Ізденімпаз ұстаз

Нұрбибі Қозбекова
Үстірт орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Бейнеу ауданы

Ізденімпаз ұстаз
Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен —тарихтағы ең ұлы істердің бірі ,-деп
К.Д. Ушинский айтқандай мұғалім адамдардың өмірге көзқарасын, бір –біріне деген сый құрмет сезімін қалыптастыратын адамгершілік нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер,ұлы тұлға болып өседі.өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді. Сондай ұстаздарымыздың бірі 1 деңгейлі білім жетілдіру курсының бірінші (негізгі) деңгейі бойынша курсынан өтіп, сертификатталған Шолпан Жақсыбаеваны айтуға болады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Ш.Жақсыбаева «Саятшы Ораз» тақырыбында (7-сынып) ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында «Миға шабуыл», Амандасудың түрлері» тапсырмалары орындалып, сергіту сәттері оқушы жасына қарай тиімді пайдаланылды. Сонымен қатар сабақ барысында АКТ- ны пайдаланып, топтпстыру, постер қорғау, концептуальлық, БҮҮ кестесін тиімді пайдалана білді.
Оқушылар дескриптор арқылы бағалау бетшелеріне ұпайларын қойып, бағалау шкаласы бойынша қорытынды бағаларын алды.критериалды бағалау, оқу үрдісінде тиімді қолданылды. Сабақ үрдісінде оқушылар пікірлерін топта,жұпта талқылап, тыңдап бір шешеімге келуді үйренді, өз ойын еркін айтуға , білімін жүйелі түрде толықтыруға дағдыланды.
Мазмұнды өткен ашық сабаққа мектептің басшылары, мұғалімдері қызығушылықпен қатысты.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатуда, өнеге –үлгі беруде жалықпай келе жатқан еңбекқор, ізденімпаз, жаңашыл ұстазға үлкен шығармашылық шабыт, биік белестер тілеймін.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master