Қоғамдық өндіріс және оның тарихи түрлері

Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі

Экономика пәнінің оқытушысы: Апенова Сауле Мейрамқызы

 Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық өндіріс және оның тарихи түрлері

Сабақтың мақсаты:                                                                                                                   Білімділігі:  Қоғамдық өндірістің негіздері: еңбек процесінің қарапайым жақтары мен  қоғамдық өнім және оның қозғалысы жайлы сипаттама беру. Өмір сүрудің табиғи және әлеуметтік жағдайларына тоқталу. Ресурстар шектеулігі мен қажеттіліктердің шексіздік мәселесіне түсінік беру. Өндіріс факторлары және олардың өзара үйлесуін түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: Студенттердің бойында экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыру, қоғамдағы экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін түсіндіру.

Тәрбиелік мақсаты: Студенттерді ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Сабақтың әдісі:  түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кесте, тірек-сызбалар, плакат, қима қағаздар, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Студенттердің  сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.

II.Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақтар бойынша студенттердің білім деңгейлерін тексеру үшін қима қағаз таратылады .

  1. Экономикалық жүйе дегеніміз не?
  2. Экономикалық жүйенің түрлері?
  3. Нарықтық экономиканың өзіндік ерекшеліктерін ата.
  4. Дәстүрлі экономикалық жүйенің белгілерін ата.
  5. Әміршіл экономикалық жүйенің белгілерін ата.
  6. Аралас экономикалық жүйенің белгілерін ата.

 

Сол бағандағы терминдердің анықтамасын оң жақ бағаннан тап.

 

Экономика Техникалық технология, ұйымдық экономика, әлеуметтік экономика.
Экономикалық жүйе Өзінің шаруашылық қызметін белгілі бір шекте ұстау.
Ашық жүйе Қоғамдық шаруашылықтың даму заңдары жөніндегі ғылым.
Жабық жүйе Бұл (тауар шаруашылығын айтуға болады) өзінің байланысын үнемі басқа өндірістік бірлестіктермен байланыстыра отырып кеңейтетін жүйе.
Экономикалық қатынастар жүйесі Өндірісте тарату, алмастыру және материалдық, материалдық емес игіліктер және қызметтерді қалыптастыратын, шаруашылық қатынастары мен өзара байланысатын біріккен жиынтық болып табылады.

 

III. Жаңа сабақты түсіндіру

     Өндіріс – адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктерді өндіру процесі. Игіліктер деп  қажеттіліктерді қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Өндіріс үш элементтің – адам еңбегі, еңбек заты және еңбек құралдарының өзара әрекеті арқасында жүзеге асырылады.  Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы болады: өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар.

 

 

Өндіргіш күштер

 

Өндірістің жеке факторы

 

Жұмысшы күші

 

Адам еңбегі

 

Өндірістің заттық факторы

 

Өндіріс құралдары

 

Еңбек құралдары

 

Еңбек заты

 

 

 

 

 

Еңбек – бұл адамдардың материалдары, рухани игіліктер өндірілуі мен қызмет көрсетуіне байланысты мақсатты, нәтижелі қызметі.

Еңбек заты – адамның дайын өнім өндіру мақсатында өз еңбегі арқылы әсер ететін зат.

Еңбек құралдары – бұл адамның еңбек затына әсер ететін қаруы.

Өндіргіш күштер дегеніміз – бұл қоғамдық өндірістің жеке және заттық факторларының өзара әрекеті, адам мен табиғат қатынасының шешуші, белсенді элементтері. Ал өндірістік қатынастар дегеніміз – материалдық, рухани игіліктерді өндіру барысында адамдар арасында болатын экономикалық қарым-қатынас.

Экономикалық қатынастар – бұл адамдар арасында қызметтер мен материалды, рухани игіліктерді өндіру,бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі барысында пайда болатын қатынастар.

 

Экономикалық қатынастардың жіктелуі

Экономикалық қатынастар

 

Ұйымдастырушылық -экономикалық қатынастар

 

Әлеуметтік – экономикалық қатынастар

 

Өнім өндірісінің  ұйымдастырылуына қарай қалыптасады.(мысалы,  еңбектің қарапайым кооперациясы, мануфактура, машиналы өндіріс)

 

Өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формаларымен анықталатын өндіріс жағдайларына байланысты қатынастар. (өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну)

 

Өндіріс процесі төрт сатыдан құралады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өндіріс

Бөлу

Айырбас

Тұтыну

 

Өндіріс – пайдалы өнім шығару процесі. Бұл – бастапқы саты.                                                                                                                      Бөлу – бұл өндірілген өнімдегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.                                                                 Айырбас –  бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбасталу процесі. Бөлу мен айырбас органикалық түрде өндіріспен байланысты, олар бір тізбектің бөліктері болып табылады. Бөлу мен айырбас өндіріс пен тұтыну арасын жалғайды.                                                                                                                    Тұтыну – адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игіліктерді қолдану.Тұтыну өнімді пайдаланудың тәмамдаушы кезеңі болып табылады.

 

 

Тұтыну сипаты

 

Өндірістік тұтыну

 

Өндірістік емес тұтыну

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Өндірістік тұтыну дегеніміз – өндіріс процесінде өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшін пайдалану.

Өндірістік емес тұтыну

 

Жеке тұтыну

 

адамдардың тамаққа, киімге, демалысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру

 

қоғамның ғылымға, білімге, мәдениетке, басқаруға, қорғанысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру

 

Қоғамдық тұтыну

Қоғамдық тұтыну

 

 

 

 

Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар бірлігі өндіріс әдісін құрайды. Оларды екіге топтауға болады.

Өндіріс әдісі

 

ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы

 

өндіріс процесінің бұрынғы ауқымда қайталануы

 

Жай ұдайы өндіріс

 

Ұлғаймалы ұдайы өндіріс

 

      Қоғамдық өндірістің әрекет етуінің маңызды көрсеткіші оның тиімділігі. Бұл көрсеткіш өндіріс нәтижелерінің оның шығындарына қатынасымен анықталады. Адамдар экономикалық әрекеттерін белгілі бір жағдайда немесе орталарда жүзеге асырады. Басты жағдайларға әлеуметтік және табиғи орталар жатады.                                                                                                               1. Адамдардың әлеуметтік ортасы:

а) меншік қатынастары;

б) қоғамның әлеуметтік құрылысынан тұрады;

в) меншік қатынастарына байланысты:

– адамның қоғамдағы алатын орны;

– қоғамдық өнімдегі адамның үлесі;

– қоғамдық өмірдегі адамның рөлі және т.б. анықталады.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы әлеуметтік заңдарға, яғни жұмыс істейтін азаматтардың, жұмыссыздардың, әр түрлі себептерге байланысты жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ адамдардың жағдайын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығына негізделеді.

  1. Табиғи ортаға табиғи және еңбек ресурстары мен басқа да өмір сүру жағдайлары жатады.

Қажеттілік – бұл жеке тұлғаның немесе қоғамның өз өмір жағдайын немесе дамуын қалыпты деңгейде жүргізуге қажет қандай да бір нәрсеге талабы.

Адамның барлық қажеттіліктерін өтеу үшін қоғамда экономикалық қорлар жеткілікті болу керек. Нақты экономикалық мақсаттарға жетуге қолданылатын құралдар экономикалық ресурстар деп аталады. Ресурстар – экономикалық үдерістерде пайдаланылатын экономикаға қажет экономикалық жасампаздықтың қайнар көзі. Қолдағы ресурстар дегеніміз – мемлекет, адамдар, кәсіпорындар қарауындағы ресурстар.

 

Экономикалық ресурстардың жіктелуі

Өндіріс факторлары
Экономикалық ресурстар

 

Табиғат ресурстары

 

жер, су, ауа және табиғат ресурстары

 

еңбек және адамның қабілеті

 

Адам ресурстары

 

адам еңбегінің нәтижесінде өндірілген ресурстар

 

Материалдық ресурстар

 

ғылым мен техника және интеллектуалдық құндылықтар

 

Ақпараттық ресурстар

 

 

Жер    Капитал Еңбек    Кәсіпкерлік қабілеттілік

 

Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады. Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер және т.б. жатады.                                                                                Капитал – бұл машина, құрал-жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары.                                                                             Еңбек – адамның ақыл-ой және дене қызметтерін көрсетеді. Адам еңбегі – әрқашан да ақылмен орындалатын, мақсатты бағытталған қызмет.                                                                                                                                              Кәсіпкерлік қабілеттілік – арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынталылықты, төзімділікті және тәуекелдікті көрсетеді.

 

Экстенсивті жолы
 

Өндіріс көлемін ұлғайту                    арқылы

  1. Жаңа сабақты бекіту

1 – тапсырма Сұрақ-жауап                                                                                                                                         1. Қоғамдық өндірістің мәні?                                                                                                                                                2. Экономикалық қатынастар дегеніміз не?

  1. Құрылымы бойынша экономикалық қатынастар қалай бөлінеді?
  2. Өмір сүрудің табиғи және әлеуметтік жағдайларын ата. 5. Ресурстар шектеулілігі мен қажеттіліктердің шексіздігін дәлелде.

 

2 – тапсырма «Кестемен жұмыс»

Берілген анықтамамен келісесіз бе?                                                                                                                                                                           Егер анықтама дұрыс болса « + » деп жауап беріңіз, келіспесеңіз « – » деп жауап беріңіз.

 

Тұжырымдама дұрыс дұрыс емес
1 Өндіріс – адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктерді өндіру процесі.    
2 Игіліктер деп  қажеттіліктерді қанағаттандыратын заттарды айтамыз.

 

   
3 Өндіргіш күштер дегеніміз бұл қоғамдық өндірістің жеке және заттық факторларының өзара әрекеті, адам мен табиғат қатынасының шешуші, белсенді элементтері.    
4 Өндірістік қатынастар дегеніміз материалдық, рухани игіліктерді өндіру барысында адамдар арасында болатын экономикалық қарым-қатынас.    
5 Еңбек – бұл адамдардың материалдары, рухани игіліктер өндірілуі мен қызмет көрсетуіне байланысты мақсатты, нәтижелі қызметі.    
6 Еңбек заты – бұл адамның еңбек затына әсер ететін қаруы.

 

   
7 Еңбек құралдары – адамның дайын өнім өндіру мақсатында өз еңбегі арқылы әсер ететін зат.    
8 Тұтыну– адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игіліктерді қолдану.    
9 Ұлғаймалы ұдайы өндіріс – бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымда қайталануы    
10 Жай ұдайы өндіріс – бұл ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы    

 

3 – тапсырма  «Кім жылдам?»

Өндіріс факторлары
Өндіріс элементтері
Өндіріс

процестері

 

 

 

 

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

  1. Сабақты қорытындылау

Студенттер білімін бағалау.

 

  1. Үйге тапсырма

Реферат тақырыптары

  1. Қазақстан Республикасының экономикалық ресурстары
  2. Қазақстандағы өндірістің қалыптасуы мен даму жағдайлары
  3. Аймақтағы өндіргіш күштердің орналасуы

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master