Ң ң дыбысы мен әрпі

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Жаңарық ауылы

№167 орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі     Баймаханова Айнұр

 

Пәннің аты: Әліппе Уақыты: Кабинет: Бастаауыш

1 «б» сыныбы

Мұғалім   Баймаханова
Сабақтың атауы Ң ң     дыбысы мен әрпі
Мақсаты

 

 

Ң дыбысы мен әріпімен танысу, мәтін оқи алуға үйрену,  көркем жаза білу, аңдармен таныса отырып, олардың атарын жазып үйрену,дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату
Күтілетін нәтиже  Ң дыбысы мен әріпін танысады, мәтін оқи алуға үйренеді,  көркем жаза біледі, аңдармен таныса отырып, олардың атарын жазып үйренеді,дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады
Тапсырмалар 1 Сандықшаға салу

2 Сөз қоржын

3 Кір жаю  әдісі

4 Суреттер сөйлейді әдісі

Топқа бөлу Тиін, қасқыр, арыстан топтары
Психологиялық ахуал

Ынтымақтастық атмосферасын орнату

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғалім

мен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

 

2мин

Қызығушылықты ояту 1Дыбыстарды қызыл сандық пен көк сандықшаға  салу

1  Бармақпен бағалау

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. 5мин
Мағынаны тану   Балалар бүгінгі сабағымызға тиін  бізге жаңғағымен бірге келіпті.

Ендеше жаңғақ жинаймыз ба?

Жаңғақ сөзінде бізге таныс емес қай әріп бар?

Ң әріпі

Жаңғақ сөзіне дыбыстық талдау жасау

Тиіннің орманда өзімен бірге жүрген достары бар екен. Оларды бір сөзбен аңдар деп атайды.-Аңдар қайда өмір сүреді,оларды үй жануарлары қатарына жатқызуға бола ма?-Орманда. Олар жабайы  жануарлар.

-Мына суреттерде орманда өмір сүретін жануарлар бар ма?(сиыр,қой,жылқы)

-Жоқ.

-Мына суреттерде ше арыстан жолбарыс

Бар бұларды не дейміз?

Аңдар

Жаңа ң дыбысы және әрпімен таныстыру.

-Ендеше Аң сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?

-ң (қайталап айту).

2Сөз қоржын     Жеке жұмыс

Қоржыннан шыққан әр сөзді әр бала оқып торкөздерге жазады. Дыбыстық талдау жасайды.

Аң, оң , аңшы, қамшы, таң, тоң, жаңа жаңалық жаңғақ, жаңбыр

2 Бағдаршаммен бағалау

3  Кір жаю  әдісі

2 аңдар мәтінін әр топқа екі сөйлемнен оқыту

Аңдар

Аңдар орманда , тауда , далада болады.Арыстан-аң патшасы.

Жолбарыс та сондай аң. Қасқыр жыртқыш.

Аңдардың пайдасы бар.Оларды қорғаған дұрыс.

3 Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау

5мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5мин

 

 

 

 

 

 

 

5мин

Сергіту сәті Жануарлар дауысы

 

 

Дауыстарды естіп ненің даусы екенін тауып,серігіп қалады. 3мин
 

Дәптермен жұмыс

 

Ң ң аң оң аңшы жаңбыр аң оң таң тоң

 

Әліппенің астындағы жазуды көшіріп жазады. 5мин
Ой толғаныс 4 Суреттер сөйлейді әдісі

3 топқа  астында торкөздері бар суреттер таратылады.Оның не екенін тауып,жазып, дауысты дыбыстардың астын сызады.

4 Фигуралар арқылы бағалау

 

 

5мин

 

Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған