ҰБТ-ға сеніммен барайық

убт1Искакова Бибігүл

№57 Е.Көшербаев атындағы мектеп психологы

Тренинг

ҰБТ-ға сеніммен барайық

Мақсаты: Мектеп  түлектерінің  ҰБТ – ға дайындығын тексере отырып, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға, адал болуға психологиялық көмек көрсете отырып, өзін-өзі реттеуін, өзі-өзі бақылауға дағдыландыруын  және сенімділігін  арттыруын  жүзеге асыру.

 

Көрнекілігі: слайдтар, шар, нақыл сөздер.

«Өз өмірің, өз әлемің, өз қолында»

 

  • Ереже: Бір – бірімізді тыңдаймыз;
  • Өз ойларымызбен  бөлісеміз;
  • Маңызды нәрселерді ғана айтамыз
  • Белсенділік   көрсетеміз;
  • Уақытты  үнемдейміз;
  • Өз ойымызды ашық айту.

Психолог сөзі:  Құрметті мектеп түлектері сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады. Сіздер кеше ғана бүлдіршін бала болсаңыздар,  міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын тұрған түлексіздер. Алдарыңызда үлкен болашақ, ұлы мақсат міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім көп еңбектенсе, сол жеңіске жетеді деге сөз бар. Сондықтанда сіздерге тек сәттілік тілеймін.

  Сәлемдесу. Оқушылар хормен:

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз «Біз»

 

Танысу жаттығуы: Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.

Мыс: Шыншыл – Шыңғыс

Гүлдей – Гүлзат

Арайлы – Арайлым

Әдемі – Әсия

 

Психолог сөзі:

“Бала туғанда ақ қағаздай болып туылады, оған шимай қалай салынса, бала тәрбиесі де сол сияқты”.
Ж.Ж. Руссо

 

Ой – қозғау.

1). ҰБТ – ге  жақсы дайындалу үшін не  істеу  керек ?

Ойлануға  2 минут беріледі. Оқушылардың  пікірі.

Қоңырбаев А.

Кендебаева Ж

Бекмырзаев Н

 

Психолог сөзі:

Тестілеудің бастапқы бөлімін толтырған соң (бланк толтыру), айналадағыларды ұмытуға тырыс. Сені тест тапсырмалары  мен  тестке берілген  уақыт  қана қызықтыруы  тиіс.

 

Сергіту сәті: Слайдпен жаттығулар көрсетілді.

Физикалық  және ақыл – ой еңбегін кезектестіріп отыру керек.

–   Көзді 20 – 30 секунд  сайын тынықтырып  отыру  қажет (көзді кітаптан

алып  жан – жаққа  қарау)

–  Теледидарды  көп  қарамау  керек.

Психолог сөзі:

Асықпай тездет! Берілген уақыттың тар шеңбері сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс. Сұраққа жауап берер алдында сұрақты екі рет оқып шығып, нені сұрап тұрғанын толық түсінгеніңе көз жеткіз.

Оңайынан баста! Көп ойлануды талап ететін сұрақтарға тоқтамай, өзің  жақсы білетін,оңайларынан бастағаның жөн.Сен қобалжудан арылғанда, басының ауырғаны да қойып, жұмыс ритміне енесің. Жүйке жүйесінің мазалауынан арылып, барлық энергияңды  қиын  сұрақтарға  сақтайсың.

          Есіңде сақта: мәтінде міндетті түрде сен жауап бере алатын сұрағың табылады.  Сұрақты соңына дейін оқы! Асығыстық тапсырманы “алғашқы сөздеріне” түсініп, соңын өзіңнің ойыңша аяқтауыңа алып келуіне тиісті емес. Бұл оңай сұрақтан  қате  жіберуге  алып  келетін  жол. Ойланып жауап беруге тырыс! Сіздерге  сәттілік  тілейміз !!!

         Тексер! Тапсырмаларға жауаптарыңды қайта тексеруге, ең болмаса көз жүгіртіп өтуге уақыт қалдыр.

         Болжа! Егер сен дұрыс жауапты білмесең, интуицияңа сеніңуіңе болады. Онда да ең дұрысқа жақын болуы тиіс деген нұсқасын таңдауға тырыс

         Көңіліңді түсірме! Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе бойынша бұл мүмкін емес екендігін естен шығарма. Тест тапсырмалары ең қиын дәрежеге есептелген және сен орындаған тапсырмалар жақсы деп  бағалануы  әбден  мүмкін.

         Жеңілінен баста! Өзің жақсы білетін, еш күмәнсіз сұрақтарға жауап беруден баста, көп ойлануды қажет ететіндеріне бөгелме. Сонда сен тынышталып, басың анық әрі нақты жұмыс істей бастайды, сондықтан сен де жұмыс ырғағына енесің. Сен нервоздықтан құтылып, барлық энергияң соңынан неғұрлым қиын сұрақтарға бағытталады.

Өткізіп жібер! Қиын немесе түсініксіз тапсырмаларды өткізіп жіберуді үйрен. Есіңе сақта: тексте қашанда сен оңай жауап бере алатын  сұрақтар  міндетті  түрде  кездеседі.

Оқушылардың  стреске жақындығын айқындау.

Аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау. Оқушыларға карточка таратылады, өз ойларын толықтырады.

Шынын айтсам ҰБТ –ға дайындалған кезде . . .

Шынын айтсам,  ҰБТ  туралы естіген кезде . . .

 

Сергіту сәті. «Стрессті қалай жеңуге болады»? Ойын барысы ортаға оқушылар шығып шар үріп бойында жүрген жаман әдет қылықтардан арылып, шарға толтырып   содан соң  ауаға ұшырады , алдағы уақытта  өмірдегі жақсы қасиеттерді бойымызға  жинап тек жақсылық ойлаймыз.

 

 

 

Ойынды аяқтау. Ортаға барлық оқушыла шығып, шеңбер құрып тұрады.

 

Психолог сөзі: Мінеки оушылар стресс осылай жиналады, ол жинала берсе сенің денсаулығыңа, алда болатын ҰБТ- ға дайындығыңа психологиялық дұрыс қалыптасуыңа өте зиянды, сол үшін бойындағы жағымсыздық қасиет тудыратын сөздерді дұрыс қабылдап, стресске ұшырамауларыңа тілектеспін.

 

Тілек ағашы. Ендігі кезек жарқыраған күннің астында ҰБТ-ға сеніммен баруға байланысты бір-бірлеріңе тілек тілеңіздер.

 

Психолог сөзі: Құрметті мектеп түлектері алдарыңызда үлкен сын намысты дода  сол сынға әрқашан сеніммен барыңыздар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады. Сондықтан да сол сәтті сезіне білу арқылы бақытты болыңыздар.Бір-бірлеріңіздің қолдарыңызды ұстап жоғары көтеріп бір дауыспен біз «ҰБТ-ға сеніммен барамыз»! деп айқайлаңыздар.

 

 

Қорытындылау.  Қатысқан мұғалімдер сөзі:

Әлеуметтік педагог: Қасымов Болат: Шәкәрім Құдайбердіұлының “Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады. Олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек” деген нақыл сөзін үнемі естеріңізде  ұстаңыздар.

Мектеп мұғалімі: Шынжанова А: ҰБТ-ға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сынып жетекшісі: Жалғасбае Н: ҰБТ-тен 125 балл алып,  мектебіміздің абыройын асқақтатыңыздар деген тілектерін арнады.

убт2

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment