Наурыз көже дайындау

Пән: Технология 8 сынып.

Сарамандық жұмыс      4-сабақ

Күні:
Тақырыбы:   Наурыз көже дайындау
Мақсаты: -таңдау бойынша бірінші тағамды дайындау технологиясыментаныстырып, тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру.

– күнделікті алған білімдерін, тағам дайындау шеберліктерін дамыту.

 – бірінші тағамдарды дайындауға, ұқыптылыққа, ас дайындау өнеріне тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:  -Еттен көже дайындауды үйренеді

-Ұлттық тағам  наурыз көже дайындау әдісін меңгереді

Керекті жабдықтар: Оқулық, нұсқаулық, ресурс, парақтары,жұмыс дәптері, маркер, сурет альбомы, түрлі-түсті бояулар

 

Сабақ кезеңдері                           Мұғалім әрекеті    Оқушы әрекеті
Кіріспе  Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық. «Шынжыр» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

3 минут. Оқушыларды топқа бөлу.  Үй тапсырмасы: «Кестені толтыру» әдісімен тексеремін.

а ) Шала өнімдер дегеніміз не ?сұрақтар

б) дайындау тәсілдері бойынша қаншаға бөлінеді ?

в) ет қанша уақытта піседі?

г) 1 кг етті құырса қанша грамм болады?

1-топ: «А», 2-топ: «В»,  3-топ:  (С)

Топтағы оқушыларға бағалау парағы беріледі.

 

Мұғаліммен амандасады.

Шеңберге түрады.

 

Мұғалімнің әрекетін кезекпен- кезек қайталау арқылы бірлескен жаттығу әрекетін жасайды.

Тұсаукесер  Бірінші тағам деп біз көжелерді атаймыз. Көбінесе көжелер әр түрлі сорпада, қайнатпаларда дайындалады. Ал көженің қоюын көкөністерден, жармадан, макарон өнімдерден, бұршақтардан, жеміс жидектерден дайындайды.

Әр ұлттық асханасында бірінші тамақтарды әр түрлі етіп жасайды. Мысалы қазақ ұлттық асханасында бірінші тамақтарды, негізінен, ет сорпасынан әр түрлі дәмдеуш терді қосып дайындайды.

Көбіне көжелерге қолдан жасалған кеспелерді қосады. Барлық көжелерге аскөк сеуіп безендіреді. Ол көжененің дәмін жақсартады.

Көжелердің дайындау тәсіліне қарай келесі топ болып бөлінеді – қоспа көже, езбе көже, мөлдір көже, сүт көже, салқын көже, ерекше топ – тәтті көже.

Температурасына қарай көжелерді ыстық күйінде (70-80С ), және салқын күйінде (10-14 С) ұсынады.

Ыстық көженің тобына езбе көже кіреді (55-60С) ұсынады.

Сорпа дайындау технологиясы

– азық-түлікті салқын суға салады;

– қайнату уақытын қадағалау;

– қайнау барысында еттің көбігін алып отыру;

– бір қалыпты қайнауын қадағалау;

– дайын болуға 20-30 минут калған кезде дәмдеуш заттарды қосу;

– дәміне қарай тұз салып, дайын сорпаны сүзеді.

 

Еттен бес бармақ және көже дайындау

 

Топтастыру әдісін  жүргізеді. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сорпа дайындау технологиясын дәптерге жазады

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

   Зетханалық жұмыс № 24 62-бет

Етпен кеспе дайындау.

Қажетті ыдыс-аяқтар: кастрөл ет кесетін тақтайша, асханалық пышақтар, кепсер, шұңқыр тәрелке, қасық, шөміш.

Азық түлік: сұйықтық үшін: 40 г сәбіз,40г пияз, 20г май, 950г сорпа. Кеспе үшін:75г ұн, жұмыртқа, 14г су, 2 г тұз.

Дайындау технологиясы: – қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған сәбізбен пиязды қосып 2-3мин, содан кейін кеспе салып 10-12 минут қайнатады, соңында тұз бен дәмдеуш заттарды қосамыз.

Жұмыс барысы

  1. Кеспеге арналған қамырды жұмыртқа, тұз, су қосып илейді.
  2. Сәбіз бен пиязды шашақтап турап, қуырады.
  3. Сорпаны отқа қояды.
  4. Қамырды қалындығын 1 мм етіп жаю, жайылған қамырды шашақтап кесу.
  5. Қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған көкөністерді салып, 2-3 минут қайнату, дәміне қарай тұз, дәмдеуштер қосып, кеспені салып 10-12 минут қайнату.
  6. Дайын тағамды оттан алып, көжені тәрелкелерге бөліп құю, аскөк сеуіп безендіру.
  7. Ұсынар алдында сорпада бөлек қайнатылған етті кеспенің үстіне салады.

Формативті бағалау әдісі: Смайликпен бағалау

 

Зетханалық жұмыс № 24 62-бет

Тақырыбы: Етпен кеспе дайындау.

Зертханалық жұмысты орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өз-өздерін смайлик арқылы бағалайды.

Менің көңіл күйім керемет

Маған қиын болды

Маған түсінікті болды

Қорытынды  1.Шала өнімдер дегеніміз не?
2.Ұсақталып туралатын шала өнімдерді атаңдар.
3.Ашық отқа қандай шала өнімдерді дайындайды?
Оқушылар тапсырманы орындау арқылы, ортақ пікір білдіреді.Сұрақтарға жауап береді.

 

Үйге тапсырма

 

 

 

 

дәрісті қайталау, бірінші тағамдардың дайындалу тәсілдерін, рецептерін жазып келу.

«Ыдысын көріп, асын іш»  Қазақ мәтелі    эссе жазу

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Рефлексия. (Чемодан,жәшік,

ет тартқыш)

 

 

Leave a Comment