МЕН ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН

өмір менМЕН ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН

З. Раимбекова

Жуалы ауданы, Ақбастау ауылы, №14 Бейімбет Майлин орта мектебінің педагог-психологі

Сабақтың мақсаты:   Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-           күйді және эмоцияны  реттеу, байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Сабақтың түрі: Конференция сабақ

Сабақтың типі: Білімін жүйелендіру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Жүйелеу, бағалау, синтездеу, талқылау, таңдау

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі-түсті қағаздардан жасалған фигуралар, нұрын шашып тұрған күннің және жайқалып өсіп тұрған гүлдердің суреті салынған плакат, түрлі-түсті жапсырма қағаздардан қиылған көбелектер.

Сабақтың болжамданған нәтижесі: Өмір құндылығы туралы тереңірек білім алады, өмірдің мәнін түсіне біліп, өмірге құштарлықтары артады.

Сыныбы:  8

Сабақтың жоспары:  1. Кіріспе сөз

  1. «Жылы лебіздер» ойыны
  2. «Сіздің көңіл күйіңіз қандай?» жаттығуы
  3.  «Өмірге құштарлықты ояту» жаттығуы
  4.   «Күн шуағы» жаттығуы

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, тренинг тақырыбымен таныстырамын.

– Сәлеметсіздер ме, балалар! Біздің бүгінгі сіздермен өткелі отырған тренингіміздің тақырыбы «Мен өмірді таңдаймын» деп аталады.

   І. Кіріспе сөз. Өмір. Бұл ұзақ жол. Бұл жолда әркім әртүрлі қызықтар мен қиындықтарға,бар мен жоққа, аштық пен тоқтыққа, қуаныш пен қайғыға кездесіп отырады.

Өмірде барлық адамдар бір жолмен жүрмейді, әркімнің тағдыры бөлек, өмір жолы әртүрлі. Десе де әркімге өмір қымбат. Қымбат бола тұрса да, кейде адам өз өмір жолында кездескен қиындықтарға төзе алмай әдепсіз жат нәрселерге беріліп жатады. Әрбір адамның өмірге деген сенімі мол болуы керек. Адам сенімсіз, үмітсіз,армансыз өмір сүре алмайды. Олай болса, адамда шынайы сенім, дұрыс көзқарас қажет.

Ал енді сол сенімімізді орнату үшін бүгінгі сабағымызға сәттілік және бір бірімізге жақсы тілектер тілейік.

ІІ. «Жылы лебіздер»

Нұсқау: Ортаға 4-5 қатысушы шығады,ал басқалар тек соларға бір-бір жылы леебіздерін айтып шығады. Оларға айтып болған соң келесі 4-5 қатысушы ортаға шығып, орын ауыстырады. Оларға да барлығы жылы лебіздерін білдіреді. Ойын соңына дейін жалғасады.

  ІІІ. «Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?»

Қажетті заттар:  Түрлі-түсті қағаздардан жасалған фигуралар.

Әр қатысушы өзіне ұнаған түрлі – түсті фигуралардың біреуін таңдайды.

Неге осы түсті таңдадыңыз?

Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны  оқиды.

Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады.

Қызыл  –  қуанышты көңіл-күй

Алқызыл  – ұнамды көңіл-күй

Сары    –  жағымды көңіл-күй

Көк   –  суық көңіл-күй

Жасыл – жайдарлы көңіл-күй

Қоңыр  –  қиналған көңіл-күй

Күлгін  –  алаңдаушы көңіл-күй

Қара   –  күш қуаттың төмендеуі

Ақ     –   анықталмаған көңіл-күй

ІV. «Өмірге құштарлықты ояту»

  Ыңғайлы отырыңыздар. Көзімізді жұмайық. Өзімізді қараңғы түнде жалғыз айдалада қалғандай сезінейік.

    Қандай сезімдесіздер? (бірқалыпты)  Қандай шешім қабылдайсыз?

 Біршама уақыт өтті, ешкім жоқ, тыныштық, айнала қап-қараңғы, жайлап жел тұра бастады, тоңа бастадық, желмен қоса жабайы аңдардың дауыстары естіле бастады. Бірте-бірте жақындап келеді.

Қандай сезімдесіздер? (қорқыныш)  Қандай шешім қабылдайсыз?

 Жел күшейді. Үстіңдегі киімдеріңді жұлқылап, мазаңды кетірді. Табан астында қар жауды. Ол боранға ұласты. Төңіректе түк көрінбейді. Қар астында қалып қойдыңдар. Үстеріңді ауыр жүк басты, қол-аяқтарың үси бастады. Әлсізденіп, еш нәрсеге шамаларың келмей қалды.

          Қандай сезімдесіздер? (қорқыныш)  Қандай шешім қабылдайсыз?

Өмір сүргілерің келеді. Әлі жассыңдар. Ата-аналарың бар, бауырларың, достарың, туған ауыл. Асыл армандарың, алға қойған мақсаттарың орындалмай қалатын түрі бар.

          Қандай сезімдесіздер? (қимастық)  Қандай шешім қабылдайсыз? 

Ал енді бойымызды билеген қорқыныштан арылайық. Қолымызды, денемізді, аяқтарымызды сілкіп-сілкіп тастаймыз. Бәріміз бірігіп хормен

«Өмір қандай тамаша!  Өмір маған қымбат!  Менің өмір сүргім келеді.

                                       Мен өмірді таңдаймын!»  –   деп айтамыз.

Енді осы тренингтен алған әсерлеріңізбен бөліссеңіздер. Қандай күйде болдыңыз?

  1. «Күн шуағы»      

 Қажетті заттар: Нұрын шашқан күннің және жайқалып өсіп тұрған гүлдердің суреті салынған плакат, түрлі-түсті қағаздардан қиылған көбелектер.

Балалар «Мен өмірді таңдаймын» дей отырып өмір сүруге деген құлшыныстарыңызды  барлық оқушыларға үндеу ретінде жолдайық.

Әр қайсымыз өз ойларымызды мына бар жылылығын шашып тұрған күннің астында жайқалып өсіп тұрған гүлдің үстіне көбелекпен қондырайық.

Күн – денсаулықтың, қуаныштың, жылылықтың символы. Ал сендер мемлекетіміздің болашағысыңдар. Бәріміз күннен нәр алып, гүлдей жайқалып өсе берейік. Еліміздің ертеңі сендердің қандай азамат  болып өскендеріңе  байланысты.

Оқушылар өз ойларын көбелек қиындысына жазады да плакатқа жапсырады.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

 

 

 

Leave a Comment