Ырыс-Сыр  /аңыз/

 харБатыс  Қазақстан  облысы

Ақжайық  ауданы                                                                        Шабдаржап ауылы                                                                                      Ибрашева Гулжамал Нығметқызы

Бастауыш  сынып мұғалімі                                                                       Харькин   орта жалпы білім беретін  мектебі

 Сабақ тақырыбы: Ырыс-Сыр  /аңыз/

Сабақ мақсаты:1.Аңызды түсініп оқып негізгі ойды анықтау.Сыр өңірі туралы түсінік  беру.

  1. Оқу ,талдау, шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушыны ізденуге, тілін дамытуға дағдыландыру.
  2. Аянбай еңбек етуге,жерінің,елінің байлығын дұрыс пайдалана  білуге  тәрбиелеу.

С/түрі: Жаңа сабақ

С/әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау,ой қозғау

С/көрнекілігі: Қазақстан картасы, тақта,интерактивті тақта,суреттер, бор..

Пәнаралық байланыс: дүниетану,қазақ тілі

С/барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі

3 топқа бөлініп отырады. /Сары,Қызыл, Жасыл /

II.Психологиялық  дайындық

1-слайд  Ағаштың   суреті

«Ең жақсы тілек»

Оқушылар 3 топқа бөлініп өздеріне берілген түстермен жапырақты бояп досына тілек жазып,плакатқа салынған ағаштың бұтағына  тілектер жазылған жапырақтарды жапсырады.

 

III.Үй тапсырмасы. Өлеңдерді жатқа  айту

1.Балқаш  көлге барайық. Өтебай  Тұрманжанов

2.Алакөл .Құрманбай  Толыбаев

3.Бурабай .Мағжан Жұмабаев

Бекіту:

1.Қазақстан көлдері: Балқаш көлі,Алақөл ,Бурабай  көлі,Зайсан көлі,Құсмұрын көлі,Теңіз көлі

2.Барайық,жүзейік,түзейік,лайық сияқты етістіктерді пайдаланып,Балқаш

туралы өлеңді жалғастырып жазу

3.Үй тапсырмасын қорыту.  /хормен  айту /

*Ұлтарақтай болса да,

Атақоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да,

Туып өскен ел қымбат.

С е р г і т у    с ә т і

 

2-слайд

IV.Қызығушылықты ояту

-Ырыс деген не?

3-слайд

-Құт,береке,байлық деген не?

Береке- мереке,қуаныш

Ырыс- молшылық

Құт- жақсылыққа  жету

Осы байлыққа,ырысқа,берекеге қандай сұрақ қоясыңдар?

Мысалы: Ырысқа қалай кенелесің?,Байлық не үшін керек ?, Құт деген не?

Байлықсыз  өмір  сүре аласың ба? ,Ырыста өмір сүргің келе ме?

Кімнің   сұрағы қызықты? Неліктен олай  ойлайсыңдар?

Кімнің сұрағы тосын?  Неге олай ойлайсыңдар?

-Осы ырыс қайда деп ойлайсыңдар ?

-Ырыстың қайда екенін білгілерің келсе, «Ырыс-Сыр» аңыз  әңгімені оқып біле

ламыз.  Олай болса, Дәптерімізді  ашамыз,күннің  жадын  жазамыз

V.Оқулықпен жұмыс

а) мәтінді  оқыту

б) мазмұнын сұрау

в)  сұрақ-жауап

*Ағайынды екі жігіт   неліктен  жаңа қоныс  іздеуге неге мәжбүр  болды ?

  * Сыр өңіріндегі  халық  тіршілігін  сипатта

Сипаттау  мәтін  д/з  не?

Сулы жер  мен  нулы  жерде,  Сырды жағалай  қоныстанған  халық егіншілікпен   айналысқан. Сырдың  сылдырап аққан  мөлдір суын ішіп, суға толы  балығын  жеп  мәнді –сәнді  өмір  сүрген. . Елдің ырысына айналған күріш аймақты  жұрты Сырдың бойын дарқандықтың, береке мен байлықтың иесі санаған, оны қадір тұтқан.

Картамен   жұмыс.  4-слайд

 1-топ .Қазіргі  сыр өңірі еліміздің  қай  облысы ?

Оңтүстік Қазақстанның  ірі  қалаларының  бірі  -Қызылорда қаласы

Сырдария  өзенінің  жағалауында  орналасқан. Жерінің  едәуір бөлігін  құм   басып  жатыр.  Климат  қысты  суық,жазда ыстық,аңызақ,құрғақ.Арал теңізі мен

Сырдария  өзенінде  балықтардың  түрі  өте көп.

 2-топ.Арнабай мен Ағыбай  қай жерлерде   өмір сүрген?  /Қарақұм  мен Қызылқұм /    Арал теңізінің  маңында  Қарақұм мен Қызыл  құмда  халық

сирек  қоныстанған

5-слайд.

  3-топ. Сыр өңірімен қандай  дәнді  дақылмен аты шыққан?  /күріш /

  Ыбырай Жақаев  туралы  не білесіңдер?

 

VI.Дәптермен  жұмыс .Жоспар

1.Ағыбай   мен Арнабайдың  айдаһарға  тап  болуы

2.Қарияның  кеңесі

3.Берекелі,ырысты жерге  жетуі

VII Дидактикалық  ойын:1. «Кім  тапқыр?»  /Сөйлемей қимылмен көрсетеді/

Бақыт іздеген жігіттер аршып-ашып  Сырға  жетіпті.Сырдың  суын мейірлене

ішіп қанып алған соң,ел іздейді. Сырды  жағалай  отырған  көп  ауылға келсе,

бұлар  егіншілердің ауылы екен.Олар  егіншілерге  қосылып,егін  салып, Сыр

суын ішіп  балығын  жеп  ,күнелтеді. Еткен  адал  еңбектері  өнімді  болып, ұзамай  әлгі  екеуі  малды,жанды  адамдарға  айналыпты  дейді.

6-слайд.  Портреттердің  ішінен  Ыбырай Жақаевты  табу керек

 

 

VIII.Ой  қозғау

1.Аңыздағы  жағымсыз  кейіпкерлер  қайсысы?  Олардың  әділетсіздігінен  қалай   құтылу керек  деп ойлайсыңдар?  «Ағыбай мен Арнабайды  қинаған айдаһардан

басқаларды  құтқару жолын  ойлап  тап!»

IХ. Сабақты бекіту.

1.Біздің  елімізде қай  облыстарда  бидай  егіледі?

Біздің елімізде көптеген облыстарда бидай егіліп жиналуда. Атап айтқанда Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Орал облыстарында бидай егіліп, өндіріледі. Біздің еліміз  өте бай. Осы байлығымызды Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі Елтаңбада  көрсеткен

2.Адамды байлыққа жеткізетін не?  / Туған жері, Отаны ,еңбек ету/

3.Мақал-мәтелдер  айту

 Қорытындылау :  Ырыс  деген сөздің мағынасын  қалай  түсінеміз?

 «Туған жер – ырыс» деген сөздің мағынасын  ашу. Жері бар болса да, екі жігіт еркін өмір сүре алмады. Ал бүгінгі егеменді еліміздің тіршілігі мен  бақыты еркіндікте.

*Біздің отанымыздң жері  қандай?

Біздің  еліміз  -Қазақстан  Республикасы  деп аталады. Қазақ  жері  ұлан байтақ

кең .2  миллион   700  мың  шаршы  километр аумақты  алып  жатыр.

Республикамыздың солтүстігі-қара  топырақты  дала. Бұл  өңірде  миллиондаған    гектар жерге  егін  егіліп  жыл сайын астықтан  мол өнім алады. Біздің  елімізде

қой,жылқы,сиыр,түйе  малы   өсіріледі.Өзен  бойлары  суармалы  егістікке

пайданылады.

Үй тапсырмасын  беру

1.61-62 бет оқу

1. Диалог сөйлемді  жазып келу

Оқушылар смайликтерді көтеру арқылы  бүгінгі сабақты бағалайды

 

1.Мәтіндегі өз басының еркіндігі жоқ адамдар кімдер?

2.Жас ұрпаққа ақылшы бейнесіндегі кейіпкер  кім?

3.Ақылшы қарияның  олар үшін  маңызды  сөздерін  (сөйлемдерді )тауып  оқу

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *