Химия еліне саяхат

Е.  Айшуақұлы  атындағы  орта  мектеп

Жанбосинова  Анар

Тәрбиелік – шараның тақырыбы«Химия  еліне  саяхат» 

Мақсаты:

  • Химия пәнін  өмірмен  байланыстыра  отырып, маңызына  ғылыми  тұрғыдан  түсінік  беріп, оқушылардың пәнге  қызығушылын  арттыру, және оларды ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа баулу, білімдерін тексеру;
  • Қызықты есептер арқылы қызығушылықтарын ояту,ойлау қабілетін дамыту;
  • Еңбек сүйгіштікке,ой еңбегіне,шапшаңдыққа,топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу;

Типі: Білімдік шара

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация, тор, су, орамал, спирт.

Барысы:

  1. Көрініспен шараны  ашу.
  2. «Білімді мыңды жығар,  білекті  бірді  жығар»   сұрақтарға жауап алу.
  3. «Химия таңғажайыптары» тәжірибелердің сырын  ашу.
  4. «Біліміңді шыңдай біл» теңдеу  құру, есептер  шығару.
  5. 5. «Полиглот».

 

«Химия  еліне  саяхат»  сайысы.

Мұғалім:  Сәләматсыздар ма,құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Оқушылардың  химияға  қызығушылықтарын  арттырудың  бір  жолы  дәстүрлі  емес  сабақтар  өткізу.  Олардың  бірі  ретінде химияны  оқытуда 8 сыныптар  арасында  өткізілгелі  отырған «Химия  еліне  саяхат» атты  тәрбиелік  шара.

Мақсатымыз: Химия  пәнін  өмірмен  байланыстыра  отырып, маңызына  ғылыми  тұрғыдан  түсінік  беріп, оқушылардың пәнге  қызығушылын  арттыру, және оларды ізденуге, тез ойлауға,алған  білімдерін еңбекте, өмірде  қолдану, сөз  сөйлеу  мінеріне  тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

«Қайда қарасақта, қайда көз жіберсек те химия ғажайыптары» демекші, шындығында да бізді қоршаған табиғат химиялық құбылыстарға толы. Атап айтсақ, күнделікті көріп жүрген кәдімгі  қасықтан  бастап, ұшақ  жер  серігіне  дейін,  ағаш  пен  көмірдің жануы химия  өнімдері. Адам  тамақсыз, киімсіз,  қажетті  бұйымдарсыз  өмір  сүре  алмайды. Мінеки,  жасауға  химия  қатысады. Сондықтан  да осындай таңғажайып сыры мол химия пәнінен 8 сыныптар арасында өткізілгелі отырған

«Химия  еліне  саяхат»  сайысына қош келдіңіздер!

Көруге  химия  кешін  жиылғандар,

Менделеевке  құдайындай  сыйынғандар.

Қош  келдіңіздер  бүгінгідей  ғажайыпты

Тамашалау  бақыты  бұйырғандар.

Бүгінгі  тәрбиелік  шарамызды  «Химия  еліне  саяхат»  атты  көріністен  бастаймыз.

                                         Көрініс

1-оқушы (ұл).Бүгін сіздерді химия әлеміне қызықты саяхат күтіп тұр.

2-оқушы (қыз). Біз саяхатымызды  Жыңғылды  ауылының  Есір  Айшуақұлы    атындағы  мектептің  химия кабинетінен бастаймыз.

1-оқушы. Сенде айтады екенсің.

2-оқушы.Иә,сен қарашы дұрыстап,мынау Менделеевтің периодтық кестесі,ал мынау ерігіштік кестесі.Бақылау жұмысындағы тапсырмаларды осыларға қарап орындауға болады.

1-оқушы.Ол,үшін бұл кестелерді оқып үйренуіміз керек.Элементтердің латын тіліндегі мағынасын білуіміз керек.

2-оқушы. Қорықпа бірдеңе етіп жолын табамыз.Таба алмасақ басқа оқушылар көмектеседі.

1-оқушы.Алмынау қандай кітап (оқиды); «Ұлым менің философиялық сыныпты ал».Сандырақ.(қолын сілтейді).

2-оқушы.Бұл сен ойлағандай сандырақ емес. Алғаш химия ғылымы Мысыр елінде  дамығандықтан, «химия» сөзі «кеме»,яғни қара жер деген  сөзден шығуы мүмкін. Немесе «хюма» – металдар құймасы деген , сондай-ақ «ким» -алтын сөзінен де шығуы мүмкін.

1-оқушы. Егер уақыт машинасына отырып, 5-6ғ.кейін шегініп, ертеде оқушылардың формулалар мен теңдеулерді оңай есептеу үшін қандай әдістер қолданғанын қарасақ қайтеді.

2-оқушы.Тек екеуміз саяхатқа шыға алмаймыз.Оқушылардың бізбен баруын өтінеиік.

1-оқушы.Бізбен бірге саяхатқа  барамын деушілер бірге жүрсін.

2-оқушы.Әзір болсаңдар, кеттік!.

Саяхатқа  келген  оқушылар  екі топқа  бөлінеді.

  1. 8«а»сынып «Металдар»
  2. 8«ә» сынып«Бейметалдар»

 

Жүргізуші: Адамнан  ғылым  айла  асырмаған

Құпиясын  құлыптап  жасырмаған

Кел  бәріміз  ғылымның  тілін  зерттеп

Бір  жұмбағын  ашайық  ашылмаған – дей  келе  келесі  сайысымыз

«Білімді  мыңды  жығар,  білекті  бірді  жығар» деп  аталады. Сұрақтарға  жауап  алу.

Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

І топ  сұрақтары:

1) Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.(атом)

2) Химия пәні нені зерттейді? (Химия-заттарды, олардың қасиеттерін, соның ішінде өзара

айналуларын зерттейді)

3) Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр.(коэффициент)

4) Күкірт неше валентті?(2,4,6)

5) Натрийдың салыстырмалы атомдық массасы?(23)

6) Периодтық кесте неше топтан тұрады?(7)

7) Атом молекулалық ілімді ашқан ғалым.(М.В.Ломоносов)

8) Валенттілік дегеніміз не? (Валенттілік – химиялық элемент атомының басқа химиялық

элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қасиеті)

9) Тотығу – тотықсыздану  реакциялары  дегеніміз  не? (Валенттілік  электрондары  электртерістілігі  кіші  атомдардан   электртерістілігі   үлкен  атомдарға  ауысатын  немесе   ығысатын  процестерді   тотығу – тотықсыздану  реакциялары  деп  атаймыз)

10) Айдаһар бейнесіне ұқсайтын элемент.(S)

11) Химиялық реакция теңдеуін аяқтаңдар: Са(ОН)2+НСl=

(Cа(ОН)2+2НCl=CаСl2+2Н2О)

12) Алюминий (ІІІ) гидроксидінің құрамындағы элементтердің массалық үлесі қандай?

13) Массасы 20,8г ВаСl2 Н2SО4пен әрекеттескенде тұнбаға түсетін ВаSО4 массасын есептеңдер

14) Мына  қосылыстардағы элементтердің тотығу   дәрежесін  анықтаңыздар: H2O. CaCI2. SO3. SiO2.  Na2S. P2O5

 

ІІ  топ  сұрақтары:

1) Химияның міндеті қандай? (Заттарды қолдану үшін қасиеттерін айқындау, адамдардың

сұранысына қажет заттар алу, табиғи қорларды тиімді пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау)

2) Темір қандай валенттілік көрсетеді? (2,3)

3) Металдардың кернеу қатарын ұсынған ғалым? (орыс  ғалымы Н.Н. Бекетов)

4) Зат мөлшерінің өлшем бірлігі? (ню)

5) Периодтық кесте неше период  пен  қатардан тұрады? (7период, 10 қатар)         

6) Индекс нені білдіреді? (атомдарын  санын)

7) Реттік номірі 19, салыстырмалы атомдық массасы 39-ға тең болатын элемент.(калий)

8) Атмосферада оттек неше пайыз? (21 пайыз)

9) Изотоптар  дегеніміз  не? (ядроларында  протондар  саны  бірдей,  бірақ  массалары   әртүрлі  белгілі  бір  элементті  құрайтын  атомдар   түрін  айтады)

10) Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріңдер

Na + O2 →

KOH + H2SO4 →

 

11) 20г  кальций ауада жанғанда түзілетін  кальций оксидінің массасы қанша?

12)  Оксидтер дегеніміз не? (Оксидтер – біреуі оттек болып келетін екі элементтен   құралған қосылыстар)

13) Күкірт  қышқылының   құрамындағы элементтердің массалық үлесі қандай?

14) Мына  қосылыстардағы элементтердің тотығу   дәрежесін  анықтаңыздар: H2S. FeCI2. SO2. BaO.  NH3.  NaF

 

Жүргізуші: Рахмет сендер бірінші турда белсенділік көрсеттіңдер. Келесі  сайысымыз «Химия  таңғажайыптары» тәжірибелердің  сырын  ашу. Әрбір дұрыс  жауапқа  5 ұпай.

Ал,оқушы балалар,

Ойланып бір көріңдер,

Сендерге сұрақ беремін,

Толғанып жауап беріңдер!

1- топқа: «Жанбайтын орамал» Сұйық еріткішке шүберекті батырып алып, оны жандырамыз.  Шүберек жанбайды.

Құпиясы мынада:Тек шүберек сыртындағы еріткіш жанып, шүберек жанбайды.

2 – топқа: Жіптен  тоқылған  тор  әкелінеді. Суды  төкпей  жылдам  әкелу  керек. Қалай  әкелуге  болады? Жауабы: торға Н2О формуласын  жазып  салады  да  әкеліп  береді.

 

Жүргізуші:  Білмейтінін  білем  деп  олжа  қуар,

Біреулердің  әр  заттан  болжамы  бар.

Химияны  болжаммен  ұға  алмайсың,

Формуланың  оң жағы,  сол  жағы  бар, –  дей  келе теңдеу  құру   сайысы.

«Біліміңді  шыңдай  біл»

Берілген өлең жолдарынан реакция теңдеулерін табу керек:

(Дайындалу уақыты 5 минут, дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі)

1 топ                                                       2 топ

Фосфор жақсаң будақтап,                       Су бетінде безектеп,

Ақ түтінін түзеді,                                      Металл натрий жүзеді.

Ақ түтінді су сорып,                                 Ең соңында жоқ болып,

Қандай қосылыс түзеді.                           Қандай қосылыс түзеді.

Жауабы:

1 топ                                                2 топ

4Р + 5О2→ 5Р2О5                                   2Nа + 2H2O → 2NaOH + H2

Р2О5 + 3Н2О → 2Н3РО4

 

 

Жүргізуші: Келесі  сайысымыз  «Полиглот».  Төмендегі жұмбақтың шешуін 3 тілде  (қазақша, орысша, ағылшынша)  айту қажет.  Әрбір дұрыс жауапқа 1ұпайдан беріледі.

 

«Полиглот»

Мақалды толықтыр.

1 – топ.

№ 1

………қызған кезде соқ.

Жауабы: Темір, железо, феррум.

№ 2

Өзі ауыр металға жатады, балалар осы металл құйған сақамен атады.

Жауабы: Қорғасын, свинец, плюмбом.

 

№ 3

Жылтырағаннын бәрі ……..емес.

Жауабы: Алтын, золото, ауруум.

 

№ 4

Осы затпен ескі үйді аластайды, түсіне қарасан алтынға ұқсайды.

Жауабы: Күкірт, сера, сульфур.

 

2 – топ.

№ 1

Өзі жылтыр күмістей, жұмсақтығы тағы бар.

Жеңілдігін ескерсен пайдаланар жері табылар.

Жауабы: Алюмений, алюмениум.

 

№ 2

Иісі, түсі, өңі жоқ

Табиғатта онсыз өмір жоқ

Өсімдіктен аламын

Өміріме нәр қыламын.

Жауабы: Оттек, кислород, оксигениум.

 

№ 3

Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық

Буланбас қайнатсаңда отынды үріп,

Көрсететін суықты , жылуды анық

Қандай зат құрал жасар соны құйып.

Жауабы: Сынап, ртуть, гитраргениум.

 

№ 4

Алтын …….тас екен.

Арпа бидай ас екен.

Жауабы: Күміс, Серебро, аргентум.

 

 

Жүргізуші: Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. «Химия  еліне  саяхат»  атты шарамызды ұлы  ақын  өлеңімен  аяқтаймыз:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Жастықтың  оты  қайдасың,

Жүректі  түртіп  қозғамай.

Ғылымның  біліп  пайдасын,

Дүние  көркін  болжамай – деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап, білімді жастарымыз көбие берсін. Сау болыңыздар!

 

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment