырма төрт айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде, судьялық жұмыс стажы он бестен жиырма жылға дейiн болса, он сегiз айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде оның соңғы лауазымы бойынша бiржолғы шығу жәрдемақысы төленедi.
  2. Судьяның орнынан түсуi:

кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiргенде, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетiн қызметке тұрғанда;

ол қылмыс жасағанда немесе сот билiгiнiң беделiне нұқсан келтiретiн терiс қылық жасағанда;

өз тiлегi бойынша;

Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда;

ол қайтыс болғанда немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенде тоқтатылады.

  1. Судья орнынан түсуi тоқтатылған жағдайда жеке басына тиiспеушiлiк кепiлдiгiнен және осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепiлдiктерден айырылады.

 

ІҮ. Тапсырмалар орындау.

 

а) Сиқырлы қоржын.

 

І топ тапсырмасы. Кестені толтырыңдар.

 

Сұрақтар Судья
1 Кім судья бола алады?
2 Судья қандай жұмыс атқара алмайды?
3 Судья нені сақтауға міндетті?
4 Судьяларды кім қорғайды?
5 Судья қай кезде тәртіптік жауапкершілікке тартылады?

 

 

 

ІІ топ тапсырмасы. Кестені толтырыңдар.

 

 

 

 

 

 

1)ҚР сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы заңы қашан қабылданды?

2)Судьяның тәуелсіздігі немен қорғалады?

3)Аудандық соттың судья жасы неше жастан бастап?

4)Соттың төрағалары  антты қай жерде қабылдайды?

5)Соттағы судьялардың мәртебесі қандай?

 

 

 

 

б) «Құқықтық диктант». (оқушылар дәптеріне жаза отырады)

І топ:

………………….. тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады. Қазақстан Республикасының барлық соттары ………………………………..мәртебесi бiрдей. Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының ……………………………….., осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгiленедi. Судьялар сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен …………………………………………. ғана бағынады.

ІІ топ: Ешкiмнiң сот төрелiгiн жүзеге асыру iсiне араласуға және судья мен алқа заседателiне қандай да болмасын ықпал етуге ………………………жоқ. Мұндай әрекеттер …………………………..қудаланады. Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi мөлшерде …………………………………….бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген ұсынуы бойынша …………………………….. сайлайды.

Ү. Сабақты бекіту.

«Біз неге құқылымыз?» ойыны.

  1. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
  2. Құқық немен қорғалады? (Заңмен)
  3. Адам құқығының қорғалуы қай жерде, қай жылы бастау алды? (1789жылы Францияда)
  4. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады? (БҰҰ)
  5. БҰҰ-ның мақсаты не? (Әлемде бейбітшілікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау)
  6. Қазақстан БҰҰ-на қай жылы мүше болып кірді. (1992жылы 2 наурыз.)
  7. БҰҰ адам құқығына байланысты қандай халықаралық шарттар қабылдады? (Бала құқығы туралы Конвенция)
  8. Бала болып кімдер саналады? (18 жасқа толмағандар бала болып саналады.)
  9. Құқық туралы заңдарды қай орган шығарады? (Парламент)

 

ҮІ. Үйге тапсырма беру: «Судьялардың мәртебесі туралы»ҚР заң баптарын жаттау,судьялардың мәртебесі туралы эссе жазу.

 

ҮІІ. Оқушыларды бағалау.

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master