«Қыз еркем, анасымен көркем» Қыз бала мен аналар арасындағы байқау

Жамбыл облысы Жуалы ауданы

Қызыларық ауылы

№17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі Миралиева Гүлзира Асанқызы

«Қыз еркем, анасымен көркем» Қыз бала мен аналар арасындағы байқау

Тәрбие сағаты
Мақсаты: Болашақ  қыздарымыздың  тәрбиелі, өнерлі болып , анасына қолғанат, инабатты  ,  ибалы, үлкенді сыйлап , кішіні құрметтейтін ,көргенді қайтпас қайсар қыздарын тәрбиелеп отырған мейірімді  ата- аналардың  қыз бен ана арасындағы парасатты тәрбиені насихаттау.
Әдісі: байқау,  сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: шарлар, қанатты сөздер.
Барысы:
1.Жүргізуші:  Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар және бүгінгі отбасылық байқаудың  қатысушылары!
Ата-ана тәрбиесі – қазақ халқы үшін толассыз таусылмайтын қазына. Бүгінгі таңда нағыз ұлтжанды, жүрегі «қазақ» деп соғатын азаматтарды тәрбиелеу үшін ата-ана тәрбиесі- ең басты, ең маңызды, ең қажетті, ең керекті тәрбие. «Қыз өссе елдің көркі,  Гүл өссе жердің көркі.» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.

  1. Жүргізуші:

Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да  жоқ,  ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Олай болса, бүгінгі №17Ы.Алтынсарин орта мектебінің  бастауыш сыныптар ата-аналары арасында өткізілгелі отырған «Қыз еркем, анасымен көркем» атты отбасылық байқауына  қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысқа қатысатын отбасыларымен  таныс болыңыздар .

1.Жүргізуші:  Көңілінде шуағы бар көктемнің,

Жан-жағына тек қуаныш төккенін

Мектепте  барлық бала біледі

Шырынның инабатты екенін.

1 «а» сынып – Шырын және оның анасы – Алия .

 

2.Жүргізуші:  Ұстазын анасындай құрметтеген,

Жаны таза, ісі жоқ дүрмекпенен,

Нүргүл  тәрбиешінің қолғанаты –

Ойынан тек жақсылық бір кетпеген.

1 «ә» сынып – Сағида  және оның анасы – Алмагүл .

 

  1. Жүргізуші: Қорғасындай мінезі бар салмақты,

Бар жұмыстың жайын білер жан-жақты.

Аз сөйлеп-ақ, көптеген іс тындырар

Айым  қыз сыныбында салмақты.

2- сынып Айым  және оның анасы – Бақыткүл .

 

2.Жүргізуші:  Жанарынан жастық оты шашырап,

Гүлге оранып кеткендей ме атырап.

Сыныптағы ұл-қыздардың мінезін

Айгерім отырады бақылап.

3- сынып –Айгерім және оның анасы – Қалжан .

 

  1. Жүргізуші: Еңбексүйгіш, ерінгенге жаны қас

Бір жұмысты екі істеп сабылмас,

Ашық қабақ, күлімкөзді ару қыз –

Мектепте Асылайдай  қыз табылмас.

4-а  сынып  Асылай   және оның анасы – Ләззат .

 

2.Жүргізуші: Ұстазын анасындай құрметтеген,

Жаны таза, ісі жоқ дүрмекпенен,

Қаракөз   тәрбиешінің қолғанаты –

Ойынан тек жақсылық бір кетпеген.

4 «ә» сынып Еркеназ –  және оның анасы – Мира  .

 

 

1.Жүргізуші:  Бүгінгі сайысымызды ашу үшін №17 Ы. Алтынсарин атындағы  орта мектебінің  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Күдериева Ләззат Тұрғанбекқызына  сөз береміз.

2. Жүргізуші:
Ал, енді сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1 кезең. Отбасы өз-өзін таныстыру
2 кезең.Отбасы туралы сұрақ  -жауап

3 кезең. Үй тапсырмасы қол- өнер
4 кезең. Өнер
5 кезең. Ою- өрнек ою.

1.  Жүргізуші. Ал, енді кім қай кезекпен шығып өз өнерлерін, білімдерін ортаға тастайтынын біз жеребе арқылы анықтаймыз.

Жеребе ретімен таныстыру .

 

  1. Сарданбек

2.Көпбай  Сағида

  1. Сейдалы Айым

4.Қыдырбек Айгерім

5.Болатбек Асылай

6.Боранбай Еркеназ

 

 

2 . Жүргізуші:

Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай, еш жалықпай
Айтқаныңызға көндік деп

Бүгінгі сайысқа қатысушылардың өнерін бағалау үшін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Жүргізуші: 1. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Күдериева Ләззат Тұрғанбекқызы
  2. Жүргізуші: 2. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғаліміМірсейітова  Айнықша әпкей
  3. Жүргізуші: 3. Ағылшын пәнінің мұғалімі Төлепбергенова Гүлдана
  4. Жүргізуші: 4. Мектеп психологы Абуова Дазира

 

  1. Жүргізуші: Ерсұлтан 4ә сынып ана туралы өлең

Сайысымыздың алғашқы шарты бойынша сайысқа қатысушылар

өздерін таныстырады.

 

  1. Жүргізші :

Біз – қазақпыз, елім дейтін жан сала,

Салт-дәстүрін жыр қыламыз тамсана.

Ұрпақ үшін баға жетпес байлықты

Құрмет тұту – басты парыз баршаға.

Қазір қатысушылар сандық ішінде жасырынған сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар отбасылар туралы болмақ. Сұраққа анасы мен қыздары бірге жауап береді.

Музыка ойналып, ұлттық киім киген қыз  сандықты алып шығады.

  1. жүргізуші: Аналарымызға сұрақ-жауап

Қыз тәрбиесіне арналған мақал – мәтел .

Қазақ қыздарының ұлттық киімдері ?

Қазақтың батыр қыздарын ата

Әке туралы мақал- мәтел

Нағашы апа деген  кім?.

Анаңна қандай  жәрдем бере аласын .

Әкеңнін  сүйікті тағамы

Қазақ халқының ұлттық мерекесі

Анаңның туған күні

Аналар мерекесі қай күн ?

.

  1. Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Ана көрген тон пішер» деп аталады. Қазір біздің аналарымыз өздерінің үйден дайындап әкелген қолөнер бұйымдарымен таныстырады.

 

Музыка ойналып, аналар бұйымдарын сахнаға алып шығады. Таныстырып, арнайы дайындалған үстел үстіне қояды.

 

  1. Жүргізуші:
  2. Жан дауасы кетеді екен жазыла,

Өнер деген – сарқылмайтын қазына.

Жан бар ма екен тебіренбес, толқымас

Ән мен жырдың, би мен күйдің сазына.

Олай болса келесі кезекті өнер байқауына  береміз

 

  1. Жүргізуші: Аңыз болған жоғалмай  сан  ғасырға

Салт-дәстүрі  халқымның  жалғасуда.

Сынық мүйіз  оюы  сәндікпенен

Көз  тартып  ұрпақтарға  жалғасуда.

 

  1. Жүргізуші: Ою — өрнек дегенде  ою — өрнек

Көріп  жүрміз  күнде  біз.

Алашада,  кілемде,  киізде  ою — өрнек

Бүгінгі  күн  жоғалмай   ұрпақтарға

Жалғасуда  ою-өрнек.

Олай болса келесі кезекті  ою- өрнек байқауына  береміз .

 

  1. Жүргізуші : Байқауды қорытындылау

Әділ қазылар мүшелері сайыстың қорытындысың шығарғанша  испан  биін тамашалайық .

 

  1. Жүргізуші:

Өнердегі ең қадірлі – би дейді,

Қайталауды, көшіруді білмейді.

Сахнада биші қыздар бұрала

« Испан  » биін сіздер үшін билейді.
Би: 4  – сынып оқушылары .

1.Жүргізуші:  Сөз кезегін  әділ  қазылар алқасына береміз.

 

Марапаттау.

 

  1. жүргізуші: Осымен  бүгінгі байқауға   қатысушы  жеңімпаздар ,  Сіздерге  айтарымыз  қасиетті  жеріміздің,  еліміздің  салт-дәстүрін, үлгі   өнегесін  өз  ұрпақтарымыздың  бойына  сіңіре  білетін және  балалар жүрегіне  жол таба білетін әдепті де әдемі,  білімді де білікті  ата-ана болыңыздар демекпіз.

Бүгінгі кешіміз осымен аяқталды. Қош сау болыңыздар!

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master