Географиялық қабық. Табиғат кешені

Байғазиев Жеңіс Қанатұлы

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Харькин орта жалпы білім беретін мектебі

Атқаратын қызметі: география пәнінің мұғалімі

І. Сабақтың тақырыбы: Географиялық қабық. Табиғат кешені

ІІ. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға географиялық қабық, оның құрамы, дүниежүзілік су айналымы туралы толық түсінік беру.

  1. Өткен сабақпен байланыстырып, өз ойын жеткізе алуға, басқалардың ой – пікірін тыңдай білуге үйрету.
  2. Табиғатты қорғай білуге, экологиялық ұстанымдарға тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақ түрі: жаңа материалды меңгерту.

Сабақ әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, деңгейлеп оқыту.

Сабақ көрнекілігі: д.ж.физикалық картасы, сызбалар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Үй тапсырмасын сұрау.

а) Қызығушылығын ояту.(сұрақ – жауап)

  • Гидросфераға нелер жатады?
  • Судың маңызы қандай?
  • Суды сақтау үшін қандай шаралар жүргіземіз?
  • Қазақстан жеріндегі су қорлары?

б) «Гидросфера» ұғымы туралы мағынаны тану.

в) «Зерттеушілер» бөлімі.(Солтүстік мұзды мұхит)

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

а) «Кім шапшаң» бөлімі. Өткен сабақпен байланыстыру.

  • Тынық мұхитының ауданы? (178,7 млн км2)
  • Атлант мұхитында ең үлкен жылы ағыс?
  • Үнді мұхитының ең терең жері? (Зонд (Ява)7729 м)
  • Атлант мұхитындағы аралдар?

Географиялық қабық дегеніміз – литосфералық жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланыстары.

Табиғат кешені – табиғат компоненттерінен тұрады. Табиғат компоненттеріне – су, топырақ, ауа, жануар, өсімдік жамылғылары жатады.

Географиялық қабықтың құрылысы мен дамуында өзіндік заңдылықтар бар.

І. Тұтастығы

ІІ. Зат және энергия айналымы

ІІІ. Ырғақтылығы

а) Георгафиялық қабықтың тұтастығы оның құрамдас бөліктерінің өзара байланыстығы және олардың бір – біріне тәуелді болуы.

б) Географиялық қабықтағы компоненттердің өзара байланысы тоқтаусыз жүретін зат және энергия айналымы нәтижесінде жүзеге асады.

в) Айналымның бірнеше түрі бар: атмосферадағы ауа айналымы, су айналымы.

Дүние жүзілік су айналымы туралы түсінік

г) Географиялық қабықтағы ырғақты құбылыстардың жүруі түрлі себептерге байланысты.

Жердің өз білігінен айналуы тәуліктік ырғақтылық себепші болады.

Жердің күнді айналуы табиғаттағы жыл ішіндегі ырғақтылық туғызады.

д) Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кешендері – материктер мен мұхиттар.

з) Алып жатқан ауданы әр түрлі аумақтық табиғат кешендеріне жіктеледі.

е) қазіргі кезде адам әрекетінің нәтижесінде күшті өзгеріске ұшыраған табиғат кешендерін антропогендік табиғат кешендері деп атайды.

  1. «Ой толғаныс»

1) Су табиғатта қандай күйде кездеседі?

2) Жер шарындағы тұщы су қоры?

3) Дүниежүзілік су айналымының маңызы?

4) Судың да сұрауы бар

5)Д.ж. су айналымы нешеге бөлінеді?

  1. Жаңа сабақты пысықтау./Сұрақ-жауап,талдау арқылы/

1) Ең ірі табиғат кешеніне не жатады?

2) Бізде кездесетін табиғат кешендер?

3) Аймақтық табиғат кешені?

4) Табиғи – антропогендік кешеннің антропогендік кешеннен ерекшелігі?

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру.Географиялық қабық тақырыбын оқып,түсінік айту.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master