Дене шынықтыру топтық жұмыс

Қызылорда облысы

Қызылорда қаласы

№ 101 орта мектеп

дене шынықтыру пәні мұғалімі
Құлмағамбетов Бақытжан
Дене шынықтыру топтық жұмыс

Менің өзіме таңдаған, ұнатқан, қолдануыма қолайлы болған және ең бастысы нәтежиесін көрсеткен- ол «топтық жұмыс». Мен осы идеяма дейін оқушылармен жұмыс жасағанда көп уақытым ысырап болатын. Себебі, әр оқушыға жекелей түсіндіру  өзге оқушыларды жалықтыратын,олардың уақыты тиімсіз  өтетін. Өзім де психологиялық болсын, физикалық болсын өте шаршайтынмын және барлық оқушыға жекелей өзім ғана үйреткен сәтте үлгерімді оқушылар тез үйреніп, олар үшін бұл сабақ әрі қарай қызық болмай ойнауға сұранады, сөйтіп мұғалімнің ойын бөліп, сабақта тәртіпсіздік болатын еді. Өзім де әрбір жаңа сабақты толық орындамағандай болып әрдайым өзіме деген бір реніш, көңілсіздік болатын. Себебі Ы. Алтынсарин атамыз айтқан «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.» деген қағиданы әрдайым жадымда ұстайтынмын. Осы жағдайдан кейін жаңа, жеңіл және тиімді идея ойлап табуды өзіме мақсат қылдым.

Бірнеше идеялардың ішінен «топтық жұмыс» қолданысқа икемді көрінгендіктен осыны пайдалануды бастап көрдім.

Топтық жұмыста оқушылар бір біріне бәсеке болғандықтан түсінуге, тез үйренуге, жеңіске жетуге тырысты. Ол үшін оқушыларды екі немесе бірнеше топқа бөлдім. Оқушылар икемді және икемсіз болсада топтың дәрежелерін бірдей етіп, сабақты түсіндіріп, тапсырма бердім. Әр топтың көсбасшылары өзі үйренумен қоса үйренуі қиын оқушыларға да түсіндірді. Оқушылардың мұғалімнен сұрағаннан көрі бір бірімен ақылдасуы, сөйлесуі, ойын жеткізуі еркін болады. Осы идеямды мен өз тәжіребиемде пайдаланып көрдім. Өзімдегі өзгерісті де байқадым: сабақтағы уақытым тиімді жұмсалды, көздеген мақсатымды оқушыларға толық жеткізуді үйрендім, оқушылардың менімен еркін пікірлескендерін де байқадым.   Нәтижесінде жарыстарда жетістіктерге жеттім, оқушылардан үйлесімділік, ауызбіршілік, біріккен жұмыс көре алдым. Осы жетістіктеріммен бірге кемшіліктерінде байқадым. Оқушыларым психологиялық түрде толық дайын емес екенін білдім. Қазіргі таңда осы мәселе бойынша қосымша жұмыс жасап келемін. Алдағы уақытта жақсы жетістіктерге жетемін деген ойдамын.

НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!!!!!

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

 

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master