Тамырын жайып тереңге

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

 

Мектеп:  Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі

Мұғалімі:  Базылбекова   Н.О                 Оқушылар саны:22

Сыныбы:  7 «В»

Тақырыбы: Тамырын жайып тереңге

Құндылығы: «Дұрыс  әрекет»

Қасиеттер: Ақ көңілділік, ақ жүректілік, ақ ниеттілік , ибалық.

Мақсаты: Оқушыларға отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру.

Міндеттері:

 

  • Отбасы құндылығы, отбасы бақыты, ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру
  • Өз туған үйлерімен отбасыларына деген сүйіспеншіліктерін дамыту.
  • Өз туған үйлерімен отбастарын құрметтеуге бағалай біліуге тәрбиелеу.

Көрнекті құрал: Слайд, үн таспа, бейне  таспа, интер белсенді тақта.

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі – тыныштық сәті.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Дәйексөз.

4.Әңгімелеу «Мұғалім сыйы».

5.Шығармашылық топтық жұмыс.

6.Топпен ән айту.

7.Үй тапсырмасы.

  1. Соңғы тыныштық сәті.

 

1.Ұйымдастыру  кезеңі: Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. (5  Т еске алу)  (Тәртіп,  татулық,  тазалық,   тыныштық,  талап) .

Тыныштық сәті: «Нұрға  бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ -қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп  көріңіз: Күн нұры  сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем   гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызбен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз.Құлақтарыңыз тек жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап бәрінен тек жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі сәулелелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға мұғалімдеріңізге, достарыңызға таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге барлық адамдарға жан-жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түкпір түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз « Мен нұрлымын» «Нұр менің ішімде». «Мен нұрмын». Осындай нұр  махаббат және тыныштық  күйінде отыра тұрыңыз.

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

« Ақылды егінші» мазмұнын айту.

Оқушылардың пікірін білу мақсатында сұрақтар қою балалардың жауаптарын түйіндеу.

  1. Егіншінің қанағаты мен бақытты күйінің сыры неде?
  2. Егіншінің патшаға берген  үш жауабы.

3.Дәйек сөз: Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы-әдеп пен сый (М.Әуезов)

Әр отбасы жеке мемлекет. Бұл кішкентай мемлекеттің негізін қалаушы оны басқарушы отағасы әке. Отбасының рухани материалдық жағынан құлдырамай мықты болуы әкеге байланысты. Әке демеу болса ана ерекше мейірімділікпен махаббаттың көзі. Аталарымыз баланы бесікте жатқан кезінен бастап «үлкенді сыйла, үлкен адамның жолын кесіп өтпе »  деп тәрбиелеген . Ата-бабамыз ұлының жау жүрек батыр қызының ибалы да ақылды болып өсуіне бар қажыр қайраттарын жұмсаған ұрпағының тәрбиесімен арнайы айналысқан.  Қазақта «әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген ұлағатты ұлы сөз  тектен текке айтылмағаны шындық.

4.Мұғалім сыйы: «Еңбек түбі- береке»

Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы сушы болған қазір құрметті демалыста сонда да үйде отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені, оны  ешқашан шаршатпайтын.

-Ата маңдай тер деген не?- деп сұрады бірде Хамит.

Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады әжімдері тереңдеді. Сонан соң Хамитті жетектеп  өзі көшет алып жүрген тоғайға келді.Хамиттің  қолына күрек ұстатты. Қане екі-үш рет қазып ал өзі шеткерек барып ағаш көлеңкесіне жайғасты. Хамит пора-пора болып терледі. Жылдар өтіп жатты. Көшеттер үлкен ағашқа айналды да ,  алма ағаштары  мол жеміс берді. Хамитке қып-қызыл алманың біреуін үзіп қолына ұстатты.

-Маңдай тер деген осы Хамитжан.Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі -деді атасы.

Пікірлесу сұрақтарға жауап беру.

 Шығармашылық топтық жұмыс:

1-топ

«Ата -асқар тау,

Ана мөлдір бұлақ

Бала жағасындағы құрақ»- деген ұлағатты сөздің мағынасын ашу.

 

2-топ

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»- деген мақалдың мағынасын ашу.

 

3-топ

«Бала ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі»-деген сөздің мағынасын ашу.

 

 

5.Топ пен ән айту

«Анашым»  сөзі Қ.Жұмағалиевтіке, әні М.Омаров

Шет жүрсем сағынарым

Жабықсам шағынарым

Анашым бір өзіңсің

Табынарым

 

Қ-сы

Анашым, шалқып күлсем

Алдымда ұзақ жүрсең

Жүрегім жыр толғайды.

Көңілім ортаймайды.

Анасы бар адамдар

Ешқашан қартаймайды.

 

Ұшырған сұңқарыңмын

Қияға шырқарыңмын

Бәйгеге өзің қосқан

Тұлпарыңмын.

 

Қ-сы

 

6.Үй тапсырмасы.

«Әр отбасы –жеке мемлекет»  эссе жазып келу.

 

7.Тыныштық сәті.

Оқушылар мұғаліммен бірге төмендегі өлең жолдарын қосылып айтады.

Тыныштық, Тыныштық, Тыныштық, Тыныштық бар жерде

Тыныштық, Тыныштық, Тыныштық, Тыныштық бүкіл әлем де.Көзімізді   жұмып,  осы  сабақта  айтылған  ойлар  мен  істерді,  ой  елегінен  өткізіп  көрейікші.  Барлық  жақсы  ойларды,  жүрегіміздің  түкпіріне  қондырайық.

.

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master