Тұрмыстағы математика

Біздің заманымызда қоғамды дамыту үшін жеке тұлғаның алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашыл, қабілетті маман болу . Осы талапқа сай маман   болып  шығу  мектеп қабырғасынан басталатыны   белгілі.

Әрбір оқушы математикалық сауатты болу үшін мынадай мақсаттарды  жүзеге асыруы  керек. 

  1. Ақыл-ойды дамыту.
  2. Математикаға сай ойлауды қалыптастыру.
  3. Математикалық білімді практикада қолдану.
  4. Алдына қойылған сұрауға немесе есепті шығаруға (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдылану.

Кіріспе

“Математика – ғылымдардың патшасы” деп ұлы ойшылдар айтқандай, бұл ғылым өте  терең біліктер мен үлкен ізденушілікті талап етеді. Бірақ бұл ғылым өзінің қызығушылығымен қызықтыра түсетін жұмбақ тәрізді. Қиын жұмбақтың шешуін табу адамды қандай қанағаттану сезіміне бөлесе, қиын есептің шешуін тапқандығы, адамның сезімдері одан асып түспесе, кем болмайды.

Математика тарихына көз жүгірте отырып, оның ғалымдардың бос қиялының жемісі емес, тікелей өмірдің қажетілігінен туындаған ғылым екеніне көзін жете түседі.

Мұны әсіресе қазақтың қара байыр есептерінен көруге болады. Мектеп математикада тарихи мәліметтердің, оның ішінде қазақтың  ертедегі есептерінің көп қолданылмауы өз зерттеуімізді, осы арнада жүргізуімізге түрткі болып ғылыми жобаның тақырыбын «Қазақтың байырғы қара есептері» деп таңдауымызға негіз болды.

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master