Осы заманғы жаппай жою қаруы.Химиялық қару

Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Тайпақ ауылы
Тайпақ колледжі
Хамзин Хасен АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы

Сабақтың тақырыбы: Осы заманғы жаппай жою қаруы.Химиялық қару

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: оқушыларға жаппай жою қаруларының оның ішінде химиялық қарудың жойқын күш және оның қарсыласқа орны толмас зардап шектіретінін ұғындыру;

Тәрбиелік: әскери антқа адал болуға,өз Отанының патриоты болуға,әр түрлі қиыншылыққа табандылықпен төзуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: оқушыларды әскери кәсіптік біліктілікті ұдайы меңгеруге,әскери шеберлігін жетілдіру әрекетіне дағдыландыру,өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге,оларды ұдайы әзірлікте ұстауға машықтандыру.

  • Сабақтың түрі:аралас сабақ
  • Сабақтың әдісі: баяндау,көрсету,түсіндіру.
  • Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, суреттер, слайд,интернет материалдары
  • Пәнаралық байланыс: Химия.
  • Сабақтың барысы:
  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Үй тапсырмасын тексеру сұрақтар мен тапсырмалар.
  • Ядролық жарылыстан жеке құрамның зақымдану дәрежелері қандай?
  1. Ядролық жарылыстан қару-жарақ пен әскери техниканың зақымдану дәрежелері қандай?

3.Фортификациялық құрылыстардың қирау дәрежесі туралы айтыңдар.

  • Жаңа сабақ:
  • Сабақтың оқыту сұрақтары:
  • Химиялық қару,
  • Улағыш заттарды адам организміне әсері бойынша топтастыру.
  • Химиялық зақымдану ошақтары

Химиялық қарудың тарихы

Химиялық қаруды қолданған:

  • Неміс әскерлері Бірінші дүниежүзілік соғыста 1915 жылы Ипр өзені ауданында (Бельгия)-хлорды. 15000 астам француз солдаты уланған.
  • 5мыңдай адам қаза тапқан.
  • Бір айдан кейін немістер орыс әскерлеріне қарсы газ шабуылын жасаған 9000 адам уланып,1200 қаза тапқан.
  • Екінші дүниежүзілік соғыста фашистер газ камераларында адамдарды қыруға пайдаланған.

2-ші италия-эфиопия соғысы (1935—1941)

  • 2-ші япон-қытай соғысы (1937—1945)
  • Вьетнам соғысы (1955-1975)
  • Солтүстік Йемендегі азамат соғысы (1962—1970)
  • Иран-ирак соғысы (1980—1988)

     Химиялық қару дегеніміз-бұл улағыш заттар мен оларды қолдану құралдары.

       Улағыш заттар деп-ұрыстық қолдануда адам күшін жаппай шығынға ұшыратуға арналған токсинді химиялық қосындыларды айтады.

 

 

 

 

 

Психохимиялық

 

Жалпы улы
Тітіркендіргіш
Жүйке жансыздандыратын
Теріні

іріңдеткіш

УЗ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зақымдаушы әрекеті басталуының жылдамдығына қарай

 

Өлтіретін

 

Адам күшін (өлімші етіп) зақымдайды.Бұл топқа жүйке жансыздандыратын (теріні іріңдететін), жалпы улы, тұншықтырғыш әрекетті УЗ

 

Уақытша саптан шығаратынн

 

Адам ды бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін өмірлік қарекетінен айырады (психохимиялық әрекетті,стафилококтық PG токсині)

 

 

 

 

 

 

 

 

Адам ды аз уақытқа өмірлік қарекетінен айырады,атмосферада бірнеше сағатқа дейін сақталады (тітіркендіретін әрекетті УЗ)

 

Уақытша саптан шығаратынн

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұйық-тамшы

 

 

Аэрозольдық (түтін,тұман,сіркіреу)

 

 

Бу тәрізді (газ тәрізді )

 

 

УЗ күйлері

 

Ұрыстық қолдану сәтінде                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       

 

Олар адамдарды тыныс органдары,кілегей қабықтар және тері қабаттары арқылы,ал зақымдалған өнімдер мен суды тұтынғанда асқазан-ішек жолы арқылы зақымдайды

 

 

 

 

 

 

 

Улағыш заттардың қасиеттері

Химиялық оқ-дәрілердің қолдану характеристикасына қарай:

  • Қолданылған улағыш заттардың тұрақтылығы;
  • УЗ-ң адам ағзасына физиологиялық әсер ету зақымдылығы;
  • УЗ-ды қолдану әдіс-тәсілдері мен түрлеріне қарай;
  • Тактикалық әдіс-тәсілдеріне қарай;
  • Әсер ету жылдамдығына қарай;
  • Тұрақтылық:
  • УЗ-ы қолданғаннан кейін,зақымдау әсерінің ұзақтығына байланысты олар бөлінеді:
  • тұрақты (иприт, люизит, VX)
  • тұрақсыз (фосген, синил қышқылы)
  • Улағыш заттардың тұрақтылығы:
  • олардың физикалық және химиялық қасиеттеріне;
  • қолдану түрлері мен әдіс-тәсілдеріне;
  • ауа-райы жағдайына;
  • УЗ-ы қолданған жеріне байланысты.
  • Тұрақты УЗ зақымдау әрекетін бірнеше сағат,тәулік және апта бойына сақтайды

УЗ мынадай мақсатта қолданылады:

  • -қарсыластың тірі күшін жою немесе уақытша қатардан шығару,ол үшін қарсылас біріншіден жүйке-жансыздандыратын әрекетті УЗ-ы пайдаланады:
  • -қарсыластың тірі күшін басу (қарсыластың маневр жасау мен ұрыс әрекеті түрлерін қиындату мақсатында жергілікті жер мен түрлі объектілерді улағыш заттармен зақымдау) ол үшін тері-іріңдік, жүйке-жансыздандыратын әрекетті УЗ-ы пайдаланады;
  • -қарсыластың ұрысқа қабілеттілігін шектеу (адамдардың зорығуы) бұл қарсыластың тірі күшін қорғану құралдары және бойтасамен ұзақ уақыт пайдалануға мәжбүр ету, тірі күшін шығынға ұшырату,ол үшін тұрақтылығы жоғару УЗ-ы пайдаланады;
  • -жергілікті жер учаскелерін УЗ-мен зақымдау арқылы қарсылас әскерлерінің онда әрекет жасауына және қару-жарақ пен әскери техниканы қауіпсіз пайдалануға қиыншылық тудыру.

Химиялық қаруды обьектіге жеткізу үшін

Авиация,ракеталар,артиллерия,фугастар.

Улағыш заттардың негізгі характеристикалары

Жүйке-жансыздандыратын әрекетті УЗЗарин GB –түссіз не сарғыш сұйық. Исі жоқ,қыста қатпайды.Тұрақтылығы  жазда –бірнеше сағат, қыста – бірнеше тәулік.Зарин тыныс органдары,тері,асқазан-ішек жолы арқылы ішкі ағзаға түсіп жүйке жүйесін зақымдайды.

Заринмен  зақымданғанда: түкірік тоқтамау,қатты терлеу, жүрек айну,құсу,паралич,қорқыныш және естен тану сезімі,бірнеше сағатқа созылып сіңірдің тартылуы,қатты улану кезінде өлімге әкеліп соқтырады.

    Зоман GD – түссіз және иіссіз сұйықтық. Қасиеттері жағынан заринге ұқсас.Тұрақтылығы заринге қарағанда жоғары: адам ағзасына 10 есе күшті әсер етеді.

     V-газы VX (ви-икс) –ұшпалы емес түссіз сұйық,исі жоқ, тұрақтылығы 7-15 тәулік жазда  қыста- шексіз.   Жүйке-жансыздандыратын әрекетті УЗ ішінде V-газы100-1000 есеге улы .Зақымдау әрекеті тері қабаты арқылы күштірек болады. Тері қабатына түскен ұсақ тамшының өзі  адамды өлтіреді.

Қорғаныш құралдары ретінде:противогаз,қорғаныш киім, және пана.

АМК ретінде противогаз кигізіп,антидот енгізу. Терідегі  не киімдегі УЗ зақымдалған жерлер химияға қарсы жеке пакеттегі (ХЖП-8) сұйықпен өңделеді.Асқазанға түскенде құстыру керек немесе 1% ас содасы ерітіндісімен не таза су ішкізіп шаю керек,көз зақымдалса 2% ас содасы ерітіндісімен не таза сумен жуу керек.

Тері-іріңдік әрекетті УЗ-Иприт HD, люизит L,

     Иприт-аздап сарғыш не қара қоңыр сарымсақ (чеснок) немесе қыша (горчицы) исі шығып тұратын,суда нашар еритін сұйық. Тұрақтылығы: жазда  7-14 күн, қыста – бір ай және одан көп.Иприттің білдірмей әрекет ететін кезеңі болады (2 сағат және одан көп уақыттан кейін білінеді). Теріге тиген кезде бірден сіңеді. 4 – 8 сағат соң тері қызарып қышиды.  Бір тәуліктен кейін ұсақ қолдырағандар шығып кейін тұтасып барып жарылады да,жазылуы қиын жараға айналады.Қолдырағандар пайда болған кезде әлсіздік пен дененің қызуы көтеріледі.Иприттің аз мөлшерінің өзі көзге әсер етеді.(10 минут уақытта).Көзге бірдеңе түскендей болып жасаурайды,жарыққа қаратпайды,бұдан әрі көз бен қабақтың кілегейі ісініп қатты былшықтанады. Ауру 10 – 15 күнге созылып,одан кейін жазылуы мүмкін.Асқазан-ішек жолына түссе,30-60 минуттан кейін асақазан қатты ауырадытүкірік көбейіп,жүрек айниды,құстырады,одан әрі іш өтеді (кейде қан араласады).Әрі қарай –  паралич, әлсіздік және зорығу басталады. 3 – 12 тәулік ішінде толық әлсіреу мен зорығудан адам өледі.

    Люизит-қара-қоңыр майлы сұйық.Иприттен 3 есе улы. Организмге түскен соң 2-5 минуттан кейін әуелі жөтелтеді, түшкіртеді,мұрыннан су ағады,жүрек айниды,бас ауырады, дауыс шықпай қалады,құстырады,әл құриды.Көзге тисе 7-10 тәуліктен кейін көрмей қалады,тері күйеді. Люизиттен қатты уланған адам өледі.

Жалпы  улы УЗ-Синил қышқылы AC және хлорциан СК, мышьяк текті сутегі, фосфор текті сутегі .Синил қышқылы AC – түссіз, ащы бадам (горький миндаль)  иісті сұйық.Синил қышқылы тез ұшқыш,тек қана бу күйінде әсер етеді. Уланған ауамен дем алу кезінде адамды зақымдайды.

Синил қышқылымен зақымдану белгілері: ауамен дем алғанда ауыздан темірдің дәмі шығады,тамақ ашиды,тілдің ұшы ұйиды,әл құрып,бас айналады.Қорқыныш сезімі пада болады,қарашық үлкейеді,тамыр соғуы сиреп,тыныс алу біркелкі болмайды.Зақымданған адам есінен танып,сіңірлері тартылып, одан әрі паралич басталады.Дем алу тоқтап адам өледі. Дем алу тоқтағаннан кейін,жүрек  соғуы 3-7 минутқа созылады. Синил қышқылымен зақымданған адамның бет,кілегей қабаттарының қызаруы байқалады.

Қорғаныш құралдары: противогаз.пана.Зақымданғанда антидоты бар ампуланы сындырып иротивогаздың дулыға-маскасы астына кіргізеді.Жағдайы ауыр болғанда жасанды дем алдырып, медициналық пунктке жібереді.

Тұншықтырғыш УЗ Фосген CG и дифосген CG2

    Фосген – түссіз, ұшқыш шіріген шөп не шіріген алма иісі шығады  Тұрақтылығы 30-50 минут. Адам өзін фосгенмен зақымданғанын 4-6 сағаттан кейін сезінеді.Ұрыстық күйі –бу.

Фосген организмді оның буымен дем алғанда ғана зақымдайды,ондайда көздің кілегей қабығы тітіркенеді,жас ағады,ауыз жылымшы татиды (сладковатый неприятный вкус ), аздап бас айналады,әл құриды, жөтелтеді,кеуде қысылады,жүрек айниды (құстырады).Зақымданған ошақтан шыққан кейін бұл белгілер ғайып болып,зардап шеккен адам ештеңе болмағандай өзін 4-6 сағат бойына жақсы сезінеді.4-6 сағаттан кейін тыныс тарылып,қызу көтеріліп,су ағып жөтелтеді,ентікпе байқалып жүрек соғуы жиілейді.

Қорғану:зардап шегушіге противогаз кигізіп,зақымдалған аймақтан шығарып, жылы қымтап тыныш жатқызып қояды.

Тітіркендіргіш әрекетті УЗ: CS (си-эс), CR (си-ар)

СS –ақ,қатты ұшпа емес кристалды зат,бұрыш иісі болады. Ұрыстық күйі-аэрозоль.Аз мөлшерде көзге,тыныс органдарына тітіркендіргіш әрекеті бар,ал көп мөлшерде терінің ашық жерлерін күйдіреді,кей жағдайда тыныс алу,жүрек параличіне,өлімге апарып соғады.

Зақымдану белгілері: көз,кеуде қатты ашып ауырады,жас парлайды,көз жұмыла береді, түшкіртеді,мұрын бітеді (кейде қанайды),ауыз,мұрын жолы,жоғарғы тыныс жолдары ашиды,жөтелтеді.

CR-сары түсті кристалл зат.CR-ң токсиндік әрекеті CS-ке ұқсас бірақ тітіркендіргіш әрекеті неғұрлым күшті.

Психохимиялық әрекетті УЗ:  ВZ (би-зет)-иіссіз,ақ кристалл зат,суда ерімеді.Ауамен дем алғанда және зақымдалған тамақ пен су тұтынғанда зақымдайды. 0,5-3 сағаттан кейін білінеді. Аз мөлшерде ұйқы басады, ұрыстық белсенділігі төмендейді.Көп мөлшерде бірнеше сағаттың ішінде жүрек соғуы жиілейді,тері,ауыз құрғақсиды,қарашық үлкейеді.Келесі 8 сағаттың ішінде тіл күрмелу басталады.

Көзден жас ағызатын (слезоточивые )-хлорацетофенон «Черемуха» ( өзіне тән ерекше иісіне қарай аталған). 0,002 мг/л мөлшерінде ақ көзден жас ағады., 0,01 мг/л мөлшерінде адам көзіне қатты әсер етіп,көз бен мойын  терілері қызарады.0,08 мг/л мөлшерінен асқанда адам 15-30 минутқа есінен айырылады.; 10-11 мг/л  мөлшерінде адамды өлтіреді.Жануарлардың көзіне әсер етпейді.

Түшкіртетін УЗ- DM (адамсит), DA (дифенилхлорарсин),DC(дифенилциан арсин)

Зақымдану белгілері: тоқтамастан түшкіртіп,жөтелтеді,кеуде тұсын ауыртады.жүрек айнйды,құсқысы келеді,бас ауырады,жақ пен тіс ауырады,құлақ шулайды.Көп мөлшерде адамның тыныс алу органдары зақымданып,өкпе қабынады.

  • Химиялық қарудың тарихы?
  • Химиялық қару дегеніміз не?
  • Улағыш заттар дегеніміз не?
  • Адам организміне әсер ету сипатына қарай УЗ қандай түрге бөлінеді.
  • Зақымдаушы әрекеті басталуының жылдамдығына қарай УЗ түрлері атаңдар.
  • Улағыш заттардың қасиеттері қандай және қандай мақсатта қоланылады.
  • Химиялық қаруды мақсатына сай жеткізудің қандай тәсілдері бар?
  • Улағыш заттарға сипаттама беріңдер.

Үйге тапсырма:§4  249-259 беттер

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master