12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ – ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ақмола облысы
Егіндікөл ауданы
№ 1 Егіндікөл орта мектебі
Әбішева Жанат Балтабайқызы
жоғары санатты

бастауыш сынып мұғалімі

12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ – ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу – әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе.
Әлемнің бірқатар елдерінде 12 жылдық білім берудің белгілі бір халықаралық стандарты қалыптасқан.
12 жылдық білім беруді жүзеге асыру мақсатында 2003-2004 оқу жылынан бастап 12 жылдық оқыту стандарты бойынша 1 сыныптан бастап 12 жылдық білім берудің тәжірибесі енгізіліп, бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді.
12 жылдық білімге көшу – бұл ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол «жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзіретті 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу екендігін әлемдегі өркениетті елдер мойындап отыр. Сондықтан да тәуелсіз Қазақстанда да 12-жылдық білім беру жүйесіне көшу үшін талпыныстар жасалып жатыр.
12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саясатындағы келелі мәселелерді шешудегі нақты қадам болып табылады. Ортақ мақсат пен ұлттық мұратқа жеткізетін игіліктерге еліміздің әр азаматы құзырлығына сай өз үлесін қосатын болса, онда ұлттық рухымыздың биіктеуіне,рухани санамыздың жаңаруына нәтижесінде тың идеялардың тууына ықпал ететін парасатты орта қалптастыратын боламыз. Ол өркениетті елдердің озық тәжірибесін үлгі ете отырып, ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа мектептен бастау алатыны сөзсіз.

Білім беру жүйесіндегі реформаның міндеті тек қана қосымша бір немесе 2 жыл қосу емес, қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес, жиырма бірінші ғасыр мектебін жаңарта отырып, алған білімі мен біліктерін өмірде шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі түсінікті.

12 жылдық оқытудағы басты мақсаты:

Қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғар білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.

12 жылдық мектептің негізгі мақсаты:
Оқушының зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту.тұлғаны қалыптастыруды және дамытуды» алдын ала болжайды.
12 жылдық жалпы орта білім білім беру Тұжырымдамасының нақтыланған мақсаты біздің қалалық түбегейлі жоспардың мақсатына үндес.
Ал, бұл біздің табысқа жетуіміздің басты бағдары. Біздің мектепте құрылған білім беру ортасы – біз үшін белгіленген мақсаттарға жетудің даму мүмкіндігі. Бізге тек қана оны дұрыс пайдалана білу керек.
Елбасының «Балапан» бағдарламасы аясында біз де қалыс қалмай мектебімізде жас жеткіншектерді тәрбиелеуде жұмыстар жүргізіп жатырмыз. 12 жылдық білім берудің дайындық сыныбына дайындау жұмыстарын 5 жастан бастап ұйымдастыру мақсатында жоспарланған сағаттардан басқа эстетикалық бағытта тәрбиелеу (би, бейнелеу, ән, ойын) сабақтары жүргізіледі. Оқу іс-әрекеттері интеграциялық түрде жүргізілді.
Жаңа стандарттың бір ерекшелігі бастауыш сатыны бітірген оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарда көрініс тапқан . Бұрынғы стандартта оқушы өзі оқыған білім негіздерінің жалпы ережелерінен білім, білік, дағдыларды түсініп, талдай білуі қажет десе, жаңа стандарт жобасында оқушының өз пікірі мен көзқарасы қамтылып және білім негіздерін өмірмен, күнделікті іс-әрекетпен байланыстырып өзі қорытынды шығаруға ұмтылдыру. Базистік жоспар бойынша 2-4 сыныптарда 2 сағат орыс тілі, 1 сағат шет тілі, 1 сағат информатика енгізілген.
Сынып мұғалімдері түгел курстан өткен, куәліктері бар. Олар 12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығымен үнемі байланыста болып, жарты жылдық қорытынды есептерін және оқулықтарға өз пікірлерін жіберіп отырады.
12 жылдық білім беруге өтудің эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыруда бірнеше семинар, конференциялар өткізілді.
2007 жылы мамыр айының 17 күні Көкшетау қаласында
«Жаңа буын оқулықтары: іздену, проблемалар, болашақ» тақырыбы бойынша өткен облыстық ғылыми – практикалық конференцияға қатыса отырып, өзім «12 жылдық білімге көшу. Жаңа ғасырдағы – жаңа мектеп» тақырыбында баяндама жасадым. Бұл баяндамам «12 жылдық білім беру» журналының бетінде жарық көріп, шағын әдістемелік құрал ретінде шықты. Мектебімізде осы төңірегінде бірнеше семинарлар мен онкүндіктер, апталықтар өткізіліп, көрші ауылдармен тәжірибе алмасып, бөлісіп отырамыз. Тәжірибе нәтижесінде жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиеленгендігі байқалды. Балаларға көрнекіліктер және ойын элементтерін қолдана отырып, интерактивтік тақта бойынша сабақтар көрсетіліп, қарапайым түсініктерді қалыптастырамыз.
5 жастағы балаларды мектепалды даярлау, олардың психологиялық, педагогикалық, дене және физиологиялық талаптарын ескере отырып, бастауыш мектепке оқытуға дайындау сапасының басты жағдайы ретінде жүзеге асырылады.
Баға қоймай оқыту жағдайында кіші жастағы оқушылардың оқу -дағы жетістіктерін бағалау, бағалаудың 12 жылдық жүйесін ұйымдастыру.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда қолданып жүрген бес балдық жүйенің көп жағдайда бала психологиясына кері әсерін тигізетіні мәлім. Олар «3» немесе «2» деген баға алудан қорқады.
Қойылған бағаның мәнін жеткілікті түсінбейді. Орыс педагогі В.А.Сухомлинский «…. баланың талабы да, оқуға көзқарасы да, тіпті білімі де емес, тек алға жылжуы бағалануы тиіс» деген екен.
Оқу нәтижесін бағамен ғана емес, мақтау қағаздарымен, алғыс жариялаумен т.б. жолдармен де анықтауға да болады.
Осы тұрғыдан алғанда да оқушы портфолиосының жүргізілуі нәтижелі іс болып саналады .
12 жылдық эксперимент сыныптарда оқитын оқушылардың 1-сыныптан бастап портфолиосы жинақталған. Портфолио дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығындағы оқушының оқудағы, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік қызмет саласындағы құзіреттілігін айқындай отырып, жеке жетістіктерінің негізде өз бейінін айқындауға мүмкіндік беретін жинақ.
Портфолио мазмұны бойынша 3-ке бөлінеді.
1. Құжаттар портфолиосы –білім жетістіктерінің портфелі.
2. Жұмыс және жоба портфолиосы-оқушылардың шығармашылық және жобалық жұмыстарының жинағы.
1. Пікірлер портфолиосы – мұғалімнің, оқушының сыныптағы жұмысы мен оның нәтижесі туралы оқушының жазбаша талдауы енгізіледі.
Эксперимент сыныптардағы оқушылардың үлгірім табелінде оқушы портфолиосы 10 балдық жүйемен бағалау тәжірибе ретінде қолданылып отыр. Оқушы портфолиосының жинақталуы оның белсенділігін арттырады, жетістіктерінің көрінісі айқындалып, баланың қандай бағдарға бейім екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
12 жылдық жалпы білім берудегі оқу –тәрбие процесін ұйымдастырудың айырмашылығы:
12 жылдық жалпы орта білім беру 6 жастан басталады, себебі :
1. баланың салмағы мен бойы тез өсе бастайды.
қозғалыс белсенділігі артады.
1. орталық нерв жүйесінің қызметінің ауысуы басталады.
2. ерік – жігері күшейеді.
3. тіл дамуында, интелектуалдық дамуы, ойы, зейіні, ес, қиял, өзгерістері дамиды.
4. сөздік қоры ұлғаяды.
5. танымдық белсенділігі артады, яғни, оқушылардың бойында психофизиологиялық жетілу жұмыстары жүзеге асады. Сондықтан оқушылардың мектеп жасын төмендегідей бөледі:
6. кіші мектеп жасы 6 / 7 – 10 / 11
7. жасөспірім жасы 11 / 12 – 15 / 16
8. жеткіншек жасы 17-18 / 19
Баланың мектепке бейімделу процесін жеңілдету мақсатында 1 – ші сыныптарды ұйымдастыру талаптарына оқу жүктемесін біртіндеп арттыратын оқу сабақтарының «баспалдақтық» тәртібін қолданамыз.
1-5 сыныптар аптасына 6 күн оқиды, 6 күні шығармашылық жұмыстар, еңбек сабақтары жүргшізіледі.
1-4 сыныптар сабақтары тек күннің бірінші жартысында өткізілуге тиісті, сағат 9.00.
Екінші сабақтан кейін таза ауада қозғалмалы ойындар өткізу ұсынылады. Сабақта сергіту сәті екіден кем емес өткізілуі тиіс. Сабақтар арасындағы
үзілістердің ұзақтығы оқушылардың белсенді демалысы мен ыстық тамақтың ұйымдастырылуын ескере отырып, 15 минуттан кем болмауы тиіс. Үшінші сабақтан соң 20 минуттық үзіліте бастауыш сынып оқушыларына ыстық тамақ тегін беріледі.
Оқушы білімінің сапасы – оқулық сапасымен тікелей байланысты.
12 жылдық эксперимент сыныптардың оқулықтары тартымды және түсінікті жазылған, оқу материалдарын теорияға және тәжірибеге бөлуге ыңғайлы, жеке тұлғаны дамытуға арналған әр тақырыпқа түрлі–түсті иллюстрациялар берілген. Мысалы, математика оқулығы балалардың жас ерекшеліктерін, яғни олардың ой-өрісін, даму деңгейін ескере отырып берілген.
Қазақ тілі, орыс тілі пән оқулықтарының мазмұны оқушыларға берілетін білімнің нәтижелілігіне, оқулықтағы тапсырмалар шығармашылық тұрғыда және мәдени-тарихи құндылықтарды таныту мақсатында құрылған. Өткен оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына Өзін – өзі тану пәні еңгізілді. Өзін – өзі тану – өмірді тану мақсатында оқушылармен көптеген жұмыстар жүргізіле отырып, оқушыларды мәдениеттілікке, бір – біріне деген достық қарым – қатынасты нығайтуға, сыйластыққа, түсінушілікке, тәрбиеге баулиды.
12 жылдық сыныптарда математика, қазақ тілі, орыс тілі пәндеріне жай сыныптарға қарағанда жеткілікті сағаттар бөлінген. Материалды жан-жақта түсіндіруге мүмкіндік мол, соның себебінен оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, жан-жақты ойлауы, тез шешім қабылдауы, өзіндік көзқарасы қалыптасады.
Дегенмен, 12 жылдық білім беруге арналған эксперименталдық Базистік оқу жоспары әлде де нақтылауды қажет етеді. Шет тілі, информатика,қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндері бойынша сыныптағы оқушылардың саны 25 және одан жоғары болған кезде оқу топқа бөлініп жүргізіледі. Бұл ауылдық мектептер үшін тиімсіз.
11 жылдық негізгі орта білім берудің Базистік оқу жоспарында ауылдық мектептерде бала саны 20 және одан жоғары болса, жоғарыда аталған пәндер бөліп оқытылады.
Оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
Алты жасар балаларға арналған бөлмелердің санитарлық жағдайы «Жалпы орта білім беру мектептеріндегі санитарлық ережелер туралы» талаптарына сәйкес болуы керек.
Оқушылардың орындарын жабдықтауға арналған жиһаздардың өлшемдері стандартталған. Бастауыш сыныптың оқушыларының бой өлшемдеріне арналған парталар, оқушы столы мен орындығы 3 топқа бөлінеді.
А тобы – бой өлшемі 130 см оқушыларға арналған;
Б тобы – бой өлшемі 130 см-ден 145 см дейінгі оқушыларға арналған;
В тобы – бой өлшемі 145 см-ден 165 см болатын оқушыларға арналған.
Столдың төменгі жақ бетінден жиһаздың тобы бөлшекпен белгіленеді және оқушының бойы көрсетіледі. Мысалы: ____ A ____
6 жасар балалар оқушы столында отырады. Столдарды бір, екі немесе үш қатармен де қоюға болады. Парта мен столдарға оқушыларды отырғызған кезде олардың бойы, естуі мен көру деңгейлері ескерілуі керек.
12 жылдық мектептегі кабинеттердің жабдықталуы арнай ережеге сай болуы тиіс.
12 жылдық оқытудың бастауыш сыныптарында оқу кабинетімен қатар оқушылардың ойын кабинеттері де қарастырылады, сонымен бірге оқушылардың психологиялық ой-жүйесін қалпына келтіруде мұғалімдер мен оқушылар үшін психологиялық кабинеттің қызметін пайдалану жұмыстары жүргізілуі қажет.
Жұмыс уақыты басталмай тұрып, осы қарастырылған қажеттіліктерді дайындап алады.
«12 жылдық білім беру» орталығымен біріге отырып тоқсан сайын білім сапасын тексеру жұмыстары, жылына екі рет диагностикалау жұмыстары жүргізілуі тиіс. Мұнда оқушылардың білім сапасы мен бірге даму шарттары, яғни кешенді педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік, валелогиялық мониторингтер жүргізіледі.
12 жылдық білімге көшу жағдайында мұғалім ата – аналармен тығыз байланыста болып, ата-ананың мектеппен байланысын, отбасымен қарым – қатынасын нығайту жолдарында түрлі сауалнамалар мен әлеуметтік зерттеулер жүргізуі міндетті.
Қорыта айтқанда, 12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саласындағы келелі мәселелерді шешуде нақты қадам болып табылады. Білім беру құрылымы мен мазмұнының түбегейлі жаңаруы еліміздің болашағына ие болар білікті жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына игі ықпал етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы.
2. Бастауыш сыныпта оқыту журналдары.
3. Қазақстан мұғалімі газеті.
4.Сыныптағы тәрбие журналы
5. 12-жылдық білім берудің Республикалық ғылыми-әдістемелік журналдары.
6. Методикалық құрал Мектептегі 12 жылдық жағдайлары.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment