ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болуы керек

Алқатерек орта мектебінің

математика пәні мұғалімі: Бимурзина М.Ф.

ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болуы керек?

Бала тәрбиесі-бір өнер,өнер болғанда ауыр өнер,жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.

                                                М.Жумабаев

Мұғалім мамандығын таңдап , еңбек еткеніме он үш жыл өтті. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым –   үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және  әр оқушының бойынан жақсылық  тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Мұндай ұстаным  мұғалімде болмаса, ол жай мұғалім атын жамылып жүргендер деп айтар едім. Ал ұстаздардың ішінде математика пәні мұғалімдерінің жүгі ауыр. Міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп бағалаған. Ұлы Абай “Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады”, деп айтқаны белгілі.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», – деген. Жақсы ұстаз— бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеймін және солай болуы тиіс.
Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың көптеген жаңа әдіс- тәсілдерін алып, өз іс- тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын.  Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де «ХХІ ғасыр оқушысы қандай болу керек?» «ХХІ ғасыр оқушысының мұғалімі қандай болу керек?» деген үш мәселе алдыда тұр. Әлемдік өркениетке сай сапалы білім беру және ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, үнемі даму үстінде болатын, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім – ұстаз, иноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім өзі иннотехник дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек. Сабақ ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбек етуінен туатын педагогикалық шығарма.Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, әр түрлі ситуациялар кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей, сабақ үрдісін түрлендіріп отыруы керек. Қазіргі қоғамдағы мұғалім – жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек.

Сабақ  кезіндегі көтеріңкі көңіл-күй, өзара түсіністік, достық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр  оқушының мінез-құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек.
Оқушылардың  математикалық ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту математикадағы басты проблеманың бірі. Әр сабақ-мұғалім ізденісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, жаңа технологияны барынша қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі, өйткені  жаңалық әр  оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте  сақтау қабілеті дамиды.

Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті – оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасалған еңбегінің нәтижесі – сапалы білім болып табылады.

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

 

 

Leave a Comment