Адамның бағалы қасиеттері

бу Қоштаева Гүлмира Майлыбайқызы

Өзін-өзі тану мұғалімі

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебі

Маңғыстау ауданы

Маңғыстау облысы

 Тақырыбы: 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Мақсаты:

1.Адам бойындағы жақсы қасиеттерімен таныстыру;

2.Балалардың  жеке тұлғалық қасиетін қалыпткастыру;

3.Ұжымға, Отанға, қоғамға, еңбекке өз міндеттрінжәне өз басына жауапкершілігін қалыптастыру;

Міндеттері:

1.Адам бойындағы <<қайырымдылық, ерлік, адалдық>> ұғымдары туралы түсінік беру;

2.Қайырымдылыққа, ерлікке, адалдыққа тәрбиелеу.

 

Жоспары:

1.Шаттық шеңбері.

2.Негізгі бөлім.

3.Ой қозғау.

4.Жағдаят құру.

5.Тыныштық сәті.

6.Шығармашылық жұмыс

7.Ойын.

8.Топтастыру.

9.Жүректен жүрекке.

 

1.Шаттық шеңберінде дөңгелене қол ұстасып тұрып, Бала тілегі әнін орындау.

  1. Негізгі бөлім.Адамның бойындағы қасиеті оның ьәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәләлденген. Тәрбиесіз адам адамгершілігі жағынан надан деген екен. Жеке қасиеттерге тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру, дамытудың аса маңызды саласы. Ол ұжымға , қоғамға, Отанға, еңбекке өз міндетттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамның бағалы қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.Шығыстың ұлы ғалымы Әбу Насыр әл- Фара,и <<Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз ,мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін>> деген екен.

 

3.Ой қозғау.Сөздерді құрастыру арқылы үш топқа бөлу. Әр топтың мағынасын ашу.

1.Қайырымдылық.

2.Ерлік.

3.Адалдық.

А. Қайырымдылық  –  айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық  бар жерде  қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда  ата-анасына мақтаныш.

 

Ә. Ерлік –  бірнеше мағыналы сөз. Адам бойындағы батьылдықты, қайсарлықты, ұстамдылықты, табандылықты білдіретін ұғым. Ерлік істеген сәтте де адам  өзіне қауіп төнсе де, тайынбай, рухын жоғары ұстайды. Басына түскен ауыртпалықты мойымай көтеріп, мұны негізгі борышым деп есептейді. Ерлік  көбінесе қоғамдық мәні бар істерде көрінеді. Сондықтан ол адамның бағалы қасиеттерінің негізгі көрсеткіштерінің бірі.

 

Б. Адалдық –   адам  мінезіндегі бағалы қасиеті. Жеке тұлғаны сана-сезіміне, ар-ожданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат- мүддесін көздейтін тарихи шындықпен ұштасып жатаын іс-әрекеттер. Әр бір қоғамның  адалдық жайында  өзіндік пайым түсінігі бар. Қарапайым халық қашанда адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады. Адалдық адамның жеке басымен моральдық  тұлғасын сипаттайды. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой атағын ажырататын ізгі қасиет.

 

4.Жағдаят  құру. Әр топқа жағдаят  құруға тапсырма беру. Жекелеген  оқушыларға оқыту.

5.Тыныштық сәті.

6.Шығармашылық жұмыс. Әр топ өз атауларына байланысты өлең шығару.

7.Ойын.<<Шынжыр ойыны>> ойыны.

8.Топтастыру. Әр топ өз атауларының синонимін табу.

 

Қайырымдылық

Кеңпейілді                             Жанашыр                          Иманды

 

 

 

Мейірімді                                                                                               Ізетті

 

Сенімді кішіпейіл

Бауырмал         Рақымшылық

 

Ержүректік          Қайсарлық          Еркіндік

 

           Ерлік

Сенімді

 

 

 

Табандылық           Тәуекелбатылдық күші

 

Көпшіл          Тілекші

Ынтымақ

           Адал

 

 

Түсіністік                                                                                  Достық

 

 

Ізгілік

Шыншыл                 Ғашықтық

  1. Жүректен жүрекке. Оқушылар айнала тұрып, бір – біріне жүрек беру арқылы асыл қасиеттерді айтады.

Leave a Comment