Іздегенде табылатын қасыңнан

Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебі

Өзін-өзі тану мұғалімі

Қоштаева Гүлмира Майлыбайқызы

Тақырыбы:Іздегенде табылатын қасыңнан…

Мақсаты: «дос», «достық»ұғымдарының адамгершілік құндылық реттіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру;
  • Айнала қоршаған адамдарға тілеулес,ізгі ниеттерін дамыту;
  • Жауапкершілікке,сізімталдыққа тәрбиелеу.
  1. Шаттық шеңбері

Қ.Ыдырысовтың «Қайдасыңдар,достарым?».

2.Әңгімелесу

1.Достық дегеніміз не?

2.Достық пен жолдастықтың  айырмашылығы неде?

3.Достың көп болуы мүмкін бе?

4.Өз достарың жайлы не айтасыңдар?

3.Мәтінмен жұмыс

Ә.Ахметов «Дос жүрегі»атты шығармасымен танысу.

  • «Абайла,бауырым,абайла»деп,автор неден сақтандырған?
  • Шығармада дос жүрегі неге теңеліп суреттелген?
  • Доспен ізгі,аяулы қатынас жасаудың қажеттілігін қалай түсіндірер едің?
  • Өз достарыңмен қарым-қатынастарыңды қалай бағалар едіңдер?

4.Жаңа ақпарат

Адамдардың бір-біріне деген адал сенімі,өзара тілеулес ортақ көзқарасы достыққа ұластырады.Достық дегеніміз адамдардаң өзара жауапкершілігі,сыйластығы мен бір-біріне қамқорлығы,рухани жақындықтары.Достық қарым-қатынас адамдарға өзара сенім жүктейді.Достар бір-біріне қуанышта да,қиыншылық да ниеттес,қамқор болады.Достық-сыйластықтың,мейірбандықтың мөлдір көзі.Оны уақыт та,қиындық та үзе алмайды.

Адамдардың білместігіне түсіністікпен қарап,кешіре білмеген адам нағыз доста бола алмайды.Адал дос әрқашан адамдарға сеніммен қарайды,қатесін,кемшілігін кешіре біледі.Ондай адам жан дүниенді түсініп,әрдайм қасыңнан табылып,көмектесуге дайын тұрады.Бұл нағыз достық.

Өмірде достармен қатар жолдастарымыз да бар.Жолдастардың қоғамдық ортасы бар,олар бір-бірімен өзара пікірлес,сыйлас болады.

5.Дәйексөз

«Жақсымен дос болсаң,жетерсің мұратқа,жаманмен дос болсаң,қаларсың ұятқа»

6.Жағдаяты талдау

1.Сарман қанша әуреленсе де,есепті шығара алмайды.Мектепке келе сала көршісі Зейнептің дәптерін сұрап,одан көшіріп алады.Алғашқыларын көшіріп,келесі есепке келгенде,Зейнептің қатесін байқап қалады.Бірақ Сарман өз дәптеріне есептің шешуін дұрыстап жазды.Алайда ол бұл туралы Зейнепке айтқан жоқ.

2.Сыныптас қыздар мереке қарсаңында би кешіне баратын болды.Олар кешке киетін көйлектері жайлы жарыса айта бастады.Айша ғана үнсіз қалды.Би кешіне асыға жеткен қыздар айна алдына жиналды.Бір-біріне қызыға қараған қыздар Айшаның жоқ екенін байқады…

  1. Тыныштық сәті

Дос туралы әңгімелеу

8.Шығармашылық жұмыс

Достық туралы бір шумақ өлең шығару.

9.Мақал-мәтелдер сөйлейді

«Кемшілік іздеген адам-доссыз қалады»

«Дұшпан күлдіріп айтады,дос жылатып айтады»

«Досы көппен сыйлас,Досы жоқпен сырлас»

«Досы жақсының өзі де жақсы»

«Досың мың болса да аз,дұшпаның біреу болса да көп»

10.Жүректен-жүрекке

Досымыз қандай болғанын  қалаймыз..

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master