Темір және оның қосылыстары

асимаМаңғыстау облысы  Маңғыстау  ауданы
Жыңғылды ауылы
Е.Айшуақұлы  атындағы орта  мектебі
Актанова Асима Байбатыровна
Химия пәні  мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Темір және оның қосылыстары

Сабақтың  мақсаты:  темірдің периодтық жүйедегі орнын, атом құрлысын, табиғатта таралуы, физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы туралы түсінік беру

Білімділік: темір және оның қосылыстарының ерекшеліктері мен қолданылатын жерлерін көрсету.

Дамытушылық: темір және қосылыстары туралы білімдерін дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелілік: а) оқушыларды химия талап ететін ережелерге баули отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға баулу

ә) Адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Темір және оның құймалары, FeCl3, NaOH, H 2SO4, HNO3, индикатор HCl, Fe (OH) 2, Fe(OH) 3, т. с. с.

Технологиясы: Проблемалық оқыту, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, дамыта оқыту технологиясы т. с. с.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Түгендеу

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, түсіндіру, салыстыру т. с. с

Технология: Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, дамыта оқыту,

Сабақ бөлімдері:

  1. Ой шақыру
  2. Ұғыну
  3. Мағынаны тану
  4. Білімді тиянақтау
  5. Топтастыру

 

  1. Ой шақыру. (Бұл бөлімде өткен сабақта алған білімдерімізді қайталаймыз, еске түсіреміз, тиянақтаймыз.)

Менен сұрақ, сіздерден жылдам жауап болсын.

Сұрақтар:

  1. Алюминийдің атом құрлысы қандай?
  2. Периодтық жүйеде алюминий қай топта, қай периодта орналасқан?
  3. Табиғатта қандай күйде кездеседі? Қосылыстарын ата.
  4. Алюминийдің химиялық қасиеттері қандай?
  5. Алюминийдің физикалық қасиеттері қандай?
  6. Алынуы
  7. Қолданылуы

ІІ. Ұғыну бөлімінде жаңа сабаққа байланысты мына кестені пайдалана отырып, дәптерге білемін, білгім келеді бағанасын толтырамыз.

  1. Жаңа сабақ.

Қара жер адамзатқа болған мекен,

Қазына іші толған әр түрлі кен,

Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,

Солардың ең артығы немене екен.(ТЕМІР)

Сонымен балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы деп ойласыңдар?

ТЕМІР

ІІІ.Мағынаны  тану

Химиялық таңбасы – Fе.

Атом құрылысы +26) 2) 8) 14) 2)

Электрондық формуласы: 1S2, 2S2, 2P6, 3S2, 3P6, 3d6, 4S2, 4P2

Табиғатта таралуы жағынан төртінші орында тұрады. Жер қыртысында массалық үлесі – 5 пайыз.

Табиғатта кездесетін минералды қосылыстары: магнетит Ғе 3O4, гематит     Fe2O3, лимонит Fe 2O3*nH 2O, пирит FeS2, сидерит ҒеСО3

Таза темір күмістей ақ түсті, иілімді металл, тығыздығы – 7, 87г/см3, 15390С балқиды, 3200 0С қайнайды.

Химиялық қасиеттері: Жай заттармен және күрделі заттармен реакцияға түседі.

Жай заттармен:

  1. Fe + S = FeS
  2. 2Fe + 3Cl2 = 2FeCl3
  3. 3Fe + 2O2= Fe3O4

Күрделі заттармен:

  1. Fe + CuSO4 = FeSO4 + Cu
  2. Fe + 2HCl = FeCl2 + H2
  3. 2Fe+ 6H 2SO4=Fe (SO4) 3+3SO2+6H 2O
  4. Fe + 4HNO3=Fe(NO3) 3+NO2+2H 2O
  5. 3Fe+4H 2O=Fe3O4 + 4H2

Темір екі қатар қосылыстар түзеді:

FeO, Fe(OH) 2, FeSO4

Fe2O3, Fe(OH) 3, Fe2(SO4) 3

Темірдің оксидтері де және гидроксидтері де суда ерімейді. Мысалы, темір (ІІ) сульфатының ерітіндісіне сілті ертіндісін құйсақ, ақ түсті тұнба түседі.

FeSO4 + 2NaOH = Fe(OH) 2 + 2Na2SO4

Ауада ақ тұнба қоңыр тартады, өйткені Fe2+ ионы Fe3+ на дейін тотығады.

4Fe(OH) 2 +O2 + 2H 2O = 4Fe(OH) 3

Темір (ІІ) гидроксиді қышқылда еріп негіздік қасиет көрсетеді

Fe(OH) 2 + 2HCl = FeCl2 + 2H 2O

Темір (ІІІ) гидроксиді де тұзының ерітіндісіне сілтімен әсер ету арқылы алады

Fe 2(SO4) 3+ NaOH = 2Fe(OH) 3 + 3Na 2SO4

Темір (ІІІ) гидроксиді қышқылда ериді, негіздік қасиет береді

Fe(OH) 2 + 3HCl = FeCl3 + 3H 2O

Темір адам қоғамымен бірге туып, бірге жасасып, адам мүддесіне ұзақ уақыт қызмет етіп келе жатқан тарихи элемент. Ол адамды алғашқы құрал мен қару – жарақтан бастап, бүгінгі ғарыш кеңістігіне көтерген жасампаз металл.

Темір – тіршіліктің маңызды элементі. Қанның қызыл түсті болуы құрамында темір болады. Ол оттекті тасымалдайды. Адамда 4, 2 г темір болады. Темір – аспан тасы 1749 жылы Енисейден Сібір ұстасы сом темір кесегін тапқан. Ол тұңғыш метеорит деп аталған.

Темірдің дәрілік препараттары, изотоптары Fe -55, Fe – 54, Fe -58, зерттеу кезінде индикатор ретінде, қан ауруын анықтауға қолданылады.

Меккедегі қара тас темірден тұрады. Оның ауада тіреусіз қалқып тұруы – темірдің магниттік қасиетіне негізделген. Таза темірден жасалған 89, 7 пайыз, 415 жылы жасалынған.

Темір (ІІ) тұздарының судағы ерітінділерін электролиздеу арқылы алуға болады.

Темір металы Қазақстан жерінде ертеде б. з. дейінгі VІІ ғасыр мен 204 жылға дейін өмір сүрген сақтар мен б. з. дейінгі 204 жылдан біздің заманымыздағы 216 жылға дейін өмір сүрген ғұндар пайдаланған.

Темір зергерлік және кәсіптік бұйым ретінде кең қолданылады. Темірге алтын, күміс, мыс тәрізді металдарды қосып, алуан түрлі тастармен безендіріп сырға, сақина, білезік, жүзік, ер тұрман т. с. с. жасаған.

Темір кені Қарағанды, Шымкент, Павлодар зауыттарында Теміртау Қазақстан Магниткасы, Қашар, Лисаков қаласында өндіріледі.

Темір кені – бұл қара металлургияның наны болып табылады.

Темір кенінің қоры жағынан Қазақстан әлемде сегізінші, оны өндіруден он бірінші орын алады.

Ал ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында тұр.

ІҮ. Білімді тиянақтау.

Мақсаты: Бүгінгі сабақтан алған білімдерімізді ортаға салу, білімдерімізді тиянақтау,бұл бөлім деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.

 

І деңгей

  1. Темірдің химиялық таңбасы
  2. Мүмкін болатын валенттілігі

 

ІІ деңгей

  1. Темірдің электрондық формуласы
  2. Темір қосылыстарының формуласын жазу

 

ІІІ деңгей

Мына айналымды жүзеге асырыңыз.

І. Fе Cl2         FeCl3           Ғе(OH)3              Fe2O3

  1. Темірдің табиғаттағы изотоптарының формуласын  жаз.

 

ІҮ деңгей

  1. Магнетиттің Ғе 3O4 және гематиттің Fe2O3 құрамындағы темірдің массалық  үлестерін  есепте.
  2. 5,6 г темір неше грамм тұз қышқылмен әрекеттеседі?

 

ҮІ. Топтастыру

Бұл бөлімде сабақты бекіту сұрақтары қойылады:

  1. Периодтық жүйеде темір нешінші топта, периодта орналасқан?
  2. Атом құрлысы қандай?
  3. Жер қыртысындағы массалық үлесі қандай?
  4. Темірдің физикалық қасиеттері қандай?
  5. Темірдің қолданылуын ата.

 

ҮІІ. Бағалау.

 

ҮІІІ. Үйге тапсырма:§35 мазмұндау.

Шығармашылық эссе  жазу : «Адам  ағзасындағы  темірдің  маңызы»

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment