Еңбек – бәрін жеңбек.

 асемАстана қаласы

№ 61 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Дутбаева Асем Канатовна

Сыныбы: 2 «А»

Пәні: өзін-өзі тану.

Тақырыбы: Еңбек – бәрін жеңбек.

Сабақтың мақсаты:

«Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

– еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;

– еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;

– еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Қасиеттері: еңбексүйгіштік, табандылық, еңбекқорлық, қамқорлық….

Пән аралық байланыс: әдебиетттік оқу, музыка.
Сабақтың түрі:пысықтау  сабақ
Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс,сахналау,әңгімелеу,сұрақ-жауап,суретпен жұмыс.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған түрлі-түсті суреттер, гүл, банер.

Ұйымдастыру

-Сабаққа зейінін аударту.

-Оқу құралдарын түгендеу.

Психологиялық дайындық

Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз».

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

Мұғалім сөзі:

Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Бүгінгі сабақтарыңа сәттілік тілеймін. Олай болса, сендерде бір-бірлеріңе сәттілік тілеу үшін, әр топтан бір бала қарама-қарсы топқа тілек айтсын.

Үй тапсырманы тексеру: “Еңбексіз өмір сүреңсіз”мысал әңгімені мазмұндау. Сұрақ-жауап.
Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
-Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
-Еңбексіз өмір-сүреңсіз дегенді қалай түсінесіңдер?
Түйіндеу (мұғалім): -Адал еңбек деген не?
-Еңбектің жемісі деген не?
Адал еңбек адамды табысқа,бақытқа жетелейді.Адам еңбектің дәмін өзі тер төккенде ғана жақсы сезінеді.Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбектенгенде ғана қол жеткізе алады.

Ой шақыру

Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын айқындау.

Таңғажайып сәт

-Бүгін біздің сабағымызға  қонақ келіпті. Кім екенін көрейікші.

Дәрігердің сөзі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Менің кім екенімді білесіңдер ме?

-Мен осы дәрігер болу үшін қанша еңбек еттім. Бірақ сол еңбектің арқасында мен осындай дәрежеге жеттім. Мен сендерге бүгін сөзжұмбақ әкелдім. Сол сөзжұмбақты шешсеңдер, бүгінгі сабақтарыңның тақырыбы ашылады.

Сендер мына сөзжұмбақты дұрыс шешетін болсаңдар, менің сендерге әкелген сыйлығымды таратамын. Олай болса, іске сәт!

Сөзжұмбақ шешу

  1. Қасиетті сан (жеті).
  2. Қателігіңді түсінген кезде айтатын сөз (кешіріңіз).
  3. Біз өткен тақырып « …………… мен сауап» (обал).
  4. Үлкенге – ……………….., кішіге – ізет (құрмет).
  5. Аптаның соңғы күні (жексенбі).
е
ң
б
е
к

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Әңгімелесу

Яғни, бүгінгі сабағымыз еңбек туралы болмақ. Тақырыбы – «Еңбек бәрін жеңбек». Тақырып төңірегінде бірнеше сұрақтар қойылып, әңгімелесу жүргізіледі.

– Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

– Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

– Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?

-Балалар, енді біз бүгінгі тақырыбымызды ашып алдық, олай болса кітабымыздың 84 – бетін ашайық.

Мәтінмен жұмыс   

-Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауаптары.
– Дұрыс айтасыңдар! Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқа да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін қажетті заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді. Олай болса қазір сендерге «Қайдан келдің бауырсақ» ертегісін оқушылар сахналап береді.

Сахналау:

«Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө. Тұрманжанов.

Автор:

Дастарханда шашылып

Жатты аппақ бауырсақ

Бауырсаққа қызығып

Қарап тұрып көзін сап.

 

Қуыршақ:

-Қайдан келдін бауырсақ?

Бауырсақ:

-Дүкеннен келдім нан сатқан.

Қуыршақ:

Дүкенге келдің қай жақтан?

Бауырсақ:

-Наубайдан келдім нан жапқан

Қуыршақ:

-Наубайға келдің қай жақтан?

Бауырсақ:

Диірменнен келдім ұн тартқан.

Қуыршақ:

-Диірменге келдің қай жақтан?

Бауырсақ:

Даладан келдім жан-жақтан.

Жер-анам менің көсілген

Дихандар мені өсірген.

-Рахмет сендерге. Ал, нан дастарқанға қалай келеді деп ойлайсыңдар?

Оқушылар еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы «Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?» -деген сұрақ аясында шығып сөйлейді.

 

-Балалар бүгінгі ашық сабағымызға тағы бір мамандық иесі келіпті. Кәне, кім екенін көрейік.

Сыныпқа құрылысшы келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Менің кім екенімді сендер жақсы білесіңдер!

-Менің сендерге әкелген бір нақыл сөзім бар еді. Мен сол нақыл сөздің мағынасын түсінбей жүрмін. Соны маған түсіндіріп берсеңдер, менің сендерге әкелген сыйлығым бар. Ол сыйлық барлықтарыңа жетеді.

Дәйексөз

Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап

Абай

– Адам, ең бастысы, еңбектенуге, бір іске күш – қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.

-Балалар, енді біз шаршаған сияқтымыз. Топпен жұмысты бастамас бұрын бір сергіп алайық.

Сергіту сәті

Қырға шықсаң,өрлеп. (Қолдарын кезек-кезек жоғары көтереді.)
Мұның аты- Еңбек. (Екі қолын жаяды.)
Кесте тіксең,зерлеп. (Оң қолымен ине ұстап,тіккен қимылды көрсетеді.)
Мұның аты- Еңбек. (Екі қолын жаяды.)
Сабағыңды жөндеп (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды.)
Әзірлесең- Еңбек.
Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады.)
Еңбек қана жеңбек. (Екі қолын жаяды.)

 

Шығармашылық жұмыс

Оқушылар үш топқа бөлініп жұмыс істейді.

1 – топ. Еңбек туралы мақал – мәтелдер жазып, мағынасын түсіндіреді.

2 – топ. «Еңбек – түбі мереке» әңгіме құрастыру.

3-топ. Еңбекке байланысты өлең құрастыру.

Қорытынды: Адам бойындағы ең бір жағымсыз қылық-еріншектік,жалқаулық ондай адамның іске мойны жар бермейді.Осыған байланысты Абай атамыз 38 қара сөзінде “Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі -надандық,екінші-еріншектік,үшінші-залымдық” деген екен. Барлығымыз еріншектіктен аулақ болып, тек қана аянбай еңбек етіп, еңбекқорлар болайық.

Олай болса, барлықтарыңды еңбекқорлар туралы «Болайықшы осындай» әнін бірге айтуға шақырамын.

Жүректен – жүрекке

Сөзі мен әнін жазған А.Меңжанова

Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.

Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай
Болайықшы досым-ай.

Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.

Қайырмасы:
Ұқыпты осындай
Болайықшы досым-ай

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master