Термодинамиканың бірінші заңы.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қаласы

№5 колледж

«Физика және информатика» пәнінің оқытушысы:

Токеева Лаура Рыстаевна

 Сабақтың тақырыбы:   Термодинамиканың бірінші заңы.

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік:                Оқушылардың “Жылу мөлшері” тақырыбындағы алған білімдерін    тереңдетіп, бір жүйеге келтіре отырып, термодинамиканың бірінші заңын түсіндіру.

 Тәрбиелік:         Оқушыларды достыққа, ынтымақтастыққа, тапқырлыққа, татулыққа  баули отырып, оларды өз білімі ғана емес, басқа оқушының да білімі үшін жауапкершілікке дағдыландыру, өзін – өзі басқаруға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, олардың     пәнге деген ынтасы мен қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі:   Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:  Интерактивтік  және ойын әдістері.

Сабақтың типі:   Жаңа  тақырыпты меңгеру сабағы.

Сабақтың көрнекілігі:  Интерактивті тақта, слайдтар,плакаттар, кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс:   Информатика,қазақ әдебиеті, өндірістік оқыту,

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин)

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,дәрісхананың тазалығын тексеру.

II.Өткен тақырыпты қайталау. (10 мин)

«Термодинамика» шыршасын безендіру.

«Физика мақал – мәтелдерде».

III.Жаңа тақырыпты түсіндіру.(15 мин)

IV.Жаңа сабақты бекіту:(15 мин)

«Сән әлемі» ойыны.

V.Сабақты қорыту, бағалау.(3 мин)

  1. Үй тапсырмасы:

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,дәрісхананың тазалығын тексеру.

II.Өткен тақырыпты қайталау.

Қымбатты оқушылар, бүгін сіздермен «Ішкі энергия», «Жылу мөлшері» тақырыптарын қайталаймыз. Сабақтың мақсаты – осы тақырыптарды қайтала отырып, термодинамиканың бірінші заңын түсіндіру.Ал енді біз сіздермен бірге «Термодинамика» шыршасын безендірейік.Әрбір шыршаның бұтақтарына  анықтама айта отырып, оны ойыншықтармен, яғни фомулалармен безендіреміз.

«Термодинамика» шыршасы 

1.Ішкі энергия дегеніміз не?  Формуласы?

2.Жылу мөлшері деп нені айтады?

3.Меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз не?

4.Меншікті балқу жылуы деп нені айтады?

5.Меншікті булану жылу деп нені айтады?

6.Меншікті жану жылу деп нені айтады?

«Физика мақал – мәтелдерде».

 Мақал – мәтелдердің физикалық мағынасын ашу.

                                           Отты үрлеген жағады,

Шындықты іздеген табады.

Отты үрлеген кезде, отқа жаңадан таза ауа келеді де, от жақсы жанады.

Өтірік айтпау керек, әр уақытта шыншыл, әділ болу керек.Әр уақытта шындық жеңеді, шындықты қажымай іздеу керек.

Теректің жануында мін жоқ

                                          Бірақ жылуында мән жоқ.

Терек жақсы жанады, өйткені оның меншікті жану жылуы аз.

Тонның жылуы терісінен емес, жүнінен.

Тонды қойдың, түйенің жүнінен тігеді, ал жүннің арасында ауа болады.Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы сықты адам денесіне тигізбейді.

Нан піскенше күлше күйеді.

Неғұрлым қыздырылған денеің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу беру керек.

III.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

    Энергияның сақталу заңы.Термодинамиканың бірінші заңы – бұл жылу құбылыстарына таралған энергияның сақталу заңы.Ол ішкі энергияның өзгеруі қандай себептерге байланысты екенін көрсетеді.

XIX ғасырдың орта кезіне таман ғалымдардың көптеген тәжірибелері механикалық энергия  ешқашан із- түзсіз жойылып кетпейтінін дәлелдеді.

      Табиғаттағы энергия жоқтан пайда болмайды және жоғалмайды: энергияның мөлшері өзгермейді.Ол тек бір түрден екінші бір түрге өтеді.       Термодинамиканың бірінші заңы.  Жылу құбылыстарына таралған энергияның сақталу және айналу заңы термодинамиканың бірінші заңы деп аталады.Денелердің механикалық энергиясы тұрақты болып қалады да, тек олардың ішкі энергиясы өзгеретін болады.

Жүйенің бір күйден екінші күйге өткендегі оның ішкі энергиясының өзгеруі сыртқы күштердің жұмысы мен жүйеге берілген жылу мөлшерінің қосындысына тең:

Егер жүйе оқшауланған болса, онда ол жүйеде жұмыс істелмейді(А=0) және ол қоршаған денелермен жылу алмаспайды. (Q=0).Бұл жағдайда термодинамиканың бірінші заңына сай U=U. Оқшауланған жүйенің ішкі энергиясы өзгеріссіз қалады.

Көбінесе жүйемен жұмыс істейтін сыртқы денлердің жұмысы орнына жүйенің сыртқы денлермен істейтін жұмысы қарастырылады.

Q=  U+A

Жүйеге берілген жылу мөлшері оның ішкі энергиясын өзгертуге және жүйенің сытрқы денлермен жұмыс істеуіне жұмсалады.

Мәңгі двигатель жасаудың мүмкін еместігі.Термодинамиканың бірінші заңынан мәңгі двигательді – отын немесе кез келген басқа материалдарды шығындамай шектеусіз мөлшерде жұмыс істеуге қабілетті құрылғы жасаудың мүмкін еместігі шығады.

Жұмыс және жылу мөлшері – ішкі энергияның өзгеру процесінің сипаттамасы.

IV.Жаңа сабақты бекіту:

«Сән әлемі» ойыны. Бұл ойында анықтамалар мен үш (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерді қаншалықты жетік меңгергендерінді тексеру.Тақтада әр –түрлі киімнің сән үлгілері тұр,бұл киімдерді біз сіздермен күнделікті қолданамыз.Сіздер әрбір киім үлгісін таңдау барысында, оның атын  үш тілде атап,оның астындағы сұраққа жауап беру керек.

  1. Термодинамиканың бірінші заңы қандай құбылыстарға арналған?
  2. Энергияның сақталу заңы қалай тұжырымдалады?
  3. Бұл заңды қандай ғалымдар тұжырымдаған?
  4. Термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады?
  5. Термодинамиканың бірінші заңының формуласы?

V.Сабақты қорыту, бағалау.

  1. Үй тапсырмасы: §26. Термодинамиканың бірінші заңы.86-88 бет. оқу.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment