Су-тіршілік нәрі

 

Қостанай облысы

Жангелдин ауданы

Торғай ауылы

 

«Ш.Уәлиханов атындағы

Торғай орта мектебі» ММ

2 «А» сынып оқушысы

Қасым Қорлан Абайқызы

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Су-тіршілік нәрі

Мақсаты: Судың қоршаған орта үшін, адамзат үшін маңызын түсіндіру

Міндеттері:

1.Судың қасиеттерін анықтау

2.Суда еритін және ерімейтін заттарды ажырата білу.

3.Судың адам баласының өміріндегі маңызын түсіну.

 

Ғылыми жобаның жоспары:

І. Кіріспе

Сусыз тіршілік жоқ

ІІ. Негізгі бөлім

Судың қасиеті, суда еритін және ерімейтін заттар

ІІІ. Судың маңызы, адам ағзасына пайдасы.

 

 

«Су-тіршілік нәрі» деп халық бекер айтпаған болар.Сусыз тіршілік жоқ. Адам, өсімдік, жануардың барлығы сусыз тіршілік ете алмайды.

Су- Жер  шарындағы  тіршілік  көзі, олсыз  Жер  бетінде  ешқандай  да  тіршілік  көзі  дамымас  еді. Жер  шарының  361млн км² яғни  71%  су  алып  жатқандығына  қарамастан  адам  үшін  қажетті  тұщы  су  қоры  оның  тек  небары  2%-ын  ғана  құрайды. Тұщы  су  қоры  негізінен  мұздықтар  мен  өзендерде  және  де  кейбір  тұщы  көлдерде  сақталған.

Таза суды аз мөлшерде алсаң, түссіз.Ал өзен, көл суларының түсі әр түрлі болады.

 

Су- мөлдір.Оны  тәжірибе арқылы анықтап көрейік.Екі стақанның біреуіне сүт, біреуіне су құйып көрейік.Олардың ішіне қасық салдық.Қайсысында қасық анық көрінеді. Әрине суда. Бұл тәжірибені жасағанда мен судың түссіз, мөлдір екенін байқадым.

 

Суда тұрақты пішін болмайды.Себебі суды қандай ыдысқа құйсаң (кесе, шыны ыдысқа, арнайы лабораториялық колбаға, стақанға)  әрбір құйылған ыдыстың пішініндей болып шығады.Яғни бұдан байқағаным, суда тұрақты пішін болмайды.

 

Су- сұйық.Оған көз жеткізу үшін суды кез келген беті тегіс нәрсеге құйып көрсең, ол жан-жағына аға бастайды, себебі ол сұйық.аққан су түгел жоқ болып кетпейді. Оның орнында дымқыл, сулы із қалды.Су жұғады екен. Оған тәжірибе жасап көретін болсақ, кез келген затты суға  малып алсаң, ол су болып шығады.Яғни су жабысқақ.Тасты суға салып көрейік.Ол су болып шықты.Жуылған киімді далаға жаяды,ол біраздан кейін кебеді. Оның бойындағы су қайда кетті.Күннің көзінің жылуынан су буға айналады.Бу ауаға араласады.

Жазда шомылып рақаттанған өзеннің қыста қатқанын көреміз.Ауа –райының төмендеуінен су қаттады, яғни мұзға айналады. Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі.

Су  3  күйде  болады: 1)қатты     2)сұйық     3)газ.

Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі.

Су-еріткіш.

Табиғатта ешбір қосылысы жоқ таза су кездеспейді.Суға қант, тұз т.б заттар салып көрейік.олар еріп көрінбей кетеді.Ішіндегі еріген затқа байланысты судың дәмі, түсі өзгереді.Таза, мөлдір судың өзінде еріген заттар бар.Әсіресе еріген заттар ащы суларда көп болады.Бұл-суда еритін заттар.Ал суда ерімейтін заттар суды лайлайды.Шыны ыдыстағы суға кішкене саз балшық салып араластырдым.Су лайланды. Лай суы бар ыдыстың қабырғасынан екінші жағындағы нәрсені көре алмайсың.Себебі саз суға араласқанымен еріген жоқ.Ал суда ауа еріп, оған араласады.

Тіршілікке қажетті бес жағдайдың бірі су екенін білеміз. Су бар жерде тіршілік бар.

Мұхит, теңіз сулары өте ащы. Сондықтан оны адам арнаулы қондырғылармен тұщыландырып пайдаланады.Ауыл маңындағы және арықтармен ағатын кішірек суларды (өзен, тоған, бұлақ т.б) күн көзінен көлеңкелеп суын сақтау үшін жағасына ағаш отырғызып, шөп егуіміз керек.Қоқыстан тазалап, қорғауымыз керек.

Біздің мемлекетіміз суды қорғайды.Зауыт, фабрикалардан шыққан  қалдықтарды суға ағызуға тыйым салынған. Олардың қалдықтарын тазартатын түрлі қондырғылар бар.

Судың адам ағзасына пайдасы

Өмірде сусыз тіршілік жоқ. Моншада да сумен жуынып, оның ыстық буын пайдаланамыз. Сол себепті судың адам ағзасына пайдасын білу – міндет. Біз енді ішетін, жуынатын суымыздың бізге шипасына, қажеттілігіне тоқталайық.

Су не үшін қажет?
1. Су дене температурасын тұрақтандырады.
2. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.
3. Дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.
4. Денені жарақаттанудан қорғайды.
5. Теріні ылғалдандырады және жас қалпында сақтайды.
6. Денеде болатын күніне 2-4 литр су шығынының орнын қайта толтырып отыру қажет.

7.Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады.
Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейді.
Қажетті мөлшерде су ішпегенде
1. Мидың жұмыс істеуі баяулайды.
2. Қан қоюланады.
3. Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.
4. Нәжіс сары түсті болады.
5. Іш қатуына (запор) себеп болады.
Су жетіспегенде
1. Бас ауырады.
2. Бас айналады.
3. Шаршау, әлсіздік пайда болады.
4. Ойдың тынықтығы бұзылады.
5. Тәбетсіздік туады.
6. Биік жерлерде, ауа ыстық қапырық болса, тұмау болса, температура артса ішетін су мөлшерінің көбірек болғаны жөн.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Дүниетану оқулығы 2-сынып
  2. Интернет ресурстары

 

 

 

Қасым Қорланның ғылыми жоба жұмысының тақырыбы:

«Су- тіршілік нәрі». Оқушы дүниетану пәнінің бағдарламасында қамтылған «Су» тақырыбына ерекше қызығушылық танытты. Сыныпта жасалған тәжірибелерге ерекше белсенділікпен кірісті.

Жоба жұмысын жазуда негізінен басшылыққа дүниетану оқулығын алдық.

Өйткені оқушының жас ерекшелігін ескердік.Оқушы сонымен қатар интернет ресурстарын пайдаланды. Оқушының өзінің қалауымен судың адам ағзасына пайдасы деген бөлімді қорытынды бөлімге кірістірдік.Сыныбы ілгерілеген сайын оқушы осы жұмысын кең көлемде зерттейді деген сенімдемін.

Ғылыми жетекшісінің пікірі: Б.Төсова.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master