Акробатикалық жаттығулар және жалпы дамыту жаттығулары

Сыныбы: 5 «Б»

Күні: 21.12.2015ж.

Уақыты: 45 минут

Тақырыбы:   Акробатикалық жаттығулар және  жалпы дамыту жаттығулары

Сабақтың мақсаты:

               Білім беру жаттығулардың  техникалық   әдістерін  толық  меңгерту,  және  оларды  еркін,   орындай білуге  үйретумен  қатар,  ағзаның   жаттыққандығын  қамтамасыз  ететін    қозғалыс  қимылдарына  іскерліктермен   дағдыларға  және  де  дене  мен  ақыл – ой  жұмысы  қабілеттілігіне  қажетті    білімділігін  қалыптастыру.

             Тәрбиелеу: Оқушыларды  өзі-өзін   басқаруға,  бірі – біріне  көмек беруге,   жаттығу  кездерінде  қателерін  түзете  білуге  үйрету. Әдемі  қимыл  әрекеттеріне,  бойларын  сымбатты  ұстауға

Күтілетін нәтиже: оқушылардың ағаш аттан секіру техникасын үйрену, ептілігін, жаттығуларды  орындау кезіндегі үрейді жою.

Әдіс-тәсілдер:      Сөзді  қолдану әдісі, СТО элементтері («ой қозғау» стратегиясы), көрнекі ықпал ету әдісі, топпен жұмыс.

Өтетін орны: спорт зал

Керекті құралдар: төсеніш кілем, жаттығу түрлеріне арналған слайдтар.

  Сабақ бөлімі Уақыты Әдістемелік нұсқау
I

 

 

 

 

 

Ұ

Й

Ы

М

Д

А

С

Т

Ы

Р

У

 

 

 

 

 

 

 

 

Б

Ө

Л

І

М

І

 

– Сапқа тұру. Сәлемдесу.

– Түзел! Тік тұр!

– Оңға, солға, кері айнал!

Жүру жаттығулары:

1. Қолымыз жоғарыда аяқтың ұшымен жүру

2. Қол жанда өкшемен жүру

3. Қол алда жартылай отырып жүру

4. Қол желкеде  толық отырып жүру

5. Қол белде отырып екі жанға секіріп жүру

Жүгіру жаттығулары:

1.      Қол белде аяқты артқа лақтырып жүгіру

2.      Қол белде аяқты алға лақтырып жүгіру

3.      Қол алда тіземізді жоғары көтеріп жүгіру

4.      Қол жанда аяқты екі жанға лақтырып жүгіру

5.      Қол белде жанымызбен жүгіру

6.     

Ж.Д.Ж

1. Б.қ. н.т. қолымыз белімізде, аяқ иық деңгейінде, басымызды 1 дегенде алға 2 артқа 3 оңға 4 солға еңкейтеміз.

2. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінде басымызды оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз.

3. Б.қ. н.т. қолымыз кеуде тұсында аяқ иық деңгейінде 1 – 2 қолымызды артқа сермейміз. З – 4 оң жаққа сермейміз. Келесі З – 4 сол жаққа сермейміз.

4. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде 1 –артқа шалқаямыз, 2–алға иілеміз (қолымызды аяғымызға тигіземіз), 3–қолымызды жазып отырамыз, 4–б.қ.

5. Б.қ. н.т. қол тізеде, аяқ иық деңгейінде, тіземізді ішке қарай 4 рет, сыртқа қарай 4 рет айналдырамыз.

6. Б.қ. н.т. қол тізеде аяқ қосылған тіземізді оңға 4 рет, солға 4 рет айналдырамыз.

7. Б.қ. н.т. аяқты ашып қол белде 1,2  денені оң жаққа бұру.  3, 4  денені сол жаққа бұру.

8. Б.қ. н.т. 1-4 :  оң аяқта секіру, 1-4 :  сол аяқта секіру,  1-4 :  екі аяқта секіру

10-12мин

 

 

 

1айналым

 

1айналым

1айналым

1айналым

1айналым

 

 

1айналым

1айналым

1айналым

1айналым

 

1айналым

 

 

 

4-5 рет

 

4-5 рет

 

 

4-5 рет

 

 

 

 

3-4 рет

 

 

 

3-4 рет

 

 

5-6 рет

 

5-6 рет

 

5-6 рет

 

Спорттық киімдеріне көңіл бөлу

 

Дұрыс бұрылуын қадағалау

 

 

Қолымыз ішке қарайды, шынтағымыз бүгілмейді

 

 

Денемізді тік ұстаймыз

 

 

Тіземіз бүгілмейді

 

Тіземізді барынша жоғары көтереміз

 

 

 

Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау

 

 

 

Алақан жайылған күйінде

 

 

Қолымызды аяғымызға тигіземіз

 

 

 

Шынтақты бүкпейміз

 

 

 

Тізе бүгілмейді

 

 

 

Аяқтың ұшына секіреміз

 

 

II

 

Н

Е

Г

І

З

Г

І

 

Б

Ө

Л

І

М

 

Сабақтың тақырыбын таныстырмас бұрын оқушыларға жаңа сабақ  туралы  мағлұматтар беру.

1.Оқушылардың өздеріне бұрыннан таныс акробатикалық жаттығу түрлерін естеріне түсіру.
2. Акробатикалық  жаттығуының адам денсаулығы үшін қажеттілігін оқушыларға түсіндіру.
(Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды сұрақ қою арқылы сабаққа тарту. Слайдтағы суреттерге қарай отырып тақырыпқа байланысты ой өрбіту. Акробатика жаттығуы туралы түсініктерін жетілдіру)
3. Халықаралық түрлі сайыстарда гран при жүлдесін жеңіп алған, көркем гимнастика шебері Әлия Юсупованың спорт өміріндегі жетістіктерін таныстыра отырып жаңа сабаққа қызығушылықтарын арттыру
(Көркем гимнастика шебері Әлия Юсупованың спорт өміріндегі жетістіктерін слайд арқылы таныстыру)

Бүгінгі сабағымызда акробатикалық жаттығуларды үйренеміз. Жаттығуларға тоқталып олардың негізгі әдістері мен элементтерін орындауымыз керек.

1.      «Алға домалау» әдісі.

2.       «Жауырынға тұру» әдісі

3.      «Қарлығаш жасау» әдісі. Тепе-теңдікті ұстауға жаттығу. Бұл жаттығуда қарлығаштың бейнесін жасаймыз.

Жаттығу төрт кезеңнен тұрады:

1.Б.қ. тұру.

2.Қолды жанға созып,тура алға қарау.

3.Бір аяқты көтере алға не артқа(оң немесе сол аяқ) алға еңкейеміз.

4.Тепе-теңдікті сақтап іштей бес (секунд) санап тұру.

4. «Қолды тіреп басқа тұру» әдісі.

 

Гимнастика сабағының қауіпсіздік ережелері:

1. Секіру кезінде секірушінің екпіндей жүгіретін жолында және оның секіріп түсетін жерінде тұруға болмайды.

2. Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш атта, бөрене керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т.б. жаттығу орнында) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек.

3. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолмен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.

4. Акробатикалық және гимнастикалық құралдарда орындалатын жаттығуларды мұғалімнің рұқсатынсыз орындауға болмайды.

5. Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек. Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды.

 

6. Сабақта, үзіліс кезінде мұғалімнің ақыл – кеңесінсіз күрделі жаттығулар орындауға болмайды.

7. Гимнастика сабағында арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды

Оқушыларды екі топқа бөле отырып, мұғалімнің орындап көрсеткен жаттығу элементтерінің түрлерін мұқият бақылап, тыңдауын қадағалау. Көмек беру арқылы жаттығуды орындату

 

 

 

5- мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20-25мин

 

 

Оқушылардың  ойын дамыту

 

 

 

Слайд арқылы түсіндіру,қызығушылығын

арттыру.

 

 

 

 

 

Акробатикалық  жаттығулардың  әдемілігін,  үзіліссіз жасалуын  бақылау.

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық сабақты жүргізбес бұрын оқушыларды ережемен таныстырып алу.

 

Гимнастика сабағынын қауіпсіздік ережесінің оқушылар арасында сақталуын қадағалау.

 

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесіне тоқталып еске салу қажет.

III

 

Қ    Б

О   Ө

Р    Л

Ы   І

Т   М

Ы

Н

Д

Ы

– Сапқа тұрғызу.

Сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

– Сабақты қорытындылау.

– Жақсы қатысқан оқушыларды өте жақсы деген бағамен мадақтап  бағалау.

– Оқушылардың тыныс алуын қалпына келтіру

– Үйге тапсырма беру. Үйде   аяққа күш түсіретін отырып -тұру жаттығуларын орындау

– Оқушылармен қоштасу.

Оқушыларды ұйымдасқан түрде киіну   бөлмесіне жіберу

 

 

3-5 мин

 

 

 

 

 

Сапқа дұрыс тұруын, тыныс алу

жаттығуларын дұрыс жасауды қадағалау.

 

 

Оқушылардың  өз  бетімен  спортпен  шұғылдануын  дамыту.

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master