Мен өзін – өзі тану мұғалімімін

Ғатауова Асылзада Асылбекқызы

Тақырыбы: «Мен өзін – өзі тану мұғалімімін»
(әдеби – сазды бағдарлама)
1- Жүргізуші: – Армысыздар ардақты ұстаздар!
2- Жүргізуші: – Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар, қонақттар.
1- Жүргізуші: – Ұстаз деген ұлағатты әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар,
Ұстаз деген мектеп ана жүрегі,
Ұрпақтардың білім бағы тірегі – деп, «Мен «Өзін – өзі тану» пәні мұғалімімін» атты әдеби – сазды бағдарламамызды бастауға рұхсат етіңіздер!
«Ұстазым» әні орындайтын хор. (хормен ән айтылады.)
2- Жүргізуші: – Өзін – өзі тану деген даңқ қой,
Өзіңді – өзің тани алсаң алып ой.
Айтшы досым, өзін – өзі тануды,
Түсіндірші деп сұраған халық қой.
1- Жүргізуші: – Өзін – өзі тану – адам баласының өмірді, өзін сүйе отырып өзінің мүмкіндіктерін пайдалану. Өзін махаббатқа, адамгершілікке, сабырлыққа, аяушылыққа, достыққа, әділдікке, адалдыққа, шынайылыққа тәрбиелеу деген сөз.
2- Жүргізуші: – Рас айтасың, Өзін – өзі тану өскелең ұрпақтың рухани – адамгершілік тұрғысынан кемелденуі, Адами жолдағы өмірлік асқарларға қол созып, қанат қағуы емес пе.
1- Жүргізуші: Осындай өмірлік жоғары мәні бар, мәртебелі де, ұлағатты пәнді еліміздің білім беру жүйесіне енгізіп, ұрпақ қамын ойлаған парасатты қамқоршысы бар біздің ұрпақ қандай бақытты.
2- Жүргізуші: – Жас ұрпақтың жанына Адамгершіліктің өшпес нұрын төккен осы пәннің Ұстазы болу қандай бақыт.
1- Жүргізуші: келесі кезекте:
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әндісүйсең менше сүй» – деп Абай атамыз айтқандай, кезекті әнге береміз.
«Өміріңе немқұрайлы қарама»
«Мен Ұстазбын!» өлеңі. Оқитын. Азаматқызы Ләззат
1- Енді денелерімізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. (Баяу әуен жібереміз)
Тыныштық сәті:
Өзімізді самғап ұшқан құс сияқты сезініп, қуанышқа бөленеміз.иЕнді бірде сіз таудан сарқырап, таумен тастың арасынан өзіңізге жол тауып келе жатырсыз.
– Таудан құлай аққан су, арнасынан асқан өзенге айналып, шайдай жазық, кең далада, ағып барады.
– Сіз сәбиді аялап, отырған ананың бақытын сезінесіз.
– Буырханған теңіз төрінде өз кемесін алға қарай бастап бара жатқан капитанның қуанышын елестетіп көріңізші.
– Сіз өзіңіздің күшіңізге ғана емес, адал ісіңізге сенесіз. Таяқтан тайсалмай, семсерден сескенбей, жеңдім деп шаттаныңыз.
– Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекпен сіз үшін сынбайтын қамал жоқ.
– Шаттық пен қуаныш, достық пен махаббат, бақыт пен жақсылық әлеміне екі аяғыңызды нық басып еніңізде былай деңіз.
– Өмір, мені жалғандықтан шындыққа, қараңғыдан жарыққа жетеле.
– Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін!
– Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!
– Достық іспен қастыда жеңеріме сенемін!
– Ақыл, сана, біліммен өнеріме сенемін!
– Арым таза, ақ көңіл адалдыққа сенемін!
– Абыройлы, ақ ниет, адамдыққа сенемін!
– Жанарымда өшпейтін алау отқа сенемін!
Өзімді – өзім сүйген соң махаббатқа сенемін!- деп көзімізді ашамыз.
«Ең қасиетті жеміс» ертегісі.
«Бауырсақ» ертегісі.
Бір ауылда кемпір мен шал болыпты.
Бірде шал жалынып:
Кемпір – ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші- дейді.
Пісіре алмаймын. Бауырсақ пісіретін ұн да жоқ қой үйде – дейді.
– Әй кемпірім – ай Қойманың түбін қырнап корсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
Кемпірі – қойма түбін қырып- қырнап екі уыс ұн табады да,и қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытпаққа қояды.
Коше бойында ойнап жүрген балалар, терезе алдындағы бауырсақты көріп, ойынға шақырмаққа келеді.
– Бауырсақ, бауырсақ жүр далаға шығып ойнайық.
– Иа, иа біз сені ренжітпейміз, бізбен бірге жүр орманға барып ойнайық.
Сонда бауырсақ: – Жоқ мен орманға барып ойнамаймын. Аңдардан қорқамын, олар мені жеп қояды. Мен қорқамын.
Балалар: – Жоқ бауырсақ қара да тұр біз аңдармен достасып кетеміз. Бізбен бірге жүр ештеңеден қорықпа.
Сөйтіп бауырсақ балалармен бірге орманға ойнауға бет алады. Орман ішімен әндетіп келе жатқан кезде, жолда қоянды кездестіреді. Қоянның көңілсіз, мұңайып отырғанын көріп жағдайын сұрайды. Сол кезде қоян:
– Мына кітаптың ішінде көрсетілген әріптерді дұрыс орналасытырып, оқу – білім туралы даналық сөзді табу керек. Маған көмектесіңдерші.
Балалар: Әрине көмектесеміз. «Кітап алтын қазына». Қоянның тапсырмасының шешімін тауып, әрі карай әндетіп жүріп кетеді. Алдарынан Ойланып отырған қасқыр кездеседі. Қасқырдан мән – жайды сұрайды.
– Ау қасқыр неге қатты ойға шомып отырсың.
– Маған еңбек туралы мақал – мәтелдер жазу керек. Көмектесіп жібересіндер ме?
– Әрине қасқыр, қанекей жазып ал.
– Балалар еңбек туралы мақал – мәтелдер айтады.
Бауырсақ пен балалар қоян барлығы қасқырды орталарына қосып, шат – шадыман ойнап келе жатқанда. Аюды жолықтырады. Аюдың маңызды іспен шұғылданып отырғанын көріп, жағдайын сұрайды.
Сонда аю: – Біздің барлығымызға арнап тілек гүлін жасайын деп едім. Өздеріңнің бір – екі ауыз тілектеріңді және адамгершілік қасиеттер тізбесін құрайықшы.
Балалар барлығы түгелдей аюға айтарлықтар тез арада көмектесіп үлгерді. (құрмет көрсету, жақсы көңіл – күй, қайырымды болу, сүйіспеншілік, денсаулық т.б.)
Аю да жұмысының аяқталғанына қуанып балалардың тобына қосылды.
Олар орман ішімен келе жатып, түлкіні көреді.
Түлкі былай дейді. – Балалар біздің әлемде, «Балалар елінде» қандай патшалықтар өмір сүреді айтыңдаршы. Мына тұрған балалар елі патшалықтарсыз бос қаңырап тұр.
Бауырсақ пен балалар лезде шешімін тауып, түлкіге көмектеседі.
(Ойын. Еңбек. Оқу, Спорт. Өнер. Кітап)
Сонымен бауырсақ балалармен бірге ормандағы аңдармен достасып кетті.

1- Жүргізуші: Қорытындылау:
«Өзін – өзі тану» мұғалімі ең алдымен жүзі жылы, айналасындағыларға әрқашан мейірім шуағын шашып, балаларға жылы шыраймен, әдемі күлкімен әсер беретін ерекше тұлға. Ол қиналған сәтте қол ұшын беретін көмекші, қамқоршы, іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл кеңес беретін ақылшы, сырлас бірге еңбек ететін сенімді дос, жүрек жылуын барша шәкірттеріне күннің құдіретті сәулесі тәрізді нұр болып құя білетін адам!

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master