Кесте тігу (айқас, тізбек)

теАида Серікқызы Шоңбаева

Технология пәнінің мұғалімі

№4 С.Сейфуллин атындағы орта мектеп

Кесте тігу (айқас, тізбек)

5 сынып

 Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:окушыларды көркемдеп кестелеумен таныстыру, кестелеу сәндік-қолданбалы өнердің бір бөлігін, еркін кестелеуді орындау үшін қажет білімді, талаптарды, қабілетті қалыптастыру;

Дамытушылық мақсаты: кестенің түрлерін, кестенің қолданылуы мен өңделуін білуде өнерге қызығушылығын арттыру,өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: айқаспа кестелеуді орындау арқылы әсемдікке, ісмерлікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, сарамандық.

Сабақтың көрнекілігі: дайын бұйымдар, кесте кітабы, слайд.

Пәнаралық байланысы: тарих, математика, бейнелеу.

САБАҚ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу,сабаққа дайындықтарын тексеру,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1 Қауіпсіздік ережелерін айтып беріңдер.

2 Қандай қол тігістерінің түрлерін білесіңдер?

3 Қол жұмыстарын орындауда қойылатын талаптар қандай?

4 Қол жұмыстарын орындауға арналған құрылғы аспаптарға не жатады?

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі.

Қолданбала өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі. Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл-күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұранысының өсуі бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі.

Кергіштер – кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластмассадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Оларды таңдау жасалған материалдарға байланысты.Егер бұйым көлемі кіші болса,онда пластмассадан жасалған бұрандалы кергіш қолданған ыңғайлы.Қалың,тығыз маталар үшін ағаштан жасалған дұрыс.

Төртбұрышты кергіштер  үлкен көлемді (дастарқан),бұйымдарды кестелеу үш ін қолданылады.

Инелер-мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады.

Қайшылар.Жіптің ұшын қию үшін қайқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады.

Жіптер.Кестелеу үшін табиғи,жасанды,синтетикалық және аралас жіптер,ирис,мулине т.б жіп түрлерін қолданылады.Жіптің берік қанық болуы қажет.Оны ыстық суға малып тексереді.Суға немесе бояуы шығатын жіп қолданылмайды.

Калька-бұл мөлдір ақ қағаз.Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады.Ал калькадан суретті матаға көшіру үшін көшіргіш қағаз (копировальная бумага) қолданылады.Өрнекті құрастыру үшін миллеметрлік қағаз қолданылады.

Кестелеуге арналған материалдар канва, тегіс боялған мата.

Айқастыра кестелеу – бұл ортасынан кесе басып айқасатын тігіс. Айқастыра кестелеу  1) тоқыма матадан;  2) канвада орындалады.

Айқастыра кестелеу техникасы кестелеу әдісіне байланысты:

  • Көлденең
  • Тігінен

Кестелеу технологиясы бірнеше кезеңнен тұрады:

  1. Матаны дайындау

Жуылған, үтіктелген матаның кесігін тегістеу. Бұл үшін матаның шеткі жібін суырып алып, бұйымның ені мен ұзындығын белгілеу.

Мата кесігін торлау

 

  1. Суретті белгілеу

1.Кестені бұйымның ортасына немесе бір бұрышына орналастырамыз.

Белгілеу әдістері:

  • матаны төрт қабаттап бүктеп, үтікпен бүкпесін белгілейміз;
  • «инені алға қарай» шаншып отырып, өзекті сызықтарды жүргіземіз;
  • өзекті сызықтарды сызғыш бойынша қаламмен белгілейміз.
  1. Суретті матаға көшіреміз

ІҮ Сарамандық жұмыс

Қауіпсіздік ережесі

Жұмыс алдында әр оқушы қауіпсіз жұмыс тәсілін үйренуі қажет.

  • Инені киімге қыстыруға болмайды.
  • Қайшының жүзін жауып, ұшын жұмыс істеушіден қарама-қарсы жаққа қаратып қою керек.
  • Майысқан тот басқан ине, түйреуіштерді қолданбау керек.
  • Инені жіпсіз тастауға болмайды.
  • Электр құралдарын бақылаусыз қалдыруға болмайды, жұмыс біткенде оларды желіден ажырату қажет

Ү Жаңа сабақты бекіту.

1.Қайшымен жұмыс істегенде қажетті техникалық қауіпсіздік ережесін ата?

2.Қандай маталар кестелеуге жарайды?

3.Кестеге қандай инелер қолданылады?

4.Кестенің тарихы қандай?

5.Кестелі бұйымдарға нелер жатады?

ҮІ Сабақты қорыту. Қорыта келгенде, біз кестелеудің түрлерімен , тігілу жолдарын үйрендік,  енді өз беттеріңізбен тіге аласыздар.

ҮІІ Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, кемшіліктері болса айтып түсіндіремін,

оқушыларды бағалаймын

ҮІІІ  Үйге тапсырма. Мәтінді оқу, жұмысты жалғастыру.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment