Көңілді цирк

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы, Қазалы қаласы

Қ.Нұрмаханов атындағы №95 мектеп жанынан құрылған “Еркетай” шағын орталығы

Жайлаубаева Гүлшара

 «Көңілді  цирк» тақырыбында  ұйымдастырылған  сазды – спорттық  ойын – сауығы

Зал іші цирк  аренасына  сай безендірілген. Касса  арқылы  балалар  орындарына келіп тұрады.

Жүргізуші: Балалар , бүгінгі  спорттық  ойынымыз ерекше түрде  өтейін деп тұр.

Ендеше , біз алдымен  қонақтармен амандасып алайық.

  • Балалар , бізге бүгін цирк келгелі тұр. Ол үшін  мына  кассадан  билеттер алайық.
  • Балалар билет қолда , енді маңызды қонақтарымызды ортаға шақырмаймыз ба ?

Бірге: Қош келдіңіздер ! (2 – рет балалар айқайлайды)

Осы кезде  есіктен ішке жалғыз  күлдіргі кіреді.

Жүргізуші: Күлдіргі сіз неге жалғыз келдіңіз ?

Күлдіргі: Цирк жануарлары   белгісіз  себептермен кешікті , сол себепті мен жалғыз  келдім ,  артымнан келеді  деген үміттемін . Келер деген үміттемін ….(мұңайып  басын төмен салады)Бірақ  мұнда  біздің  бүгінгі кешке  сарапшы болар әділқазыларымды  жібергем, о , әні олар. Мене бұрын келіп жайғасып  алыпты .

Әділқазылар төрағасы – ___________________________________(мектеп  директоры)

Мүшесі : __________________________________________________( әдіскер)

_____________________________________________________ (шаруашылық  жөніндегі  орынбасар)

__________________________________________________________

__________________________________________________________

 

Жүргізуші: Күлдіргі сіз алаңдамаңыз, сізбен ойынды бастай берейік , оларда келер . Балалар біз күлдіргінің  мұңайған  көңілін  көтерейікші .

Күлдіргі: Жарайды , менің көңілімді көтеру үшін  , бір шартымды орындайсындар ма ?

Балалар : Әрине , орындаймыз  !Бірақ  бірінші бізбен танысыңыз .

(Топтар өз есімдерін , ұрандарын айтып танысады)

Күлдіргі: Менің шартым мына велосопедпен  жарыс ұйымдастырсақ қалай қарайсыңдар ?

1 – шарт бойынша велосопедпен  жарыс

Жүргізуші: Балалар біз күлдіргінің  шартын орындап , көңілін көтеріп  болғанша , қояндарымызда келіп қалыпты .Олардың  бізге  айтары бар сияқты.

Қоян : Міне  үйшік  тамаша

Биікте емес аласа

Мұнда біздер қалайық,

Ойын – сауық  құрайық! Күлегеш мұнда бақа келмеді ме , ол болмаса мен қалай өнерімді көрсетем …..(мұңайып  басын төмен салады)

Жүргізуші: Қоян сіз алаңдамаңыз, сізбен ойынды бастай берейік , олда келер . Балалар біз қоянның  мұңайған  көңілін  көтерейікші .

Күлдіргі: Жарайды , менің көңілімді көтеру үшін  , бір шартымды орындайсындар ма ?

Балалар : Әрине , орындаймыз  !

Қоян:  Менің шартым мына шарлардың ішінде , біреуін  таңдап алыңдарда   жарыс ұйымдастырайық.

2 – шарт: Шардың  ішінен «қаппен секіру» сөзі шығады. Балалар қаппен  секіріп жарысады.

(Осы кезде сырттан  бақылдап  бақалар кіреді).

Бақа: Бақ , бақ  , бақ

Күн  неткен  салқын-ақ

Үйшік неткен әдемі – ақ

Кім бар екен бұл үйде ,

Орын бар ма біздерге ?

Жүргізуші : Әрине  бақа , сендерді бағаналы бері күтіп отырмыз  , сен келмеді деп көжектердің де көңіл – күй түсті. Бәрі бізге өз шартымен келіп жатыр , мүмкін сіздіңде балаларға ранаған  шартыңыз бар шығар.

Бақа: Менде де бір шарт бар , орындауға ерінбесеңдер , мен қуанып қалар едім бақ – бақ . Мына шарлардың  ішінен бір шарды таңдап өздерің таңдаңдар мендегі шартты.

3 – шарт: Шардың  ішінен «қос аяқпен секіру» сөзі шығады.

(Балалар қос аяқпен секіріп  жарысады).

Жүргізуші: Күлегеш енді кім келу керек еді,  есікке қарайлай бердіңіз ғой ?

Күлегеш : Біздің  қу түлкі көрінбейді ?  Соны қарап тұрғаным ғой .Баріміз түлкі деп дауыстайықшы.

Балалар:Түлкі , түлкі

(Түлкі кіреді).

Жүргізуші: Түлкі мырза кешіктіңіз ғой. Біздің  балалар сізді  таңертеңнен бері күтіп отыр.

Түлкі: Орманменен сайменен ,

Келеміз біз жайменен

Кім бар екен бұл үйде ?

Орын бар ма біздерге.

  • Таңертеңнен бері осы жерде таба алмай шаршадым ?

Жүргізуші : Түлкі қатты шаршаған боларсың  , қаласаңыз  балалар  сіздің  көңіліңізді көтерсін ?

Түлкі: Ол үшін менің мына шардың  ішіне  жасырылған  шартымды  орындаңдаршы.

(Шарды  жарып ішіндегі «кергі арасынан  жүгіру» сөзін алып  оқиды)

4 – шарт: кедергі арасынан жарыса жүгіру

Түлкінің  шартын орындап бола бергенде , ішке  қорбаңдап қонжық  енеді .

Қонжық  : Қонжықтармыз –қорбаңбай

Бұлне қылған үйшік – ай ?

Кім бар екен бұл үйде ,

Орын бар ма біздерге ?

Жүргізуші :  Әрине Қожеке , сізді бағаналы бері күтіп отырмыз . Шаршаған  боларсыз  мында отырыңыз, ал балалар  сіздің шаршағаныңызды  басатын  бір ойын көрсетсін.

Қонжық : Жарайды , онда олар бал  жинасын , мен  бал жегім келіп тұр .

5 – шарт : Ек топқа екі шелекпен су қойылады , келесі бал сөзі бар екі шелекке , кеселер арқылы су тасылады .

Жүргізуші : Рахмет сендерге , бүгін өте жақсы кештің куәсі болдық , әрдайым осындай достыққа , бірлікке арналған кештерде , цирк әлемінде бас қосулардың  куәсі  болайық.

  • Ал біздің сарапшылардың пікірін  тыңдайтын  кезде жеткен  сияқты, тыңдайық.

(марапаттау сәті )

Күлдіргі : Біздің  қайтар кезіміз болды , мен аңдарымды ертіп алып  кеш болмай тұрғанда өз циркіме жетіп алайын. Қош сау болыңдар ! Біз  тағы да келеміз  .

Жүргізуші:  Жақсылыққа , бақытқа ,

Талпынған  әр уақытта

Бала біткен дос , бауыр ,

Болмасын еш тосқауыл ! Қош сау болыңыздар !

 

Ортада достық  туралы көңілді әуен қойылып би биленеді .

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master