«Жарық жұлдыз» Эссе

 эссеҚостанай облысы, Жангелдин ауданы

Торғай ауылы

Ш.Уәлиханов атындағы

Торғай орта мектебінің 4  «А» сынып

оқушысы Қасым Тоғжан Абайқызы

«Жарық жұлдыз»

 

Ы.Алтынсарин- ұлы ағартушы, ұстаз. Ол қазақ жеріне білім жарығын алып келген адам.

Мен Ыбырай атаның есімін тұңғыш «Балдырған» балабақшасында жүргенде естідім.Балабақшадағы тәрбиешім Гүлзада апай бізге – Ыбырай ата-қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз, ағартушы. Ол кісі осы Торғай жерінде тұңғыш мектеп ашқан- деді.Ол мектепке ең алғаш небары он төрт бала ғана қабылданғанын айтты. Кішкентай бала болсақ та, Ыбырай атаның бар өмірін білімге арнағанын бала жүрегімізбен сезіндік.

Мектеп табалдырығын алғаш аттағанда қолымызға алған алғашқы оқулығымызда бізді білімге шақырған ұрандай болып, «Кел, балалар, оқылық! » өлеңі жазылып тұрды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған  бізге ұстазымыз Ақмарал апай: – Балалар, сендер мектеп табалдырығын алғаш аттап отырсыңдар, енді осы тұңғыш мектеп ашқан ұлы ұстазды  білесіңдер ме?- деді. Біз қолымызды көтеріп, Ыбырай Алтынсарин- дедік. Сонда ұстазымыз күлімдеп: «Иә, балалар, Торғай жерінде тұңғыш  мектеп ашып, білімге жол салған ұлы ұстаз- ол Ыбырай аталарың, ол кісі сендер сияқты балаларды оқуға, білімге шақырды.Сендер Ыбырай атаны құрметтеп, есімін дәріптеулерің керек- деді.

Қазір біз Ыбырай атаның өлеңдерін жаттап, әңгімелерін оқып келеміз.

Былтыр біз 3-сыныпта ана тілі оқулығында Торғайлық ақын Сырбай Мәуленовтың «Дала жұлдызы» деген әңгімесін оқыдық.Әңгімеде Ыбырай атаның мектеп ашып, қазақ балаларын оқуға тарту үшін ел аралап, бала жинағандығы туралы айтылады.Әңгімеде: «Ыбырай сол кезде жалғыз өскен емен ағашы сияқты еді. Қазір сол еменнен мыңдаған бұтақ тарады. Бір кезде Ыбырай жалғыз жұлдыз еді.Енді сол жұлдыздың төңірегіне мыңдаған жұлдыз жиналып, шоғырланып жарық нұрын шашты» деген жолдар бар.

Иә, Ыбырай ата мәңгілік сөнбейтін жарық жұлдыз болып қала береді.Ал біз секілді шәкірттері Ыбырай ата салған ізгі жолды жалғастыратын ұрпақпыз!

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master