Экономикалық өсу

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қаласы

№5 колледж

«Нарықтық экономика негіздері» пәнінің оқытушысы:

Тагаева Гульмира Жапбаровна

 Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: экономикалық өсудің мән-мағынасын, негізгі .

 ә) тәрбиелік: оқушыларды Отансүйгіштікке, өз елінің тарихын терең білетін, саналы   азамат болуға тәрбиелеу

б) дамытушылық: оқушылардың таным деңгейін негізгі талаптарға сай дамыту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пән аралық байланыс: менеджмент,маркетинг

Сабақтың көрнекілігі: карточка,тақырыптық сызбалар

Пайдаланылған әдебиеттер: Б.Байтенова  менеджмент және  маркетинг

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Жиынтық сұраныс және оның түрлері?
  2. Жиынтық ұсыныс, оның экономикалық тепе-теңдіктегі рөлі?
  3. Ұлттық өндірісті реттеудің негізгі механизмі – классикалық бағыт.
  4. Ұлттық өндірісті реттеудің негізгі механизмі – кейнстік бағыт.
  5. Тұтыну және жинақтау.
  6. Макроэкономикалық тепе-теңдік.

Сонымен қатар, үйге салыстырмалы анализ жасауға екі мемлекеттің Қазақстанмен Украинаның экономикалық жағдайы берілген болатын. Соған назар аударсақ.

Екі топ Қазақстан мен Украинаның экономикалық тепе-теңдік жағдайына талдау жасайды.

ІІІ. Жаңа сабақты мазмұны

Тақтаға назар аударайық. Мен сіздерге мынадай кілт сөздерді ұсынамын, осы сөздерге сүйене отырып, бүгінгі өтетін тақырыпқа болжам жасап көрейік.Болжам тренингі

жан1

 

 

 

 

 

Сонымен, бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Экономикалық өсу». Бұл сабақта сіздер экономикалық өсудің мән-мағынасын, негізгі факторларын және модельдерін қарастыру арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының негізгі мәселелері туралы мәліметтер аласыздар және алған білімдеріңді өз қажеттіліктеріне сай пайдалануға үйренесіздер.

І. Жаңа тақырыпты меңгерту

(Дайындалған презентация слайд арқылы түсіндіріледі)

Экономикалық теорияда маңызды сұрақтардың бірі – экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

         Экономикалық өсудің негізгі мақсаты болып табылатын материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы, мынандай құрамдардан тұрады:

                                        

Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар

 

(Кесте арқылы түсіндіру).

Тікелей факторлар: Жанама факторлар:
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.

–  Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.

–  Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.

–  Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.

–  Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.

–         – Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.

–         – Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.

–         – Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

Студенттерге кесте арқылы түсіндіргеннен кейін, проблемалық сұрақ қойылып, пікірлері тыңдалады.

Экономикалық өсуді қамтамасыз ететін факторлар:

  1. Табиғи ресурстардың мөлшері мен сапасы.
  2. Еңбек ресурстары
  3. Капитал
  4. Техникалық прогресс
  5. Инвестиция

Экономикалық өсудің интенсивті және экстенсивті түрлері

Өсудің экстенсивті факторы ресурстың сандық жағынан көбеюімен жүзеге асырылады. Мысалы: қызметкерлердің сан жағынан өсуі. Бірақ, мұндай жағдайда орташа еңбек өнімділігі өзгеріске түспейді. Ресурстардың шамадан тыс өсуіне, көбеюіне өсудің экстенсивті факторында қайтарымның төмендеу заңы тән болады. Мысалы: кәсіпорынның санын көбейте беруден осыған сәйкес жұмыс күшін де көбейте беруден еңбек өнімділігі артпайды. Бұл фактор инновациямен яғни жаңашылдықпен, жаңа өндірістік технологияларды және технологиялық басқарумен, адам капиталының сапалық жағынан өсуімен байланыссыз, оған сандық өзгеріс қана тән.

Ал, экономикалық өсудегі интенсивті фактор – басқару мен технологияны сапалық жағынан арттырумен және жетілдірумен, инновациялық идеяларды қолданумен, өндірісті модернизациялау және адам капиталының сапасын арттырумен байланысты.

Қазіргі кезеңде әлемдегі дамыған өнеркәсіпті елдер дамудың интенсивті жолын ұстанып, өндірісте жаңа технологияны қолдануда, инновациялық идеяларды пайдалануда. Орташа деңгейде ғана өнім шығаратын өнеркәсіп орындарын экстенсивті жолмен сан жағынан көбейту жолынан бас тартуда. Өндірісті модернизациялау, қайта құру, жаңа технологиямен жабдықтау, қызметкерлердің білім деңгейі мен сапасын арттыру және өнімнің әлемдік рыноктағы бәсекелестік қабілетіне маңыз беруде.

Қазақстан осы интенсивті даму жолын ұстануда. Басты мақсат – елді индустрияландыру, жаңа технологиямен жабдықталған өнеркәсіп орындарын ашу, ғылымға негізделген алдыңғы қатарлы идеяларды өндіріске енгізу, әлемде сұранысқа ие болатын қазақстандық сапалы өнім – отандық бренд шығару.

жан2

Әлемдегі экономикалық өсудің тиіптері:

Қазіргі кезеңдегі өсу теориясы экономикалық өсудің төрт типін бөліп көрсетеді.

  • Қалыпты өсу (АҚШ, Европада байқалады)
  • Таңғажайып өсу. (Жапония, Оңтүстік Корея, Гонконг, Қытай)
  • Трагедиялық өсу (Орталық Африканың бірқатар елдері)
  • Өсудің болмауы (мысалы, Зимбабе)

Экономикалық өсудің типтері әрқайсысына талдау жасалады. Мысалдар келтіріледі.

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды.

Стратегиялық Жолдау дегеніміз – ҚР әлеуметтік –экономикалық даму деңгейін арттыруға, азаматтардың әл-ауқатының өсуіне және ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ұзақ және қысқа мерзімді бағдарламалар жобасы. ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына аранған жолдауына байланысты Қазақстан Республикасындағы экономикалқы өсу мәселесіне тоқталу.

ІҮ. Сабақты қорытындылау, бекіту:

Хронологиялық диктант

Екі топқа хронологиялық диктант беріледі. ҚР экономикалық өсуіне талдау, болашаққа болжам жасау.

І топ                                                      ІІ топ

1991 ж … 1992 ж …
1993 ж … 1994 ж …
1995 ж … 1996 ж …
1997 ж … 1998 ж …
1999 ж … 2000 ж …
2001 ж … 2002 ж …
2003 ж … 2004 ж …
2005 ж … 2006 ж …
2007 ж … 2008 ж …
2009 ж … 2010 ж …
2011 ж … 2012 ж …
  1. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты
  2. Экономикалық өсудың өлшеу типтері
  3. Экономикалық өсудің типтері
  4. Экономикалық өсудің факторлары
  5. Қазақстан экономикасының өсу динамикасы

Ү. Оқушыларды бағалау: Жалпы экономикалық білімдерін күнделікті әлеуметтік, тұрмыстық жағдай мен қоршаған ортамен байланыстырып, өз ойын ортаға салып отырған оқушыларды бағалау

 ҮІ. Үйге тапсырма: Әлем елдерінің экономикалық өсу тәжірибесін талдау (хронологиялық диктант)

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment