Аутодеструктивті мінез-құлыққа бой алдырмаудың шаралары

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қаласы

№5 колледж

педагог-психолог

Сарсенбаева Айжан Таңсықбайқызы

Тақырыбы: Аутодеструктивті мінез-құлыққа бой алдырмаудың шаралары

Мақсаты: Жасөспірімдердің өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, өз мүмкіндіктерін анықтап, қоғаммен және өзара қарым-қатынасындағы жарасымды мінез ерекшеліктері мен сенімді мінез-құлықтарын қалыптастыру.

Қажетті құралдар:

Нақыл сөздер, тренинг ережесі, ақ парақ.

Тренинг барысы:

Психологиялық бағыт беру (жайлы әуен ойнап тұрады).

  1. «Аутодеструктивті мінез-құлық » (10-15 минут)

«Аутодеструктивті» сөзі латыннан аударғанда-қалыпты жағдайдағы құрылымының бұзылуы деп атайды. Аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық.

Қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез-құлықтың көптеген түрлері таралуда. Сондықтан оны түзету жолдары ғана емес, алдын-алу шаралары да маңызды роль атқарады. Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығуға әсіресе жасөспірімдер көбірек бейім, себебі жас ерекшелік өзгерістер болып жатады – эмоцияналдық тұрақсыздық, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі (олардан өзбеттілікті, жауапкершілікті талап ете бастайды), өмірлік тәжірибенің аздығы, «ақ пен қараны» ажырата алмау, сонымен қатар жағымсыз экологиялық, экономикалық, әлеуметтік факторлардың әсері. Сондықтан аутодеструктивті мінез-құлықтың психологиялық алдын-алу шараларының жасөспірімдер маңызы зор. Психологиялық түзетуде және алдын-алу шараларында екі базалық бағытты бөліп көрсетуге болады – проблемалық-бағыттылық және дербес-бағыттылық. Бірінші күрделі жағдайды немесе мәселені шешуге бағытталса, екіншісінде – адамның тұлғалық көріністеріне, өзіне және өзінің мінез-құлқына деген көзқарастарына көңіл бөлінеді.

  1. «Соңғы қадам» бейне фильм  (3минут)
  1. Жасөспірімнің күйзеліске душар болып жүргенін мынандай әрекеттерден де анық аңғаруға болады:
  • Баланың мінез-құлқы өзгереді, тұйық бола бастайды, әңгімеден қашады, өте енжар, селқостық байқалады.
  • Мектепке бармаудың барлық амал-шарасын ойлап табады: «басым, ішім ауырып тұр, құсқым келеді» деген сияқты сылтауларды көбейеді.
  • Мектепте болған жағдайлардан бас тартады, сабаққа барғысы келмей, әдейі ұйықтап қалады.
  • Әдеттегіден гөрі ақшаны жиі сұрай бастайды, сылтауы көбейеді, тіпті ата-анасының қалтасына түседі. Демек, ол қаржыны мектепте «мазасын алып жатқандарға» тасиды.
  • Кейбіреулері тіпті тұйықталып кетеді, ешкіммен сөйлеспейді, ал екіншілері өте ашуланшақ бола бастайды.
  • Оқу үлгерімі нашарлайды, зейінсіз болады.
  1. «Өміріңнің бақытты сәттері» жаттығуы.

Мақсаты: Өткенді еске алғыза отырып, бойларындағы жағымды эмоцияларды сезіндіру, өздерін сергек сезінуге жағдай жасау.

Психолог:

– Осы уақытқа дейін, яғни өткен шақта өздеріңді өте жақсы сезінген, не өздеріңді сол сәтте бақытты сезінген 2 не 3 сәтті есімізге түсіруге тырысып көрейікші. Бұл оқиға қандай оқиғалармен, не жағдайлармен байланысты екенін есіңе түсіріп, сол жағдай туралы қысқаша жазыңдар.

Талдау:

-Осы оқиғаларды еске түсіру барысында қандай сезімге бөлендіңдер?

-Жағымды әсер алдыңдар ма?

Қорытынды: Жаттығу барысында бақытты сәттерінің символдары ретінде кілтті ұғымдар айқындалады.Оның бүгінгі күнгі іс-әрекет , көңіл-күйі қарым-қатынас барысында жағымды қалып қалыптастыруда үлкен маңызы бар.

  1. « Өз-өзіңе мақтау сөз» жаттығуы.

Мақсаты: Өз-өзіне деген сенімділіктерін нығайту.

Нұсқау: О0ытушыларға өз есімдерін жазбай, алдарындағы бетке «Мен» деп басталатын өз-өздерін мақтайтын сөздер жазу ұсынылады. Жазып болған соң оны умаждап, қорапқа салу ұсынылады. Қорапқа жиналған қағаздарды араластырып, әркім бір қағаздан алып, онда не жазылғанын оқып беру.

Талдау: Жаттығу ұнады ма?

  1. «Сағат бойынша достар»  жаттығуы.

Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, топ ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Нұсқау: Қазір әрқайсыларыңа жауап парақтары таратылады. Онда сағаттың суреті бейнеленген. Сендер осы әр сағат нөмірінің есімдерін жазып шығыңдар.

Әр нөмірге жазылған оқушымен келесі нұсқауларды орындаңдар.

1 Күлімсіреңіз

2 Қолын қысыңыз

3 Арқасынан қағыңыз

4 Комплимент айтыңыз

5 Қол бұлғаңыз

6 Көзіңізді қысыңыз

7 Қол ұстасып 3 рет секіріңіз

8 Бір тілек айтыңыз

9 Послать воздушный поцелуй

10 Массаж жасаңыз

11 Арқаларыңды сүйкеңдер.

12 Құшақтаңыз.

  1. «Ауа-райы» жаттығуы.

Мақсаты: Әрбір адамның жан дүниесінде болатын әртүрлі көңіл-күйлерге құрметпен қарауға дағдыландыру.

Мақсаты: Әрбір адамның жан дүниесінде болатын әртүрлі көңіл-күйлерге құрметпен қарауға дағдыландыру.

Талдау:

-Кім өз ойымен бөліседі?

-Жаттығуды орындау оңай болды ма?

-Жаттығуды орындауда не киындық туғызды?

Қорытынды: Өздерің топқа келгенде жағымсыз көңіл күйде болғанда, осындай әдісті қолдануларыңа болады. Бұл әдіс жағымсыз эмоциялардың одан әрі ушығып кетпеуіне көмегін тигізеді. Ал көңіліміз жайланғанда оны түсіріп, не алып тастаймыз.

  1. Сергіту сәті.

Тест: «Сіз уайымға бейімділігіңіз»

  1. «Біздің топтың жүрегі» жаттығуы.

Мақсаты: жанашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топ

ынтымақтастығын жетілдіру.

Нұсқау: Ватман қағазынан үлкен жүректі қайшымен қиып, қабырғаға жабыстырыңыз. Осыдан кейін әрбіреуіңіз түсті қағаздан кішкентай жүректі қиып, оған топқа арналған тілегін жазады. Осы қабырғаға жапсырылған ақ жүректе өмір жоқ, бірақ қазір әрбіреуің бұл жүрекке өздеріңнің жылы лебіздерің жазылған кішкентай жүректі жапсырып, үлкен жүрекке өмір беріп, тірілтеміз. Бұл топтың жүрегі болады .

  1. Рефлексия:

Тренингтен алған әсерлермен бөлісіңіз?

Қандай әсер алдыңыз?

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment