«Қасқыр, түлкі әтеш» ертегісі

0Оқу іс – әрекетінің тақырыбы:

Мақсаты: 1. Ертегі мазмұнын түсіндіру. 2.Сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ертегі мазмұнына сәйкес салынған сурет.

Жаңа сөздер: шаһар, мұржа, таулы өлке, ну орман.

Оқу іс – әрекетінің барысы:

1. Кіріспе бөлім. а) Шаттық сәтін өткізу. Балалар шеңбер бойы дөңгеленіп тұрып, «Мен ертегі тыңдағанды жақсы көремін, себебі…» деп, өздері сүйіп тыңдаған ертегілері арқылы нені үйренгендерін айтады. ә) Тыныштық сәті. – Ертегі – бұл ерекше жанр. Ертегідегі жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам үшін түрлі нәрселер істей алуы мүмкін. Ертегі де сиқырлы құралдар бар. Жануарлар, аңдар туралы қандай ертегі тыңдадыңдар? Естеріңе түсіріңдер. (Балалар көздерін жұмып, ата – аналарынан немесе басқа ересектерден тыңдаған ертегілерін естеріне түсіреді. Бір – екі бала естеріне түсірген ертегілерінің мазмұнын қысқаша айтып береді). 2. Негізгі бөлім. «Қасқыр, түлкі және қоян» ертегісі а) Педагог дауыс интонациясын дұрыс қойып, мәнерлеп оқиды, мазмұнын дәптердегі сурет арқылы түсіндіреді. ә) Сөздік жұмысын жүргізу. Шаһар – қала. Мұржа – пештің, ошақтың түтін шығаратын мойны, түтіндік. Култеле – шоқтау, шоғырлау. Түлкінің күлтеленген құйрығы. б) Сұрақтарға жауап беру. 1. Ертегі кейіпкерлерін атаңдар. 2. Қасқыр, Түлкі және Әтеш не салмақ болды? 3. Түлкі Қасқыр мен Әтешке қандай тапсырма берді? 4. Түлкі өзі не істеді? 5. Ертегі қалай аяқталды? в) Балалардың пікірлерін тыңдау. – Балалар, сендерге ертегідегі кейіпкерлердің қайсысы ұнады, қайсысы ұнамады? Шаһар салу үшін не істеу керек еді? Балалардың үлгі жауабы: – Маған Қасқыр мен Әтеш ұнады. Өйткені екеуі де Түлкінің айтқан тапсырмасын орындады. Екеуі де еңбекқор екен. Ал Түлкі ұнамады. Өйткені Қасқырды орманға жұмсап жіберіп, Әтешті жеп қойғысы келді. – Шаһар салу үшін үшеуі де тату – тәтті болу керек еді. Бірігіп еңбектенсе, шаһарды салып шығатын еді. г) «Қасқыр, Түлкі және Әтештің жолын тап» ойыны. Дәптерге ертегі кейіпкерлерінің үйлеріне апаратын жолды сызып көрсету. ғ) Жұмбақ шешу. Жұмбақтың шешулері: әтеш, түлкі. Әтеш, түлкі сөздерін қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрату. Мысалы: әдемі әтеш, қу түлкі. Әтеш шақырады. Түлкінің құйрығы ұзын. Ол килтпеленіп тұрады. 3. Оқу іс – әрекетін қорытындылау. а) Ертегі мазмұнын мазмұндау. – Балалар, бұл ертегі бізді өтірік айтпауға, әділ, адал болуға үйретті. Бірлік болған жерде кез келген жұмысты да аяқтауға болады.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master