Бір күндік белсенділік (флеш-моб)

флншАтырау облысы,  Индер ауданы,  Елтай ауылы

 «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасының психологі                                                       

                 Қарабалина Дина Махметқызы

Бір күндік белсенділік  (флеш-моб)

Құрметті ата-аналар! Бүгін жаңа технологиялық әдістің бір түрі «бір күндік белсенділікке (флеш-моб)» қош келдіңіздер!Күнделікті өмірде барлығымызда көңілді көңіл-күйде жүреміз,сондықтан бүгінгі күнімізді сіздер мен біздер арқылы «бір күндік көңіл-күйге» арнап отырмын. Қазір сіздер түрлі-түсті смайликтің суреттерін өз топтарыңыздың түстеріне қарай алып,үстелге отырасыздар.Әрбір топтағы бір суретте сыйлық бар,сол сыйлық кімге бұйырса сол сыйлыққа ие болады. Қазір барлығыңызды  дөңгеленіп тұрып, тренингке қатысуларыңызды сұраймын.

                      Тақырыбы:   « Поезд»  жаттығуы:

Мақсаты: Психологиялық және физикалық қысымнан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру, шапшаңдыққа, жаттығуды бірдей жасауға дағдыландыру

Жаттығудың жүрісі: Топпен шеңбер бойына тұрып,қатар бойынша әр адам бірінші,екінші,үшінші,төртінші,бесінші,алтыншы сандар бойынша  өз реттік қатарын білуі керек.Біріншілер –екі қолмен кезекпен кезек қол шатыр жасау,екіншілер –стақан жасау-алақанды жайып,жұдырықты түю,үшіншілер-қолды сыртылдату,төртінші- алақанмен шапалақтау, бесінші-саусақты кезекпен бір-біріне тигізу,алтыншы-бір қолды жұмып-бір қолды ашу,енді жаттығуды болғасын барлығымыз  шеңбер бойынша поезд болып жүріп, поезд доңғалақтарының шуылын саламыз.                                                                               Ата-аналар! Жаттығуды бірінші барлығымыз бірдей жасап көрелік ,содан кейін әрбір реттік сан бойынша жаттығуды саусақтарымызбен  жасауымыз керек.                                                                                                            Кәне, 1саны-қол шатыр жасаймыз,  2саны-стақан жасаймыз, 3саны-қолды сыртылдату, 4саны-алақанмен қол шапалақтау, 5саны-саусақты саусаққа тигізіп 5-ке дейін санау, 6саны-бір қолдың алақанын ашу, біреуімен жұдырық түйеміз. Көп-көп рахмет,  енді барлығымыз бір-бірімізден ұстап поезд болып жүреміз, мен паровоз боламын, ал сіздер вагонсыздар. Барлығымыз поездың жүріп келе жатқан доңғалақтарының дыбысын саламыз.                                      Бүгінгі тренингке ұйымшылдықпен қатынасып, көп-көп рахмет айтып, бүгінгі «бір күндік белсенділікке» қызығушылық танытқандарыңызға  өз ризашылығымды білдіремін.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master