Күз сыйы

Гульнар Ертилеуова

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Экология негіздері

Тақырыбы:   Күз сыйы

Мақсаты: Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру.

Әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
 

Мотивациялық қозғаушы

 

Шаттық шеңберін ұйымдастырады.

-Біз, қандаймыз, қандаймыз!

Шұғылалы таңдаймыз!

Жарқыраған күндейміз!

Ренжісуді білмейміз!

 

 

Балалар жақсы көңіл күймен айтады.

 

Ізденістер ұйымдастыру

 

-Бүгінгі сабақта, балалар, біз күз мезгілі туралы әңгімелесеміз.

-Қане, кім күз туралы тақпақтар біледі?

 

Табиғаттың шексіз байлығы болып саналатын күз мезгілінің ерекшелігі туралы- жаз мезгілі мен күз мезгілін салыстыру арқылы түсіндіреді:

Жаз мезгілінде – ауа райы ыстық болады, гүлдер жайқалып, табиғат әдемі болып тұрады, адамдар жеңіл киінеді, күн ұзақ болып, түн қысқа болады.

Күзде ауаның температурасы-күн суытады, жаңбыр-шашын көп болады, адамдар жылы киінеді.Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түседі.

Күн мен түннің ұзақтығы-күз мезгілінде күн қысқарады да, ал түн ұзарады.

 

Сергіту сәті.

 

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1.Күзгі бақтағы еңбек туралы түсіндіру.

2.Жарты алманың екінші бөлігін тапқызу.

3.Жеміс пен жидек сөзіне сөздік жұмысын жүргізіп, оларға не жататынын айту, айырмашылықтарын түсіндіру.

Жеміс дегеніміз – жеміс беретін ағаштар мен сабақты өсімдіктер басына шығатын шырынды мәуе.

Жидек дегеніміз – таңқурай, бүлдірген, құлпынай өсімдіктері жемісінің жалпы атауы.

 

Дидактикалық ойын :«Бақшада ма, бауда ма?»

Шарты: жеміс-жидектер қайда өсетінін және көкөністер қайда өсетінін тауып айту. Жеміс ағашына – бауға- жеміс-жидектерді, бақшаға – көкөністерді жапсыру.

 

 

 

Күз туралы тақпақтар айтады

 

 

Жаз мезгілі мен күз мезгілінің ерекшелігін салыстыру арқылы түсінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимылмен көрсетеді.

 

 

 

Тапсырмаларды ынтамен орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дидактикалық ойынға балалар белсене қатысады.

 

Рефлексиялық коррекция

 

Сабақты қорытындылау.

-Бүгінгі сабақта не үйрендік?

-Табиғаттағы күз мезгілінің өзгерістерін, ерекшелігін айтып беріңдер.

 

 

Табиғаттағы күз мезгілінің өзгерістерін, ерекшелігін айтып береді.

 

Күтілетін нәтиже: табиғаттағы күзгі өзгерістерді бақылап, ол туралы өз ойларын жеткізе білуі.                                                                                                       Білуі тиіс: күз мезгілінің ерекше сыйын түсініп, бағалай білуі.                              Түсінігі: ауа температурасының өзгеруін түсіну.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master