Шаңырақ жарастығы Құндылық- махаббат, сыйластық Қасиеттер-татулық

Өзін –өзі тану сабағының технологиялық картасы

Мектеп_№28__ Мерзiм_27 11 15

№ 11   Шаңырақ жарастығы

Құндылық- махаббат, сыйластық          Қасиеттер-татулық

Мұғалiм__Абдешева Талшын Бисенбайқызы_________3_сынып  «а,б »_____Оқушылар саны_10/14

 

Сабақ мақсаты:  Балалардың сыйластық, махаббат құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

 

Міндеттері:

отбасы жарастығы , татулығы туралы түсінік қалыптастыру

отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту

өзара сыйластыққа тәрбиелеу

 

 

Ресурстарқұралдар, мәлiметтер)тынышт сәті мәтіні, . қазақстан, отбасы тур слайд суреттер

Үй макеті, карта, шаңырақ бейнесі, сазды әуен Н.Абдуллин Сағынышым, туған үй,  Әке, ана туралы жыр, стикер, суреттер, майшам, қағаз, түсті қаламдар, киіз үй

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Ал енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шақырамын. Нұр сәулесі /музыкалық әуенмен/

ленталары бар шығыр ұстап мұғалім ортада тұрады

Біздің шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп атадады. Шаңырақ – отбасының белгісі. Бұл түстер біздің көңілімізді көтереді.Біз ондай кезде айналадағыларға  әсіресе туыстарымызға жағымды істерімізбен көмек көрсете аламыз Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады, отбасының болуы-үлкен бақыт.

Әрқайсың лентадан бір-бірден ұстаңдар.Бізде не пайда болды?

– Шағын майшамды жандырып қойып, кәне туған үйіміздің сулесін елестетейік.Біз оған қарап отырып, өз отбасымызды еске түсірейік.

Тыныштықта отырып, туыстарымызды да еске алайық.

Музыка әуені естіліп тұрады

Өте ертеде, киіз үйдің ортасында от жанып тұрған, ол ошақ деп аталған.Отбасының барлық мүшелері осы ошақ маңына шай ішуге жиналыпөз жұмыстары туралы айтуға немесе жай бір-бірімен қатар тыныш отыруға жиналған.Осы кезден бастап адамдар өз отбасын немесе туған үйі жайлы  «туған ошақ» деп айтады.

Сабақ барысын талдау:

 

 

 

Балаларды тыныштық сәтіне ұйымдастырып, шаңырақ жарастығы туралы тақырыпқа, отбасын немесе туған үй жайлы  «туған ошақ»

түсінігіне  мотивациялау.

 

 

 

 Дәйексөз:

«ШАҢЫРАҚ СӘНІ-СЫЙЛАСТЫК»
Шаңырақта сыйластық,сүйіспеншілік,бірлік,татулық,ынтымақ, бауырмалдық,қамқорлық,махаббат шаңырақтың сәнін кіргізіп,жарастық орнатады.

 

Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай:Отбасы – отанымыздың ошағы.Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

 

Мұғалім сыйы: А.Асылбеков Сүйіспеншілік

 

Сабағымызды әрі қарай Ермек Өтетілеуов ағаларыңның «Мен қазақ баласымын»   өлеңімен жалғастырайық.
Бұтағы-бабасының,
Ұрпағы-атасының,
Шуағы-әжәсінің,
Тұяғы-әкесінің,
Тілегі-анасының,
Тірегі-ағасының,
Түлегі-даласының,
Дарытқан бар асылын
Мен-қазақ баласымын.

Жерінде-бабасының,
Елінде-атасының,
Көңілінде-әжесінің,
Қолында-анасының
Жолында-ағасының,
Төсінде даласының,
Тапқан өз жарасымын,
Мен қазақ баласымын

Әңгiмелеу сұрақтары: . – Балалар , біз бүгін сендермен «Отбасы жарастығы» жайлы әңгіме қозғаймыз.- Отбасы дегеніміз не?

Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақсы туыс адамдар. Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз.

– Сен отбасында кімсің?

– Мен отбасының мүшесімін , әке мен анамның баласымын , атамен әжемнің немересімін.

-Отбасы мүшелері бір – бірімен қандай қарым –қатынас жасайды?

– Әңгімелеседі, бір –бірін сыйлайды, балалар үлкенді тыңдайды, бірге демалады.

-Отбасында қандай жағымды жақсы сөздер айтылады?

– Рахмет қайырлы күн, ас дәмді болсын, жолыңыз болсын, көріскенше , кешіріңіз.

– Иә, дұрыс айтасыңдар балалар , бір шаңырақ астында тұратындардың бір- біріне сыйластығы , махаббаты, бауырмалдығы , бір –бірімен ынтымағы татулығы, бірлігі отбасы жарастығын құрайды.

А.Асылбеков Сүйіспеншілік

Базарға барайын деп сыртқа шыққан әйел есіктің артында отырған 3 қарияны көреді, бар ниетімен үйіне шақырады. Сонда қариялардың біреуі: «Біз шақырған жерге бірге бармаймыз», – дейді. – Оң жақтағы досым – Байлық, сол жақтағы болса – Сәттілік. Менің атым – Сүйіспеншілік. Өзін, жолдастарын таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп талап қойды: – Қазір үйіңізге барып, үй иесімен ақылдасыңыз. Үшеуміздің біреумізді ғана шақыруға құқыларыңыз бар. Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтасыздар, – деді. …..

Сендер болсандар қайсысын шақырған болар едіңдер?Неліктен?

Балалар жауабын тыңд.

Әйел Сүйіспеншіліктің талабын үй иесіне айтқанда, қатты қуанған ол: «Қандай жақсы, қандай жақсы» – деп қайталай берді. – Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе? Біз «Байлықты шақырайық, үйіміз бірден молшылыққа кенелсін». Үй иесінің шешіміне көңілі толмаған әйел: «Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?» – деді. Екеуі ортақтасып, мынадай шешімге келеді: «Негізінде, ең асылы, Сүйіспеншілік қой деймін. Ол бар жерде біз бақытты боламыз». Есікті ашқан әйел үш ақсақалға: «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз? Төрлетіңіз. Сізді шақыруды ұйғардық», – деді. Сүйіспеншілік орнынан тұрды да, үйге беттеді. Жолдастары да орындарынантұрып, оның артынан үйге қарай жүрді. Аң-таң болған жас әйел Байлық пен Сәттілікке: «Тек біреуміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер……» – деді. Қариялар: – «Егер тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз, басқа екеуіміз далада отырар едік. Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар. Сол үшін үшеуміз бірге баруымыз керек.

Алтынайдың «неге?» деп сұрауын күтпестен олар сөзін сабақтай түсті: – «Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз – Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз.

Сүйіспенш туралы ойларын білу үшін:

Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз – Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз дегенді қалай түсінесіңдер ? деп сұр. Балалар жауаб  тыңд.

Видеослайд арқылы қорытындылау.

Қорытынды: – Шаңырақ жарастығының негізін сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын адамдардың бір-біріне деген махаббаты құрайды. Сол себепті бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса, ол үйде бақ та, сыйластық та, ынтымақ та, береке де байлық та болады.

Сұрақтар:

 

Балалар,осы сөздердің ішінде ерекше «махаббат» деген сөзді алайық.
«Ізгіліктің бастауы-махаббат» дейді.

1.Сендер осы «махаббат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
А.Адамдардың бір-біріне деген шын сүйіспеншілігі
Б.Адамдардың бір-біріне жақсылық тілеуі
В.Айналадағы адамдарға,Отанға,табиғатқа деген сүйіспеншіліқ

2.Ата-аналарың сендерді еркелеткенде қалай атайды?
Жаным,құлыным,балапаным т.б.
3.Махаббат бізді неге бөлейді?
А.Ата-анамызға деген сүйіспеншілікке
Ә.Отанды сүюге.
Б.Табиғатты аялауға,оның сұлулығын тануға.

В.Өзгелерді сыйлауға

Қорытынды сөз

Жаттығу «Сөйлемді аяқта»

1. \Мен өз ата-анамды жақсы көремін, не үшін дейсіздер ғой…

2. Ата-анам үйде болса…..

3.Мен өз отбасымды…   деп санаймын

4.Мен ата-анама мынадай тілек айтамын…

 

 

Балалар өлеңді алдын ала жаттап, жатқа айтып береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Демалыс минуты: «Менің отбасым ең-ең..».

Балалар өз отбасыларына деген ең таңдаулы сөздерімен отбасын мадақтайды, сүйіспеншілігін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға ойланып жауап бере отырып бір шаңырақ астында тұратындардың бір- біріне сыйластығы, махаббаты, бауырмалдығы , бір –бірімен ынтымағы татулығы, бірлігі отбасы жарастығын құрайды.

 

 

А.Асылбеков Сүйіспеншілік

Мәтіні арқылы– Байлық, Сәттілік – Сүйіспеншілік .ұғымдарының мәнін түсінеді.

 

 

 

Сендер болсандар қайсысын шақырған болар едіңдер? Неліктен?

Балалар жауабын тыңдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз – Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз дегенді қалай түсінесіңдер сұрағына балалар жауабын  тыңдау.

Видеослайд арқылы қорытындылау.

 

 

Өз ойларын ортаға салады.

 

 

 

 

 

Жаттығуға ат салысып, сөйлемді аяқтайды.

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық жұмыс

«Менің ынтымақты отбасым! «жобасын қорғау.

Музыка әуенімен  Н .Абдуллин туған үй

1-топ. «Ана мен бала арасындағы махаббат». Өздеріңнің аналарыңа деген тілектеріңді алдарыңдағы кішкене жүрекшеге жазып,оны үлкен жүрекке жапсырайық.
2-топ.»Гүлдесте жасау». Қолдарыңда отырған гүлдерге табиғатқа деген сүйіспеншіліктеріңді жазып, гүлшоғырын жасайсыңдар.
3-топ.»Күн сәулесі».Күн сәулелеріне Отанға,туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді жазып,күнді құрастырыңдар. 

ЖАҢА  АҚПАРАТ.
Адамға өмірде ең қымбатты-отбасы

.Отбасында сыйластық,сүйіспеншілік,татулық,бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады.Бір-бірін аялап,кешіре,түсіне білгенде отбасы берік болады.

ОЙЫН-ЖАТТЫҒУ.
Балалар,бізге қонаққа досымыз Махаббат қонаққа келе жатыр екен.

Махаббатқа демалатын үй керек.Ендеше,бәріміз бірігіп,оған әдемі үй салып берейік.
Тақтаға үй макеті ілінеді.Қабырғаларына керек сөздер столда тұр,бірақ оның ішіндеМахаббаттың көңіл-күйін түсіретін сөздер де жүр екен.Жақсы сөздерді алып,үй қабырғасын құрастырайық, ал жаман сөздерді қоқысқа тастайық.Ауласын әдемілеу үшін ағаш пен гүлдер егейік. 

 

Гүлдерге мақал-мәтелдер жазылған.
1.Балалы үй-базар. Бала-көңілдің гүлі,көздің нұры.
2.Ата-бәйтерек, Бала-жапырақ.
3.Ата-асқар тау, Ана-бауырындағы бұлақ, Бала-жағасындаңы құрақ
4.Ата-ананың қарызы, Ұрпақтың өмірлік парызы.
5.Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.
6.Ананың сүті-бал, Баланың тілі-бал.
7.Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер. 

Нақыл сөздер: «Үйінде ұл – қызы бардың көгінде сөнбес жұлдызы бар»,

«Ақ жүрек әке – күншуақ, ақжүрек ана – ақ бұлақ»,

 «Әке – ер, ана – жігер, бір үйде екі кемеңгер»

 

НАЗАР АУДАРАЙЫҚ
слайд «Қазақстан»
Балалар, енді махаббат еліне қайта оралайық.Сендер ата-анадан басқа тағы кімдерге өз махаббаттарыңды арнар едіңдер?
Мысалы:Мен өз махаббатымды осы елде тұратын барлық ұлттарға арнағым келеді.Сол үшін өз жұлдызымды картаға ілемін.Әр бала кімге арнайтынын айтып,жұлдызшаны картаның маңына іледі.
Жұлдызшаларды ілу.
-Балалар,қараңдаршы,еліміздің картасы қандай әдемі болып кетті,себебі сендер сияқты қанша адамның жүрегінің махаббаты біздің елімізді,ортақ үйімізді шаттыққа бөлеуде,себебі біздің ортақ шаңырағымыз Отанымыз Қазақ елін әрбір адам сүйеді.Өйткені біз тәуелсіз бейбіт елде тұрамыз

 

Қорытынды сөз 

 

Отбасы – шаңырақтан түзіледі.  Отбасы – тәрбие бесіг. Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы;Ұрпақтың жақсылығы мен жамандығы отбасында қалыптасады;  Отбасының бірін-бірі сүюі-ең негізгі құндылық. Отбасы жарастығы осы сүйіспеншіліктен құралады.

Гүл күлтелеріне  «шаңырақ сәні» неде екендігін жазады, тақтада орындайды.

Жобаны қорғайды.

Топтық жұмыстарды орындайды.

 

 

Сергіту

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарап табынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Не айтса да орындап,

Күлкімізді сыйлаймыз.

 

 

ЖАҢА  АҚПАРАТТЫ тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

Ойынды ұйымдастырып, міндеттерін іске асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

слайд «Қазақстан»  арқылы картаға әр бала өз тілегін кімге арнайтынын айтып,жұлдызшаны картаның маңына іледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Топпен ән айту

Әке, Ана туралы әндер орындау.

 

Сазды әуенге қосыла орындайды.
Үй тапсырмасы.

Аңызды оқу.Жұмыс дәптеріне таблицаны толтыру.

 

 

Кестені қалай толтыру туралы кеңес беру.
Соңғы тыныштық сәтi.

Денелер-і түзу ұстап, бос отыр-р. Көздеріңді жұмсаң да бол.Ауаны терең жұтып, дем алыңдар. Тыныс алуалар-ды бақылап, бақытқа, махаб-а,тыныштыққа толы таза шипалы ауаның бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көзд ашыңдар.

Сазды әуенмен орындау.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

Leave a Comment