Ж. Жабаев өмірі мен өлеңдері (Презентация)

Ақмола облысы

Жақсы ауданы

Запорожье ауылы

Запорожье орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Омарбекова Тазагуль Абдикамедқызы

Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаев өмірі мен өлеңдері

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Жамбыл шығармашылығын терең зерттеп оқу.

Жамбыл деген жай атым, Халық менің шын атым!- деп жырлап өткен ұлы жырау шығармашылығы туралы оқығандарын ортаға салып талдауға үйрету.

ә) дамытушылық: өткен ғасырға үңілдіру. Оқушылардың Жамбыл өмірі мен поэзиясы туралы ұғымын кеңейту. Көркем дүниеге құрметпен қарау арқылы дамытуға ойландыру.

б) тәрбиелік: Жамбыл шығармашылығы арқылы оқушыларды ата мекеніңді сүюге, ардақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты түсіндіру, баяндау, топтастыру.

Сабақтың көрнекіліктері: Сөзжұмбақ, ақын суреттері мен кітаптары туралы слайдтар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

а) Амандасу, түгелдеу.

ә) Оқушыларды тізім бойынша тексеру.

б) Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. «Сегіз қырлы,бір сырлы» автор (Үй тапсырмасын сұрау,тест)

  1. Жүсіпбек Аймауытұлы әдебиетпен әуестенуді қай жылдан бастаған?

А) 1910 жыл;  Ә) 1909 жыл;  Б) 1912 жыл;  В) 1908 жыл;  Г) 1907 жыл:

  1. Жүсіпбек Аймауытұлы Семейде оқыған кезінде:

А) күреспен шұғылданды;

Ә) ән,күй шығарды;

Б) сатира жазумен шұғылданған;

В) зерттеу жұмыстарымен айналысқан;

Г) домбыра тартып, ән салып, спектакльдер қойып, өзі басты рөлдерде ойнаған:

  1. Жүсіпбек Аймауытұлы шығармаларының ішінен романдарын көрсет:

А) «Нұр күйі», «Шернияз»;

Ә) «Ақбілек», «Қартқожа»;

Б) «Қанапия мен Шәрбану»; «Ел қорған»;

В)  «Мансапқорлар», «Ел қорған»;

Г)  «Рабиға», «Ақбілек»:

  1. «Әнші» әңгімесіндегі «шүліндір» сөзінің мағынасы:

А) шұңқыр;

Ә) үлкен;

Б) мырза;

В) кәрі;

Г) жас:

  1. Жүсіпбек Аймауытұлының поэзиялық шығармаларын көрсет:

А) «Ұран», «Әскер марсельезасы»;

Ә) «Ақбілек», «Қартқожа»;

Б) «Шернияз», «Қанапия»;

В) «Елқорған»;

Г) «Рабиға»;, «Мансапқорлар»:

  1. Сұлтанмахмұт рухына арналған драмалық шығармасы:

А) «Мансапқорлар»;

Ә) «Қанапия- Шәрбану»;

Б) «Шернияз»;

В) «Әнші»;

Г) «Ақбілек»:

  1. Жүсіпбек Аймауытұлы ғылымның қай саласында зерттеу еңбектер жазды?

А) педагогика, психология;

Ә) медицина, математика;

Б) музыка;

В) философия;

Г) жаратылыстану:

  1. Жүсіпбек Аймауытұлы:

А) үш бәйтеректің бірі;

Ә) үш дана тұлғаның бірі;

Б) жеті өнерлінің бірі;

В) бес арыстың бірі;

Г) үш ағартушының бірі:

  1. Жүсіпбек Аймауытұлы У.Шекспир, В.Гюго, Г.Мопассан; А.С.Пушкин шығармаларын:

А) сынады;

Ә) аударды;

Б) зерттеді;

В) талдады;

Г) жинақтады:

  1. Жүсіпбек Аймауытұлының қазасына не себеп болды?

А) оба ауруы;

Ә) шешек ауруы;

Б) құрт ауруы;

В) оқыс оқиға;

Г) жалған айып:

ІІІ. Жаңа сабақ. (Сөз жұмбақ).

  1. «Сегіз қырлы, бір сырлы» автор; Жүсіпбек.
  2. Жүсіпбек Аймауытұлының поэзиялық шығармасы; Ұран
  3. Жүсіпбек Аймауытұлының оқыған жері; Семей
  4. Жүсіпбек Аймауытұлы шығармаларының ішіндегі романы;Ақбілек
  5. «Әнші» әңгімесіндегі «шүленгір» сөзінің мағынасы; Мырза
  6. Жүсіпбек Аймауытұлы ғылымның қай саласында зерттеу еңбек жазды? Психология.

Өмірбаяны: Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы. Ұлы жүз құрамындағы Шапырашты тайпасының Екей руынан шыққан. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде 1846 ж. 28 ақпанда Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Жасынан өлең-жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды. Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген. Жамбылдың шығармашылық өмірі 19-ғасырдың 70-жылдарынан басталған. Бұл – қазақ халқы үшін өте ауыр кезең еді. Ол аз болғандай, 20-ғасырдың 20-жылдарында ақ пен қызылдың соғысы. Осындай жағдайдың куәгері болған Жамбыл шындықты айтып, замана болмысын жасырмай суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлады, күйініп те, қиналып та сөйледі. Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан өнері – оның айтыстары. Бұл айтыстарында қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс та, сүре айтыс та бар.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына Жамбыл ақын белсене қатынасты. 2-дүниежүзілік соғыс тұсында бүкіл Кеңес Одағында Жамбылдан дәрежесі, мәртебесі биік ақын болған жоқ. 1945 жылдың 22 маусымында Жамбыл жүзге қараған шағында Алматы қаласында қайтыс болды.

Оқулықпен жұмыс: «Аттандыру» және «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңдерін мәнерлеп оқыту және талдату.

Сергіту сәті: әуенмен билеу.

ІV. Сабақты бекіту.

  • Жамбыл Жабаев кім?
  • Жамбыл Жабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
  • Жамбыл неше жасынан өлең айтып, жыр додасына түскен?
  • Ж.Жабаев 15 жасынан кімнің ақ батасын алды?
  • Кімдермен айтысқан?
  • Қандай дастандарды жырлаған?
  • Қандай өлеңдерін білесіңдер?
  • Ж.Жабаев қай жылы, қанша жасында қайтыс болған?
  1. Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Ақын Сәкен Сейфуллин «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз»,- деген екен. Сондықтан Жамбыл жырларын, өмірін біліп, өнегелі өмірі мен сөздерінен үлгі алуымыз керек.

«Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз»

Н.Ә.Назарбаев

VІ. Үйге тапсырма: Жамбыл Жабаев жөніндегі ақын-жазушылардың  еңбектерін оқу.

VІІ. Бағалау: Жауаптарына қарай бағалау.

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

One Comment

  1. Жанна says:

    Керемет

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master