ХХ ғасырдың аяғындағы Шығыс Қазақстан өңірінің әлеуметтік-демографиялық дамуы

shТемирханова Шынар Мухтархановна

ХХ ғасырдың аяғындағы Шығыс Қазақстан өңірінің  әлеуметтік-демографиялық дамуы
Кез-келген елдің демографиялық дамуы сол елдің халқының тарихын көрсетеді. Халық – мемлекеттің негізгі байлығы және өндіргіш күштері. Халықтың саны, оның жас-жыныстық құрылымы, ұлттық құрамы, білім деңгейі және кәсібі туралы нақты деректерді пайдаланбай, кез-келген мемлекет өзінің демографиялық, экономикалық, тіпті саяси бағдарламасын дұрыс анықтай алмайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Ойланып жүргізілген демографиялық саясат, біріншіден, халықаралық нормаға қайшы келмейді, екіншіден, жедел даму стр
атегиясы жүзеге асқан жағдайда жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғап, шетел жұмысшыларының республикаға келуін шектейді»,- деп атап өтті.
Демографиялық саясат Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Демографиялық даму ел экономикасының өсуіне, оның қорғаныс қабілетін нығайтуға және мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей ықпал жасайды. Қоғамдық жүйенің экономикалық-саяси, әлеуметтік-демографиялық және өзге де құбылыстары мен процестері өзара байланысты және негізделген. Демографиялық ахуал экономикаға, саясатқа, әлеуметтік өмірге, ұлтаралық қарым-қатынасқа және т.б. тікелей әсер етеді. Қоғамның бір саласының проб
лемасын бағаламау мен қадағаламау әлеуметтік жүйенің құлауына әкелуі мүмкін. Сондықтан да, мемлекеттің ішкі саясат мәселелеріне қатысты тактикалық және стратегиялық мәселелерін анықтауда демографиялық жағдайды дұрыс талдау және ғылыми болжамдар жасау өте маңызды. Қазіргі таңда демографиялық саясат саласындағы проблемаларды шешу өзектілігімен ерекшеленуде. Өкінішке орай, орындалуына практикалық нәтижелері мен осы салада теоретикалық жобалары жасалса да көрінген жоқ. Қазақстанның халқының қалыптасу өзгешеліктері мен дамуын ескеретін, демографиялық тоқыраудан шығатын жолды анықтайтын жолдарды табу қажет. Келешекте бұл еліміздің дамуы мен кемелденуіне ықпалдасатын демографиялық проблемаларды шешу мен демографиялық ахуалды сауықтыруға мүмкіндік береді.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының жоғары дамыған өндіріс өңірлерінің бірі болып қалыптасты. 90-жылдар басында халық шаруашылығы кешені құрылымында облыстағы өнеркәсіп саласының үлес салмағы – 62 пайыз, ауыл шаруашылығы – 4 пайыз, транспорт – 6,9 пайыз, құрылыс – 4,5 пайыз, қызмет көрсету саласы – 12,8 пайыз және басқа салалар – 9,8 пайыз құраған. Облыс өнеркәсіптері 90-жылдары барлық сала бойынша өндірістің құлдырауы, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі, өндірістік күштерді пайдалануды шектеу, экономикалық байланыстардың үзілуі, негізгі қорлардың ескіруі секілді жағымсыз факторларға ие болды.
Халықтың тіршілік деңгейі – аса маңызды әлеуметтік санаттардың бірі болып табылады. Халықтың тіршілік деңгейіне халықтың қажетті материалдық игіліктер және қызметтермен қамтамасыз етілуі, оларды нақтылы тұтыну деңгейі және осы игіліктер мен қызметтердегі тиімді қажеттіліктерге қанағаттану жәрежесі жатады.
Тіршілік деңгейінің көзіне ақша табысының негізгі көрсеткіштері, оларды пайдаланудың негізгі бағыттары, құрамы мен көлемі туралы сипаттайтын мәліметтер халықтың ақша табысын бөліп саралауды сипаттайтын көрсеткіштер әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштері.
Табыс ұғымына жеке меншікті пайдалану немесе экономикалық қызметтердің әртүрлі түрлерінің нәтижесінде еңбектің төлемақысы ретінде алынатын материалдық игіліктер мен қызметтер түріндегі немесе ақшалай түрде келіп түсетін барлық түрдегі кірістердің, сонымен қатар ақысыз әлеуметтік көмек, жәрдемақы, үстеме ақы мен жеңілдіктердің барлық соммасы жатады.
1999 жылға қарай Шығыс Қазақстан облысы халқының нақтылы ақша қаражаты 5 есеге өсті, бірақ бұл көрсеткіш республикалық ақша қаражатының көрсеткішінен төмен еді. Санақ мәліметтері бойынша 1999 жылдың өзінен бастап, облыс бойынша кірістер 4036 теңге, ал орташа республикалық кірістер шамасы 3408 теңгені құрады.
Халықтың табыс деңгейін анықтау барысында тек қана олардың нақтылы ақша табысының шамасын ғана бағалау емес, сонымен қатар жұртшылықтың тұтыну мүмкіншілігінің сандық өлшемін де бағалау маңызды болып табылады. Халықтың табыс көзін ең төменгі өмір сүру деңгейінің шамасымен салыстыру барысында, халықтың негізгі физиологиялық мұқтаждықтарға қанағаттану мүмкіншілігін көрсетті.
Облыс орталығында тіршілігі орташа халықтың ақша табысының көзі ең төменгі өмір сүру деңгейінің шамасынан артық, Курчатов және Риддер қалаларында облыстың жалпы деңгейінен ,1-3,7 есеге көп. Шемонаиха және Зырян аудандарында халықтың ақша табысының деңгейі ең төменгі өмір сүру деңгейінен – 2,2 есеге, ал Семей қаласында – 2,3 есеге, Бородулиха ауданында – 2,2 есеге, Глубокий ауданында – 2,1 есеге артты. Тарбағатай және Қатонқарағай аудандарындағы халықтың әрбіреуінің нақтылы ақша табысының деңгейі ең төменгі өмір сүру деңгейінен 29-38,8 пайызға дейін артып түсті.
Зерттелу кезеңінде облыс бойынша еңбекақы деңгейін саралау сақталды. Санақ мәліметтері бойынша, 1997 жылы облыстың орта деңгейіне жеткен жоқ (9200 теңге), оның ішінде Үржар, Абай, Қатонқарағай және Бесқарағай аудандарында 9000 теңгеден де артқан жоқ.
1995 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысындағы еңбекақы мөлшері республикалық деңгеймен бірдей болып қала берді, ал 1996 жылдан бастап еңбекақы мөлшері республикалық көрсеткіштен біраз ғана мөлшерде ұлғайды, 2000 жылдан бастап қайта төмендеуі байқалды. Егер 1997 жылы еңбекақы деңгейі бойынша Шығыс Қазақстан Қазақстанның басқа да аймақтарының ішінде 5 орында тұрды.
Тіршілігі орташа халықтың ақша табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінің шамасынан артып түсуі, аймақтағы экономикалық жағдайға байланысты халықтың тұтынушылығы да артып, еңбекақы мөлшері де орныға бастауына байланысты, бұл жағдай халықтың өмір сүру сапасын анықтаудың қолайлы көрсеткіші болып табылады.
Аймақ тұрғысынан алғанда халықты еңбекпен қамту әр түрлі болды. Аудандардың тең жартысында еңбекпен қамту деңгейі 10,2 пайызды құраған, облыстағы көрсеткіштен төмен болды. Аягөз, Глубокое, Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандарындағы еңбек нарығындағы жағдай өте қиын еді. Бұл аудандарда еңбекпен қамту орталығына өтініш білдіргендердің жұмыспен қамтылуы 2,7 пайыздан – 6,2 пайызды құрады.
Қазақстан Республикасында демографиялық жағдайдың нашарлауына бірнеше факторлар әсер етті. Алдымен, КСРО ыдырағаннан кейін қалыптасқан күрделі әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрғындар арасында туу көрсеткішінің азайып, өлімнің көбеюіне, сөйтіп табиғи өсімнің кемуіне әсер етті. Екіншіден, халық санының азаюына 1992 жылы басталған Қазақстаннан өзге ұлт өкілдерінің жаппай өз тарихи отандарына көшуі себеп болғаны белгілі. Көші-қон үрдісі нәтижесінде механикалық өсімнің болмауы 1989 жылғы Бүкілодақтық, 1999 жылғы республикалық тұрғындар санын азайтты. Халық саны, әсіресе, елдің өндірісі дамыған аймақтарынан Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарынан халықтың шетелге көшіп кеткенінен азайды. Демографиялық жағдайдың нашарлауының негізгі себептерінің бірі тұрғындардың медиандық жасының ұлғайып, геронтологиялық қартаюы. Ел құрылымындағы 60 пен одан да жоғары жастағылардың (9,23%-тен 10,74% дейін) көбеюі осының дәлелі.
Әр елдегі шынайы демографиялық жағдайды басты үш демографиялық процесс анықтайды, бұлар: туу деңгейі, өлім-жітім, миграция. Олардың әрқайсысында демографиялық және демографиялық емес мүдделер қайшылығы көрініс табуда және ол әр елде қалай, қандай уақыт көлемінде шешіледі, бұл олардағы демографиялық даму мен оның ақырғы нәтижесіне байланысты.
Халық санының өсуі негізінен екі жағдайға: табиғи өсім (туылғандар мен қайтыс болғандар санының айырмашылығы) және механикалық өсімге (көшіп келгендер мен көшіп кеткендер санының айырмашылығына) байланысты. Тұрғындардың табиғи өсімі – адам ұрпағының үздіксіз алмасуы. Ұрпақтардың алмасуы – адамдардың өмірге келуі және өлімі нәтижесі.
Қазақстанда алғашқы санақ 1897 жылы өткізілді. Қазақстанда санақ өткізу реттілігі он жылда бір рет өткізу тәртібін қарастырады. Осындай реттілікті БҰҰ ұсынған. Ресей Федерациясы аумағында да осындай реттілік қолданылады, ал кейбір елдерде санақ рәсімі әр 5 жыл сайын өткізіледі.
КСРО ыдырап, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін күрделі демографиялық өзгерістер мен көші-қон толқындары қалыптасты. Бұл кезеңде Шығыс Қазақстан облысы халқының демографиялық дамуы өзгеріске ұшырады. Әрине, тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттағы Шығыс Қазақстан облысының демографиялық хал-ахуалына талдау жасау үшін, кеңестік дәуірде жүргізілген Бүкілодақтық санақ қорытындыларына көз жүгіртіп, салыстыру, зерделеу қажет.
Шығыс Қазақстан облысы республиканың шығысында орналасқан, 1932 жылы құрылды. 1997 жылғы әкімшілік-территориялық реформадан кейін Шығыс Қазақстан облысы мен Семей облыстары біріктірілді. Облыстың қазіргі аумағы – 283,3 мың шаршы шақырым болды, ол республика территориясының 10,4%-ын құрады. Көлемі жағынан облыс республика бойынша Қарағанды (428,0 км.) және Ақтөбе (300,6 км.) облысынан кейін үшінші орында.Облыс аумағы жоғарғы Ертіс бассейнінде орналасқан, Оңтүстігінде Қытаймен және Алматы облысымен, солтүстік-шығысында – Ресеймен, батысында – Қарағанды және Павлодар облыстарымен шектеседі.
Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының саны жағынан Қазақстанда салыстырмалы түрде алғанда 1989 жылы екінші орында болса, 1999 жылы үшінші орынға түсті.
1999 жылғы санақ мәліметі бойынша облыста халық тығыздығы әрбір шаршы шақырымға 6,2 адамнан келіп республикалық орташа көрсеткіштен жоғары болса, 1999 жылы халық тығыздығы 5,4 адамға төмендеп, республикалық көрсеткішпен теңесті. Облыс халық тығыздығы жағынан республика бойынша 14 облыс арасында 7-орында.
1991 жылғы мәлімет бойынша облыс тұрғындарының саны (1999 жылғы территорияда) 1773,3 мың адам болса, оның 854,3 мыңы ер адамдар (48,2%), 919,0 әйелдер (51,8%) болды. Осы жылы облыс тұрғындары республика халқының 10,9% -ін берді.
1999 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында тұрғындардың саны 1532,5 мың адам, оның ішінде 732,9 мың ер адамдар (47,8%), 800,0 мың (52,2%) әйел адамдар болды. Облыс тұрғындары 1999 жылы республика халқының 10,2 пайызын құрады.
1991-1999 жылдар аралығындағы он жыл ішінде облыс халқы 240,8 мың адамға немесе 13,5%–ға кеміді. Оның ішінде ер адамдар (121,4 мың адам) 14,2%-ға, әйелдер (119,0 мың адам) 12,9%-ға азайды. Облыс халқы 1992 жылдан бастап бірінші рет азая бастады. Шығыс Қазақстан облысы халық санының кемуі жағынан республика бойынша бесінші орында болды.
Халықтың қоныстануы – күрделі әлеуметтік-экономикалық үрдіс, сондықтан, халықтар географиясымен қатар оны демография, социология, этнография және басқа да ғылымдар зерттейді. Соның ішінде әлеуметтік география үшін халықтың таралуы мен қоныстануын табиғи ортамен байланысты қарастыру маңызды.
Халықтың қоныстануының басты заңдылығы – қоныстану формасының экономиканың даму деңгейі мен ерекшеліктеріне сәйкес келуі. Нақты бір елдегі халықтың қоныстану үрдісінің дамуы ірі үш топқа бөлінетін факторлар тұтастығымен анықталады: 1) әлеуметтік-экономикалық факторлар; 2) табиғи факторлар; 3) демографиялық факторлар.
Қоныстану саясатын дұрыс таңдап анықтау республиканың аумақтық құрылымдарында өндіргіш күштерді тиімді орналастыруды ғана емес, сонымен қатар сыртқы факторларды есепке алу, яғни шетелдік еңбек күшін жұмылдыруды да қамтиды. Қоныстандырудың басты мақсаты – экономикалық белсенді халықты еңбек ресурстары ретінде өндіріс салаларында тиімді пайдалану және жаңа өндіріс орындарын орналастыруда оларды есепке ала білу.
Қазақстандағы этнодемографиялық қоныстану ерекшеліктеріне тарихи және географиялық аймақтық-экономикалық ерекшеліктер тән. Атап айтқанда, кейбір аймақтарда халықтың тығыз қоныстануы демографиялық үрдістердің де жоғарғы көрсеткіштерімен қатар сипатталса, өзге аймақта сирек қоныстану мен демографиялық төменгі көрсеткіштермен сипатталу байқалады. Бұл қоныстандыру саясатын жүргізудегі алғашқы мәселенің бірі.
Әркелкі этнодемографиялық таралып орналасу аумағы үлкен, алайда сирек қоныстанған мемлекеттің жағдайын қиындатуы мүмкін. Шекара маңы мемлекеттерінің қоныстануындағы қазіргі кездегі геосаяси жағдайларын (координаттарын) ескеру қажет. Қазақстан территориясының сирек қоныстануы ұлттық қауіпсіздік мәселесінің өзектілігін арттырады. Қазақстанға Орталық Азия мемлекеттерінің миграциялық экспансиясы Қазақстанның ұлттық, лингвистикалық, діни, қылмыстық және геосаяси қақтығыстар қаупін жоғарылатуы әбден ықтимал. Тарихи өзгерістерді есепке ала отырып, қоныстандыру саясатын, ең алдымен, демографиялық гиганттар тарапынан көрсетілетін демографиялық қысымды назарға ала отырып жүзеге асыру қажет.
Шығыс Қазақстан облысында 1999 жылғы санақ бойынша 899745 тұрғындары бар 40 қалалық қоныс болса, оның 10-ы ірі қалалар, 30-ы жұмысшы поселкалары. Облыстағы қала тұрғындары республикадағы қала халқының 10,7%-ын құрады. 1989-1999 жылдар аралығында республикада қала тұрғындары 8,3%-ға кемісе, облыста бұл көрсеткіш (131853 адам) 12,8% болды. Қала тұрғындарының саны 1989 жылдан 1991 жылға дейін табиғи өсім нәтижесінде көбейсе, 1992 жылы басталған көші-қон үрдісі қала халқының санын азайтты. Қала тұрғындарында 1994 жылдан бастап табиғи өсім жоқ. Қала құрушы кәсіпорындардың ж
абылуына байланысты халық санағы аралығында тұрғындардың саны Белоусовка поселкасында 23,7%-ға, Алтайда 40%-ға, Асубұлақта 42,7%-ға, Огневкада 57,8%-ға, Ақтауда 91,3%-ға кеміген.
Аймақтың табиғи жағдайына және кәсіпорындардың шоғырлануына байланысты Шығыс Қазақстан облысының территориясында тұрғындар әр түрлі тығыздықта қоныстанған. Бұған негізінен аудандардың шаруашылық-экономикалық жағдайы әсер етті. Өнеркәсіп жақсы дамыған, қалаларға жақын аудандарда халық тығыздығы жоғары, қалаларға және теміржолдарға алыс, әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашар аудандарда халық тығыздығы төмен.
1999 жылғы санақ қорытындысы он жыл ішінде облыс халқының жастық құрылымы өзгерді. 1991 жылдан бастап облыста 15 жасқа дейінгі балалар үлесінің кемуі мен қарт адамдар үлесінің артуы анық байқалады. 0 жас пен 15 жас аралығындағы балалар жасының үлесі 1991 жылдан 1999 жылға дейін 29,1 пайыздан 25 пайызға дейін қысқарған. Өзгерістер негізінен 0 мен 4 жасқа дейінгі балалар жасында болған, себеп болған туу көрсеткішінің қысқаруы, 60 жастан асқан қарт адамдар саны 11,8 пайыздан 12,1 пайызға кеміген. Ж.Боже-Гарье және Россеттің демографиялық қартаю шкаласы бойынша
облыс тұрғындарында 1989 жылы орташа демографиялық қартаю белгісі білінсе, 1999 жылы демографиялық қартаюдың алғашқы кезеңінде екенін көруге болады.
Еліміздің көп ұлттылығы, негізінен, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың І жартысында қалыптасқан. Кеңес өкіметінің соңғы жылдары этностық сана – сезімнің өсуімен ерекшеленді. Кеңес дәуірінен қордаланып қалған ұлт мәселелерінің болуы қазіргі кезеңде ұлт саясатына ерекше ыждағаттықпен қарауды қажет етеді.
Ресей империясы мен КСРО үшін этатизм принциптеріне жақын болу тән еді. Партиялық құжаттарда ұлттық саясат бағдарламалары әрқашан маңызды орын алғаны тегін емес.
Көп ұлттық қоғамда топтардың «демографиялық мінез-құлықтың жақындастырудың, әлеуметтік-экономикалық деңгейлерін үйлестірудің барлық талпыныстарына қарамастан сапалы алға жылжу бола қоймады.
Қазақстанда тарихи жағдайдың қалыптасуы (жергілікті халықтың «кеңестенуі» нәтижесінде саны қысқарды әрі қазақтар сан жағынан аз ұлтқа айналды) және географиялық ерекшеліктерге (мекендеу ландшафты ретінде территорияның үлкендігі және көшпелі халықтың қоныстануы), шет жақтан адамдардың көптеп келуіне байланысты қайта құру неігзінен табиғи күш-қуатты пайдалану мақсатымен жүргізілді. Байырғы тұрғындардың өмір салты жоққа шығарылды.
Этноконфессионалды мәселенің бірі – миграция. Қазіргі Қазақстанның этникалық құрылымының әртүрлі болуының өзі ХХ ғасырдың бірінші ширегінен бастап Кеңес өкіметінің демографиялық миграция саясатының салдары болып табылады. ХХ ғасырда Қазақстан халқының саны, әрі құрамы үлкен өзгерістерге ұшырады. Бұл – 1916 жылғы көтеріліс, Азамат соғысы, ашаршылық, ұжымдастыру, күштеп халықтарды қоныс аудару мен репрессияның нәтижесі. Мұның өзі жергілікті халықтың Монғолия, Қытай, Ауғанстан, Иран, Түркия сияқты елдерге қоныс аударуына мәжбүр етті және Кеңес Одағының репрессияға ұшыраған түрлі ұлт өкілдерінің келуінің де себебі юолды. Мұндай саясаттың нәтижесінде Қазақстанның жергілікті халқының 1996 жылға дейін санының аз болуына әкелді.
Қазақстан республикасында жүзден аса ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттер қатарындағы бірден-бір мемлекет Қазақстан Республикасы өзінің территориясындағы барлық ұлт өкілдерінің тілінің, мәдениетінің дамуына ерекше көңіл бөліп отырған ел. Оны біз кейінгі санақ қорытындыларынан да көре аламыз. Бізде барлық ұлт өкілдерінің өз тілінде білім алуына мүмкіндіктер жасалған, әр ұлт өкілінің мәдени орталықтары бар, Қазақстанда өмір сүріп жатқан аз ұлттардың Ассоциациясы құрылған. Көп ұлтты Қазақстан Республика
сы егемендік алғаннан бастап бір ұлт өкіліндей ел экономикасын дамытуға үлес қосуда.
Көші-қон үрдісінің әсерінен Қазақстанның көп ұлттылық құрамы үнемі артып отырды: егер 1920 жылы 30 халықтың өкілі тіркелсе, 1970 жылы 114, ал 1986 жылы 120 болды. Ал қазіргі кезеңде елімізде ресми деректер бойынша 130 ұлттар мен ұлыстар тұрады. Шығыс Қазақстан облысы да еліміздегі көп ұлтты облыстардың қатарына жатады. 1999 жылғы халық санағында Шығыс Қазақстанда 106 ұлт өкілдері тіркелді. Олардың ішінде 8 ұлт өкілдері: қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар және белорустар – саны жағынан көп болып табылады, олардың үлесіне облыстағы барлық халықтың 95,7% келеді.
1999 жылы қала тұрғындарының саны 899745 адам болса, оның ішінде 445394 қазақ (33,1%), 155582 орыс (59,9%), 3695 украин (1,3%), 4594 татар (2,2%), 16187 неміс (1,7%) болды. Халық санағы аралығында қалалық жерлердегі қазақтардың саны 38,8%-ға өссе, орыстар 24,5%-ға, украиндар 56,8%-ға, татарлар 9,9%-ға, немістер 43,7%-ға кеміген. Он жыл аралығында қалада тұратын немістер мен украиндардың саны екі есеге жуық кеміді.
1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 631279 адам болса, оның 445394 қазақ (70,5%), 155582 орыс (24,6%), 3695 украин (1,1%), 4594 татар (0,7%), 16187 неміс (2,6%), 5827 басқа ұлт өкілдері (1%) болды. Он жылда ауыл тұрғындарының саны 104348 адамға (14,2%) кемісе, оның ішінде қазақтар 28006, орыстар 44500, украиндар 4220, татарлар 1297, немістер 22348 адамға азайған.
Облыста 1999 жылы қазақтардың 60%-ы, орыстардың 22,2%-ы, украиндардың 24%-ы, татарлардың 19%-ы, немістердің 50%-ы ауылда тұрды.
1999 жылы республикадағы қазақ халқының 19%-ы, орыстардың 16%-ы, украиндардың 3%-ы, татарлардың 10%-ы, немістердің 9%-ы Шығыс Қазақстан облысында тұрды. Яғни, халықтардың арасалмағын республикалық деңгеймен салыстырсақ, Шығыс Қазақстан жерінде орыстардың, татарлардың 1%, ал немістердің 2%-ға өскенін көреміз. Облыстағы қазақтардың саны он жыл аралығында 8,0%-ға өссе, республикада бұл көрсеткіш 22,9% болды. Он жыл аралығындағы облыста қазақ халқының санының өсуі республикалық орта көрсеткіштен 14,9%-ға кем болды. Шығыс Қазақстандағы қазақтардың санының өсу
інің көрсеткіші тек Солтүстік Қазақстан облысынан ғана алда.
Шығыс Қазақстан облысындағы әкімшілік аудандарды ұлттық құрамына байланысты екі топқа бөлуге болады.
Қазақ халқының үлесі басым аудандар: Семей қалалық әкімшілігі, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Қатонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандары. Бұл аудандарда облыстағы қазақ халқының 85,5% орналасты.
Орыс халқының үлесі басым аудандар: Өскемен қалалық әкімшілігі, Курчатов қаласы, Зырян, Риддер (Лениногор), Бородулиха, Глубокое, Шемонаиха аудандары. Бұл аудандарда облыстағы орыс халқының 72,9% орналасты.
Сонымен, Қазақстандағы осы кезеңдегі демографиялық ахуалға қорытынды жасай келіп, халықтың санын көбейтетін, құрамын нығайтатын, тарихи-демографиялық ғылым айқындаған екі жолды, табиғи өсім мен сырттан келетін көші-қонды оң пайдалану керек. Табиғи өсімді күшейту үшін жастарға, әсіресе жаңа отбасыларға, көп балалы аналарға, олардың жас ұрпақтарына өкімет тарапынан жан-жақты, нақтылы, тұрақты және жүйелі түрде қамқорлық, тікелей жәрдем ұйымдастырылуы қажет. Ал сырттан келетін оң көші-қонға келсек, шетелдердегі қазақтарды елге қайтару үшін де мұнан да күрделі шаралар іске асса жөн болар еді. Қазақ халқына тарих берген осындай мүмкіндіктерді толық және уақытында пайдаланып, елдің санын көбейтіп, қатарын нығайта түсіп, өркениетті қауымда өз орнымызды алғанымыз жөн-ақ.

Leave a Comment