Мектептегі мазасыздану проблемасын қарастыру

 

8 мектепМ. Х. Дулати атындағы  үш тілде

оқытатын мамандандырылған

№8 гимназия

Жоғары санатты ұстаз

Альсейтова  Гүлназ  Жарылқасынқызы

Мектептегі мазасыздану проблемасын қарастыру

Мектеп табалдырығын аттап басқан, балалардың барлығының психологиялық жағдайы бірдей емес. Бала мектептік өмірдің жаңа сатысына қадам аттап жаңа қорқыныштарға кездеседі.

  1. «Мектептік фобия» термині балада мектепке бару алдында туындайтын қорқыныштықты білдіреді. Бірақ бұған жалғыз мектеп емес, сонымен қатар үйден кету.
  2. Көп ауырып ата-ана қамқорлығында көп болған баланың айырылысуы қиын.

Кейде ата-аналардың өздері мектептен қорыққандықтан,  балаларына санасына осы қорқынышты сендіреді. Оларды тым артық бақылауда ұстайды.

Ереже бойынша өзіне сенімді, оқудағы проблемалады өз бетінше шешуге тырысатын белсенді балалар мектепке бару алдындағы қорқынышты сезбейді.  Басқа жағдай, егер бала анасына тым жақын болып, құрдастарымен қатынаста керекті тәрбиені мектепке дейін жинап үлгермесе, бұл балалар «ата-анасының үмітін ақтай алмаймын ба?» деп қорқып мектепке бейімделуі қиын.

Осындай басты проблемалар бірінші сыныпта көптеп кездеседі. Мысалы, мен өз тәжірибемнен алатын болсам,  оқушы

Айдана – (жиі ауырған)

Нұрай – (эмоционалды, сезімтал)

Ұлсезім – (қазақ тілінде жетік сөйлей алмайтын)

Мұхаммедрахым – (мектепке дайындығы нашар)

Әлімжан – (тұтығып сөйлейтін) болды.

Мектеп баланы мазасызданудан айырып қорқыныш тұтқынынан шығара алады. Мұғалім, мектептегі оқиғаларды бағыттаушы мазасыз бала үшін «психотерапевт» бола алады және болу керек. Өйткені, оның қолында көптеген құрал:

  1. марапаттау,
  2. «емдейтін» баға,
  3. қоғамның ұжым өмірі,
  4. сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстар – бар.

Мектепке барғанда қателік, ақымақтық жасау, ұятқа қалу, күлкіге қалу сияқты қорқыныш сұрақтары туады. Сұраққа үрейшіл балалар жауап беруге қорқады, әсіресе тақта алдында. Тақта олар үшін – өзіндік, жазалайтын орын. Бұл эмоционалды сезімтал, әлсіреген, жиі ауыратан, «кім күшті» екені анықталып қойған сыныптарға жаңадан ауысқан балаларда көп болады. Мысалы: биыл 2 сыныпқа келген Асылхан және Аяна деген екі оқушы үнемі үрей үстінде, уайымшыл.

Үрей – уайым қайғының өте ауыртпал түрі. Белгісіз бір жақтан келе жатқан қатер, алақан терлеу, «бір нәрсені лезде істеу керек» деген сияқты «өзінше ұғымдар» оларды қатты мазалайды, бір орында отырғызбайды.

Осындай оқушыларға ұстаз ерекше көңіл бөліп, мақтап, қолдап отыруға міндетті. Қажетті кезінде мынадай психологиялық тренингтер де жүргізіледі.

Қорқыныш пен үрейдің біріктіруші басы алаңдаушылық сезімі болады. Адам қатты алаңдаған (беспокойство) кезде сасқалақтап, қажетті жауап таппай, толқыннан дірілдей сөйлеп және көбіне мүлдем сөйлемейді,қорыққан кейіпте болады, аузы құрғап алақан ылғалданады, жүзі бозарып, адам түгелімен «терге басады». Бір уақытта ол көп қозғалыс жасайды, аяқты қайта-қайта айқастырып, тынымсыз, киімін түзулеп немесе мүлдем қозғалыссыз қалыпқа енеді. Қатты алаңдатушылықтың осы көріністері ағза қызметінің психофозиологиясын қысымын көрсетеді.

Осыдан желінген тырнақ, тырнаған қол, кездейсоқ соққы мен құлаулар келіп шығады. Сәтсіздіктен құтылу, қашу барысында бала қияли, өтірік айтады. Селсоқ, ұмытшақ келеді. Бұл үрейленуді емес, оны жеңу жолы екенін айтады. Ситуациядағы үрейленуді танып, білу үшін, бала онымен қалай күресуді білу үшін, мазасызданудың өзгеру формасының көріністерін білу қажет. Осындай ситуациядан шығу үшін, біз – ұстаздар, ата-анлармен де тығыз байланыста болып, бірге баласының мектептегі мазасыздану проблемасын қарастыра отырып шешеміз.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment