Қаныққан көмірсутектер

Акмарал Салимгереева

Пәні: Химия

Сабақтың тақырыбы: «Қаныққан көмірсутектер»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • Қаныққан көмірсутектердің алынуын, химиялық, физикалық қасиеттерін және таралуын меңгерте отырып, химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға дағдыландыру.

Дамытушылық:

  • химия пәнінен іскерлік қабілеттерін дамытып, студенттердің білім дағдыларын дамыту,өзіндік пікірлерін ортаға салып, ой қорыта білуге баулу.

Тәрбиелік:

  • оқуға, жауапкершілікке, өз бетімен орындайтын тапсырмалар  арқылы ізденгіштік қасиеттерін  ұштай отырып, сабақ барысында ұтымды да, ұшқыр оймен, нақты да тез жауап беруге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақты өткізу әдісі:  Сұрақ- жауап, ой толғаныс, репродуктивті кестелермен жұмыс, іскерлік ойындар, топтармен жұмыс

Пәнаралық байланыс: физика, биология, химиялық  технология, медицина, тарих,

Көрнекілігі:  Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, химиктердің портреттері, кестелер,үлестірмелі парақтар, зертханалық құрал жабдықтар,

Техникалық құралдар:интерактивтік тақта.

Білу керек: Қаныққан көмірсутектердің құрылысы, қасиеттері, қолданылуы мен

алынуы, арасындағы айырмашылықтар.

Орындай білуі керек: Қаныққан көмірсутектер қасиеттеріне берілген зертханалық

жұмыстар мен жаттығуларды орындау.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.  Группа фигураларды таңдау арқылы екі топқа  бөлінеді   анықтаймыз: бірінші  топ «Физиктер», екінші топ «Химиктер»            ( 2 слайд)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. «Даналық ағашы» іскерлік ойыны (3 слайд)

Бұл ойында студентер жеміс ағашындағы жемістерді алу арқылы өздеріне ұпай жинайды. Ең көп ұпай санын жинаған оқушыға жеміс ағашының ұшындағы білім кілті табыс етіледі. Яғни бес деген баға иемденеді. Қалған студенттер  жинаған ұпай санына қарай бағаланады.

Жемістерде жасырлған сұрақтар:

1). Неліктен органикалық заттар деп аталады?

2). Органикалық химия  қандай қосылыстарды зерттейді?

3).Органикалық заттардың жіктелуі туралы не білесіңдер?

4).Органикалық заттардың қандай ерекшеліктері бар?

5).Көміртегі атомының IV валентті екенін кімдер,қай жылы дәлелдеді?

6).Химиялық құрылыс теориясын кім ұсынды?

7).Химиялық құрылыс теорияның негізгі қағидаларын ата?

  1. «Тарих тағылымы» (4слайд)

Реферат «Александр Михайлович Бутлеров  өмірі мен  қызметі»

  1. «Өз бетінше орындайтын танымдық тапсырмалар» . (5 слайд)

Берілген бірнеше заттарды  қайсысы органикалық заттар, қайсысы бейорганикалық заттар екенін айырып жазыңдар:

Киім, тамақ, ет, сүт, алма, жүзім, шалбар, көмір, мұнай, май, шокалад, тұз қышқылы, калий оксиді, глюкоза, фруктоза, су, натрий, көмір қышқылы, сұйық май, күйдіргіш калий, вазелин.

Нәтижесінде күтілетін жауаптар.

Органикалық заттар Бейорганикалық заттар
көмір, мұнай, май, көмір қышқылы, сұйық май, күйдіргіш калий, вазелин.

 

тамақ, ет, сүт, алма, жүзім, қышқылы, калий оксиді, глюкоза, фруктоза, су, натрий.

            4.Үй жұмысын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

    жоспары: (7 слайд)

            1.Қаныққан көмірсутектердің құрылысы және  номенклатурасы

  1. Физикалық қасиеттері- «Физиктер» тобы түсіндіреді.
  2. Химиялық қасиеттері- «Химиктер» тобы түсіндіреді.
  3. Қаныққан көмірсутектерді алу және қолдану

1.Мұғалімнің сөзі:Қаныққан көмірсутектердің құрылысы және  номенклатурасы. (8,9,10,11,12,13,14,15,16,17,18 слайд)

Қаныққан көмірсутектер алкандар және циклоалкандар болып бөлінеді.

Алкандар – молекуласындағы көміртек атомдары өзара тек тек дара δ байланыстар арқылы байланысқан жалпы формуласы СпН2п+2 болатын алифатты қаныққан көмірсутектер.

Алкандардың молекуласы шегіне дейін сутек және көміртек атомдарымен қаныққан. Сондықтан олар қаныққан (шектелген) көмірсутектерге жатады. Барлық қаныққан көмірсутектер атауының соңына – ан деген жұрнақпен бітеді. Алғашқы 4 – еуі С1 – С4  – газ, С5 – С15  – сұйық, С16 – дан бастап қатты күйде болады. Қаныққан көмірсутектердің барлығы суда ерімейді, органикалық еріткіштерде ериді. Байланыс үзілген кезде көмірсутек молекулалары бос радикалдарға айналады

  1. І топ «Физиктер»: Физикалық қасиеттері. (19,20слайд)

Алкандардың кейбір физикалық қасиеттері

Молекулалық формуласы Атауы Температурасы,0С Кәдімгі жағдайдағы агрегаттық күйі Тығыздығы

(d420)

балқу қайнау
СН4

С2Н6

С3Н8

С4Н10

С5Н12

С6Н14

С7Н16

С8Н18

С9Н20

С10Н22

Метан

Этан

Пропан

Бутан

Пентан

Гексан

Гептан

Октан

Нонан

Декан

 

-182,5

-182,8

-187,7

-138,3

-130,7

-95,3

-90,6

-56,8

-53,7

-29,6

-161

-88,6

-42

-0,5

+36,1

+68,7

+98,4

+126

+150,8

+174,0

Газ

0,415(-1640С)

0,561(-1000С)

0,585(-440С)

0,579

0,620

0,659

0,684

0,703

0,718

0,730

3.ІІ топ «Химиктер»: Химиялық қасиеттері . (21,22 слайд)

  1. Жану – алкандардың ең маңызды реакцияларының бірі.

СН4 + О2 =CO2+2H2O

  1. Қатты қыздырған кезде жай заттарға ыдырайды.

СН4          С + 2Н2 – О

  1. Галогендермен әрекеттесу алкандарға тән сапалық реакция.

СН4 + Cl2 = CH3Cl     +   HCl

Хлорметан

  1. Нитрлеу реакциясына түседі.

С2Н6 + НNO3 = С2Н5NO2 + H2O

4.Мұғалімнің сөзі: Қаныққан көмірсутектерді  алу және қолдану. (23,24,25 слайд)

Алкандар жанған кезде көп жылу бөлетіндіктен отын ретінде кеңінен  қолданылады. Каучук, резеңке өндірісінде, типографиялық бояуы, азотты тыңайытқыштар алуда қолданылады. Изооктан жоғары сапалы, іштен жанатын қозғалтқыштырдың бензиннің негізгі бөлігі. Сұйық алкандар матор отыны ретінде қолданылады. Жоғары алкандардан С17 – ден жоғары спирттер, еріткіштер, сабын, карбон қышқылдары, жағармайлар, т.б. заттар алынады.

Виртуалды тәжірибе арқылы көрсету.

ІV. Жаңа сабақты бекіту

  1. Баламалы тест. (34,35,36 слайд)

Баламалы тест метан мен пропанды салыстыру арқылы студенттердің білімдерін нақтылау.Дұрыс жауапқа «+» дұрыс емес жауапқа «-» белгілері қойылады.

Метан мен пропанды салыстыру.

1 2 3 4 5 6 7
Метан СН4
Пропан С3 Н8

Барлығы________                                       Дұрысы______                Баға________

Сұрақтар

  1. Батпақ газы деп аталады
  2. Отын ретінде қолданылады
  3. Табиғи газдың құрамында бар
  4. «Сығылған газ» не «баллон газы» деп аталады
  5. Мұнайға серік газдың құрамында бар
  6. Шахтадағы жарылысты туғызатын газ
  7. Қандай газ қызыл жолақты цистерналар арқылы тасымалданады
  8. «Сыйлықты тап» ойыны. Бұл ойында смайликтардың артында жасырылған сұрақтармен,өз өнерін көрсету дұрыс тапқан студентке сыйлықтар табыстаймыз . (37-53 слайд)
  9. Гомологтар дегеніміз не? Алкандардың жалпы формуласы қандай?
  10. Дегидрлену реакциясы қалай жүреді?
  11. Изомерлер дегеніміз не?
  12. Алкандарға қандай химиялық қасиеттер тән.
  13. Алкандардың бірінші мүшесін ата. Оған сипаттама бер

          3 Кім жылдам? Есептерді шығару (54 слайд)

  1. Атаулары бойынша мына алкандардың құрылымдық формулаларын құрыңдар: 2,3- диметилбутан; 2,2,3-үшметил-3-этилпентан; 2,3,6- үшметил-4- этилгептан.
  2. 55г пропан толық жануы үшін оттектің  қанша көлемі (қ.ж.) қажет?

4.Қорытындылау.

V  Бағалау 

VI.Үй тапсырмасы:  (55, 56 слайд)

  1. тапсырма: Сыни тұрғыдан ойлаудың БҮҮ стратегиясын пайдалана отырып өткен тақырып бойынша мына кестені толтыру

 

Білетінім Үйренгенім Үйренгім келетіні
  1. тапсырма: Оқулық – Химия –Б.А. Мансұров §2.2 Қаныққан көмірсутектер .7-16 беттегі 3-4 есептер

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

       

 

 

Leave a Comment