Кішкентай бағбан

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы, Қазалы қаласы

Қ.Нұрмаханов атындағы №95 мектеп жанынан құрылған “Еркетай” шағын орталығы

Жайлаубаева Гүлшара

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Қатынас

Білім беру саласы: Тіл дамыту

Тақырыбы: “Кішкентай бағбан”

Мақсаты: Балаларға бау-бақша туралы ұғымын қалыптастыру. Жеміс, көкөністерді тануды және атауды, көлемі бойынша іріктеуді үйрету. Үш тілді қолдану арқылы тілін, сөздік қорын дамыту. Ұқыпшылыққа, тазалыққа үйрету.

Әдіс тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелесу.

Көрнешілік: Әр түрлі жемістер, көкністер, гүл, ағаш.

Үш тілдік: Алма-яблоко-apple, алмұрт-груша-pear, өрік-абрикос-

жүзім-виноград-

мотивациялық-қозғаушы кезеңі:

  • Сәлеметсіздер ме, балалар!
  • Сәлеметсіз бе!
  • Көңіл-күйлеріңіз қалай?
  • Жақсы.

– Қане балалар, орнымыздан тұрайық, кішкентай шеңбер құрайық.

Доп, доп, дөңгелек,

Көп, көп, көбелек.

Көбелекке гүл керек,

Ал гүлге жаңбыр мен су керек.

– Балалар, гүлге ғана су керек пе?

Дұрыс айтасыңдар, балалар, «Сулы жер-нулы жер» деп бекер айтылмаған.

Балалар жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен оқу іс-әрекеттерімізді еске түсірейікші.

Біздер өткен оқу іс-әрекетімізде “Күзгі дала” тақырыбында өткен болатынбыз. Онда біз бір жылда неше жыл мезгілі болады?

  • Қазір жылдың қай мезгілі? – Күз мезгілі.
  • Күз мезгілінде не ай бар екен?
  • Үш вй бар.
  • Қыркүйек, қазан, қараша.
  • Күз мезгілінде күн қандай болады?
  • Салқын, жаңбыр жауады.
  • Құстар қайда ұшып кетеді?
  • Жылы жаққа ұшып кетеді.

Жұмбақ жасыру

Жиып-теріпболатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (күз). Слайд.

 

Жаңа тақырып: Жаңа оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы “Кішкентай бағбан”

Суреттегі бағбанды түсіндіру

Бағбан, гүл өсіретін, бау-бақшаны баптайтын, суаратын адам.

Ғажайып сәт:

Бағбан кіріп келеді:

– Мен бағбанмын, бағбанмын,

Бақшамды мен баптаймын,

Су суарып ерте –кеш,

Мен бір жерде жатпаймын.

 

Балалар, бау-бақшада өсетін гүлдер мен көкөністер бізге не сыйлайды?

Жемістер айтады:

– Біз бақшада өсеміз,

Балдай тәттіміз,

Алмұрт, алма, жүзімбіз.

Біздің тіл үйірер дәміміз бар,

Денсаулыққа пайдалы орнымыз бар

 

Өрік:

Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді бiлмеймiн.

Уылжыған өрiкпiн,

Бау-бақшаға көрікпін.

 

Алмұрт:

Тіл үйренген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім?

 

Жүзім:

Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

Сары күзде үзіліп,

Себетке кеп тізілдім.

 

Гүлдер айтады:

– Біз гүлдерміз, гүлдерміз,

Сәндік әсемдікті сыйлаймыз.

 

Көкөністер:

Жау,жау жаңбыр, жау жаңбыр,

Егіннің көгі өссін.

Бау-бақшамыз құлпырып,

Гүлденіп жайнасын.

 

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпын,

Мен жазықсыз сәбізбін.

 

Пияз:

Асханадан шықпаймын,

Атым-пяз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

 

Қияр:

Мен қиярмын, қиярмын,

Жап-жасыл боп тұрамын.

Балғын дәмім бойымда,

Қызанақпен сыңармын.

 

– Жарайсыңдар, балалар, сендер ақылды балалар екенсіңдер. Енді балалар, жемістер мен көкөністердің түсін пішінін анықтап, үш тілде атап көрейікші.

Алмұрт-груша-

өрік-абрикос

жүзім-виноград

пияз-лук

қияр-огурций

сәбіз-морков

 

  • Балалар бүгін біз не үйрендік?
  • Кезекпен айтып өтеміз?

– Жарайсыңдар балалар өте тамаша. Сендердің алдағы сәттерің қызықты өтсін.

 

Ойын: жапырақ жинау:

Шарты: 2 балаға жапырақ жинатып, жинаған жапырағын санату.

 

Мадақтау: Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңыздар. Сендерге кішкентай бағбан өсірген алманы сыйға беремін.

Күтілетін нәтиже: Балалар бағбан жемісін алып рахмет пен тілектерін айтады. Өз үйлеріндегі жеміс ағашын айтады.

 

Жемістерді көлемін атап суреттен көрсетеді.

Балалар не білгендерін айтады.

Балалар бір-біріне сәттілік тілейді.

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master